Статистика блога
196
Записей
2537
Обращений
106477
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Н. Назарбаев

Қостанай облысында қасиетті және қадірлі жерлер өте көп, олар: кесенелер, батырлардың бейіттері, бірегей табиғи ландшафтар, мешіттер және шіркеулер...

Бұл ауыл,  дәлме-дәл қазақ-орыс шекарасында орналасқан. Өзінің дүниеге келуімен Елизавета патшаханымға  міндетті, ал Ресейдің соңғы патшасы Николай Екінші өзінің күнделігінде, ол туралы  еске алып жазған. Қазіргі кезде мұнда қайда қарасаң да - тарихи жерлер. Әңгіме Ұзынкөл ауданындағы Пресногорьковка кенті жайлы болып отыр.  

Пресногорьковка кентінің ортасында Әулие – Никольский шіркеуі орналасты. Қостанай облысындағы ең көне шіркеуі -  Пресногорьковкада. Оның ірге тасы 1766 жылы қаланды. Тек қана 1792 жылы ғибадатхананы аластап, құрылысты аяқтады.

Алдымен ащы көл жағасында өсетін,  Қызыл орман  қарағайынан ағаш шіркеуін орнатты, бірақ ол 1798 жылы жанып кетті. Содан соң тас шіркеуі орнатылатын туралы шешім қабылданды.

Төрт жылдың ішінде Пресногорьковкада осы жергілік үшін орасан зор сәулет құрылысы тұрғызылды.  Ғимарат ең биік және құрғақ жерде салынды. Тас шіркеуі екі бөліктен тұрған: жазғы және қысқы – Әулие Николай  және Казан Құдай Анасына атына.

Осының бәрін де тәжірибелі, жергілікті шеберлер салды:  олар  Батыс Сібір шіркеулерінің құрылысына  қатысты, Исети өзені жағалайы бойынша орналасқан. Сондықтан олар құрылысқа украин, орта орыс және солтүстік орыс сарыны енгізді, ол Сибирское барокко  - жаңа сәулет стиліне құрылды.

Құрылысқа христиан шіркеуіндегі діни қауымның мүшелері  де өз еркімен қатысқан. Ізбесті және кірпішті отқа күйдірту үшін көп отын қажет болған, сол үшін ауыл төңірегіндегі орманды кесіп, отынды бекініске жеткізген. Кірпішті жергілікті шикізаттан істеген, ал ірге тасқа арналған  тасты жүз километр жерден әкелген. Бұл құрылыста ерекше ерітіндімен пайдаланған - алебастр  мен  жұмыртқа ақуыз қосуымен.   

Кеңес Одағы уақытында шіркеу мықтылыққа сынақтан өтті. 1938 жылы қойма ретінде пайдаланды – шіркеудің іші күмбезге дейін астыққа толы болды.

1950- ші жылдары шіркеу мұнарасынан айырылды.   Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан мұра: қолмен шіркеуді бұзуға болмайды. Ал шіркеудің қабырғалары техникаға да, келмеді. Сосын мұнда клуб орналасты, содан соң кітапхана, ал 1957 жылдан бастап шіркеу өрт сөндіру бөлімі ретінде пайдаланды.     

Тоқсаныншы жылдары шіркеуді қалпына келтіре бастады. Қайта өркендеуленген ғибадатханада 1992 жылдың қаңтар айында  бірінші балгерлік шоқындыруы өтті.  

 

                                                             

   В.М. Чурикова,  Денисов тарихи-өлкетану    

                                                                                   мұражайының  экскурсоводы

Отправить письмом