Блог статистикасы
196
Жазбалар
2679
Өтініштер
128832
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ХҚКО


«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен мемкорпорацияның 2 жылдық қызметін қорытындылауға арналған жиында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.

А.Оспанов атап өткендей, үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып шамамен жарты миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 880 жаттықтырушыны арнайы дайындықтан өткізіп, сертификаттар табысталды. Аталмыш оқыту курстары қала, аудан, ауыл халқына бірдей қолжетімді болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға  шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген 2 628 жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері  «Connection Point» арқылы 4,5 млн.-нан аса кеңес беріліп, 4 млн. қазақстандық өздігімен қызмет алған.

«Сонымен қатар биыл еліміздің барлық облыс орталықтарында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба пилотты негізде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы. 2018 жылдың 4 айында аталмыш сыныптарда 3,6 мың адам білімін жетілдірді», - деді А.Оспанов.

Сонымен қатар адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 10 мыңнан аса студент цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды.Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады


Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апта соңына дейін қазақстандықтарға жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым салу мүмкіндігі болатындығын айтты. Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлескен жұмыс  жүргізіліп жатыр.

«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық.Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», - деп түсіндірді Оспанов.

Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Осы аптаның соңына дейін алғашқы кезеңде электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы іске қосылады. Әрбір портал қолданушылары осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функицясын тек жеке кабинет арқылы ғана жасауға болады.

Екінші кезең – жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисті іске қосу. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізген кезде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмыскері қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.

Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.


Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсімі жеңілдетіледі

Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі жуық арада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқартуға, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, бүгінгі таңда азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылатын болады.

Нотариалды куәландырылмаған шарттар мен құқықтарды тіркеу бойынша қызметті алу тәртібі де өзгереді. Қазір қызмет алушы алдымен Әділет министрлігінің жергілікті бөлімшесіне барып, нотариалды куәландырылмаған шарттар бойынша қызметті алады, сосын корпорацияның фронт-офисіне барып, құқықтарды тіркеу үшін құжаттарды тапсырады. Функциялар мемкорпорацияға өткенде, азаматтар ХҚО-ға келіп, екі қызметті бір өтініш бойынша ала алады.

Сондай-ақ мәліметтерде қателіктер мен ақаулар кездесіп, ақпараттық жүйеге түзету енгізу керек болса, қызмет алушы Әділет министрлігінің бөлімшесіне бармай-ақ, сол жерде ХҚО операторының көмегімен жөндей алады.


Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

03 және 17 мамыр күндері Мобильді ХҚКО Комаров ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның мүмкіндігі шектеулі  тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  жұртшылықпен есептік кездесу өткізді.

Астана қаласының Есіл ауданының әкімдігінде мемлекеттік корпорацияның басшылығы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді, онда мемлекеттік корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттік қызметті кедергісіз көрсету арналары туралы баяндады.

"Азаматтарға арналған үкімет"  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, біз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін жаңа пилоттық жобаларды үнемі енгізіп отырамыз», - деді Балташева.

Осылайша, мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде пандустар, қоңырау шалу түймелері, Брайльдегі тактикалық белгілер және мүгедектерге арналған жеңілдік терезелері, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгілеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектері 1414 біріңғай байланыс орталықтарына (тегін қоңырау) өтініш беру  арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттік корпорация қызметкерлері үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабілетінен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы»  жобасы іске қосылды, білікті ымдау тілінің сарапшысы арнайы резервтік монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда бұл қызмет түрін 625 мың есту және сөйлеу қабілетінен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзімізге дәйек болсын, қазіргі уақытта Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 475 адам жұмыс істейді.


Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл  қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы  тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.

Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

05 және 12 сәуір күндері Мобильді ХҚКО Заәйет ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар. 


Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының  тұрғындарына ұсынылады.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен  толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.



Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында нәзік жандыларға қатысты статистикалық көрсеткішке көз жүгіртуді ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгінген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетеді. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгінеді. Оның жартысынан көбі әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзім ішінде берілген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екі миллионнан астамы қыз-келіншектерге тиесілі.

Автоәлемге қатысты көрсеткіштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берілген жүргізуші куәлігінің 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншісінде. Ал 337 мыңға жуық нәзік жанды көлік құралына құқықтарын тіркеген.

Қазіргі таңда елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818  әйел зейнетақы алып отыр.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

06 және 13 наурыз күндері Мобильді ХҚКО Әйет ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.  


Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

«Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», - деді А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз кезегінде министрліктің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік. Бір жылдың ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгізілді. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», - деді министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттік қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың ішінде  «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free»  сервисі де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғалар электрондық үкімет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда іске қосылған бала туу бойынша проактивті қызмет желісімен де бөлісті. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттік қызметтерді телефон арқылы алу ұсынысымен  SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланған. Проактивті мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тіпті үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлік пен тиісті жәрдемақыларды рәсімдеуге, сәбиді балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегімен тұрғылықты жерге тіркеу қызметі де іске қосылады.

«Биыл біз жылжымайтын мүлік иесінің мәліметтерінің өзгеруіне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік төленуіне, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу мен атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету барысын да проактивті тәсілге көшіреміз», - деді А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазіргі таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылы мемлекеттік корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды. 


Алкоголь өнімдерінің саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейін кәсіпкерлер үшін алкогольдік өнімдерді сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді.

Қазір кәсіпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкімет порталында мәліметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеп, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткілікті. Ал өзге де қажетті мәліметтерді мемлекеттік органавтоматты түрде тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткізу мерзімі он бес жұмыс күнінен бір күнге дейін қысқарады. Ал этил спирті мен темекі өнімдерін шығару лицензиясын алу мерзімі он бес күннен он жұмыс күніне дейін шегеріледі.

Еске сала кетейік, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдік өнімдерді сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК, ауылдық елді-мекендерде – 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсімдеу - лицензия  берілгендегі төлемнің 10%, көшірмесін жасату - 100% құрайды.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

02 және 09 ақпан күндері Мобильді ХҚКО Аршалы ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.  


Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды 

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады.  Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болады.

15 қаңтардан бастап іске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргізушілер мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс. 

2014 жылдан бастап автокөлік иелері ел арасында «айна нөмір» деп аталатын симметриялық нөмірлерді сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізген еді. Енді азаматтар ақылы түрде сандар мен әріптерді өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тілек білдірушілер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмірлерге 5 700% АЕК көлемінде төлейді, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әріптердің де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны - 11 400% АЕК.2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмір сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмірлік белгісі базада болмаса, онда қажетті мемлекеттік алымды төлеп, мамандандырылған ХҚО арқылы тапсырыс беруге болады. 


Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.

Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртіпте іске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары көрсетеді. Нәтижесінде, көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер де «бір терезе» принципі бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Иманов көшесінде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Астанада жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.

Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстанда «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін 446 мыңнан астам шетелдік азамат пайдаланған.

Астанадағы цифрлық ХҚКО да былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап тестілік тәртіпте жұмыс істеуде. Digital ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, бұл процеске операторлар қатыспайды. Барлық компьютерде орнатылған зияткерлік көмекшілер мемлекеттік қызметті өз бетінше алып жатқан азаматтар үшін айти-кеңесші рөлін атқарады. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-да азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтініштер береді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнінде бекітілген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкімет порталын пайдалану жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізуге үйретеді. Бір сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады.



ПРЕСС-РЕЛИЗ

2018 жылғы 4 қаңтар                                                                                                       Астана қ.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті.

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивті принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерге проактивті тәсілмен қол жеткізу үшін азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін порталдағы жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне бекітуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

тел. 8 7172 647 920


Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Қазіргі таңда бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Бүгіннен бастап проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс»,- деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Еске сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көретуді проактивті тәсілге көшіру үрдісін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.

Анықтама ретінде: осы уақытқа Қазақстан бойынша бала туған 192 анаға мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен смс хабарламасы жіберілді.


Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсімін өткізді. 

«Саяси жігерлігі үшін» номинациясы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын жетілдіріп, сапасын көтергені және кері байланысты қамтамасыз еткені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл - марапат күн сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тер төгіп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердің еңбегі, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлі зор.

«Мемлекеттік корпорациясын құру - Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бірі. Және бұл марапат мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық және барынша қолжетімді ету жолында «Азаматтарға арналған үкімет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді», - деді Оспанов.


Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еркін алуына ерекше назар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейді, олар әкімдіктердің өтінімдері бойынша елді мекендерге шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлімшелері арқылы танымал мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы - азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін ыңғайлылыққа арналған тағы бір қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы тестілеуден өтті, нәтижесінде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешім қабылданды. «Пилоттық жобаны тестілеуде ШҚО почта байланысы бөлімшелерінде 233 құжат берілген. Одан бөлек, біздің жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, оң бағалар берілгендіктен, біз оны еліміздің барлық аумағында жүргізуді шештік. Қазіргі таңда шалғай елді мекендердің тұрғындары почта байланысы бөлімшелері арқылы 1656 корпорация қызметін ала алады. Демек, енді бұл қызметтерді алу үшін, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», – деді Оспанов.

«Біз ауыл тұрғындарын тек почта қызметімен емес, сонымен қатар әр түрлі банк қызметтерімен, әрине, оның ішінде ХҚКО қызметімен де қамтамасыз ететін боламыз. Өйткені ауылда көбіне почта байланысы бөлімшелері ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО инспекторы қызметті ресімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

05 және 19 қыркүйек күндері Мобильді ХҚКО Перелески ауылдық округіне.

          Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.

Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

01 және 16 тамыз күндері Мобильді ХҚКО Красноармейск ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.


Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді

пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесібарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджерімізөздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттік корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы37 фронт-офистерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.

Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тізімін www.gov4c.kz сайтынан алуға болады. 


Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті

3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана            № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-... алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні-«Е-ХҚКО» бірыңғай қызметкөрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады»,-дейді Оспанов.

Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оныңішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу, 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызметстандартына сәйкес,қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде,бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінінайта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

2.Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

3.Сандықтау аудандық бөлімі-Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

4. Зеренді аудандық бөлімі-Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлімі-Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.

6. Алакөл аудандық бөлімі- Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.

7. Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлімі –Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41

9. Еңбекші аудандық бөлімі- Есік қ., Абай к-сі, 314 А

10. Есіл аудандық бөлімі- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17

11. Іле аудандық бөлімі- Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23

12. Қаратал аудандық бөлімі –Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

13. Кербұлақ аудандық бөлімі-Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В

14. Панфилов аудандық бөлімі-Жаркент қ.,Головацкий к-сі, 51Б

15. Райымбек аудандық бөлімі-Кеген а.,Момышұлы к-сі, н/з

16. Сарқан аудандық бөлімі-Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44

17. Талғар аудандық бөлімі– Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А

18. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы –Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

19.Ұйғыр аудандық бөлімі-Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлімі-Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлімі-Белинский к-сі, 37А

22. Абай аудандық бөлімі –Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12

23. Бородулиха аудандық бөлімі –Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25

24. Зырянаудандық бөлімі- Зырян қ. Стахановская к-сі, 39

25. Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

26.Бөкейорда аудандық бөлімі –Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

27. Сырым аудандық бөлімі- Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

28.Қарағанды қ. № 2 бөлімі-Чкалов к-сі, 7

29. Қарағанды қ. № 4 бөлімі–Архитектура көш., 8

30.Балқаш қ. бөлімі-Бөкейхан к-сі, 20А

31.Қаражал қ. бөлімі-Ленин к-сі, 18

32. Қарқаралы аудандық бөлімі-Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21

33. Нұра аудандық бөлімі- Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2

34. Осакаров аудандық № 1 бөлімі– Осақаров к., Пристанционная  к-сі,12

35.Саран қ. бөлімі-Жамбыл к-сі, 85/3

36.Шахтинск қ.№1 бөлімі -  Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. № 1 бөлімі- Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

38.Отдел Мунайлинского района -с.Мангистау,  24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

39. Ертіс аудандық бөлімі- Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14

40. Качир аудандық бөлімі- Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А

41. Павлодар аудандық бөлімі- Павлодар қ., Толстой к-сі, 10

42. Успен аудандық бөлімі- Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30

43. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114

44.Павлодар қ. № 2 бөлімі–Исиналиев к-сі, 24

45. Ақсу қ. бөлімі –Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

46.Петропавл  қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72


«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қызметкерлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  негізінде аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер ашылған  ағымдағы шотқа аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аудару тиіс:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

            Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған: 

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

03 және 26 шілде күндері Мобильді ХҚКО Аршалы ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.


1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға  өседі.  Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.

Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі.    2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері       20% - ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың          1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал  зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады.

 Зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледі. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде  1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  20%-ға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе  86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жұмыс берушілерге Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны туралы ескертеміз. Азаматтарға арналған үкімет МӘМС шеңберінде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған. Аудару үшін деректемелер:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.


ХҚКО-ның «Барлығын көретін көзі» онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттікқызметтердіңсапасынбақылайды

Ахуалдық орталық және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын үздіксіз бақылап отырады.

Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмдерді әзірледі.

Заманауи және әрекетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығының жиырма жұмыскері еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылай отырып, әрдайым халыққа қызмет көрсету орталықтарына бейнебақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сонымен қатар ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық аймақтарға қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО-лардың жұмысын бақылап, нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүріс бағдарын анықтайды.

«Орталық мамандары нақты уақыт режимінде таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін фронт-офистің барлық іс-шараларына бақылау жүргізеді және, қажет болған жағдайда, филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел түрде қызметкерлермен  хабарласаалады. Мысалы, егер азаматқа қызмет сапасыз көрсетілген болса, ХҚКО-да тұрып-ақ 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалуына болады, ахуалдық орталықтың мамандары қоңырау шалушыны камера арқылы анықтайды және оны көзбен егжей-тегжейлі бақылай отырып, жедел түрде шағымның мән-жайын анықтап қана қоймай,  қызметтің соңғы нәтижеге дейін жетуін қадағалап, себептерін жою үшін шаралар қабылдайды. Соңғы қайта құрылымдау барысында орталықтың маңыздылығын ескере отырып, біз ахуалдық орталық жұмыскерлерінің санын 20 адамға дейін арттырдық, ал қазір жер кадастры бөлімдерін және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталықтарын бейнебақылауға қоса отырып, ахуалдық орталықты жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Әсемгүл  Балташева.

Егер адам мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде оған дұрыс кеңес берілмеді немесе кезек күту уақыты қажетті уақыттан асып кетті, немесе мемлекеттік корпорацияның жұмыскерідөрекілік көрсетті деп санаса, ол 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

«Негізсіз бас тартулар, қызметкерлердің дөрекілік көрсетуі немесе қызметтің ұзақ уақыт көрсетілуі бойынша барлық мәселелердіахуалдық орталық арқылы тез шешуге болады. Біз мәселені тез арада шешу үшін шаралар қабылдаймыз және бізге келушілер алдағы уақытта қызметті жылдам және сапалы түрде алатын болады. «Кері байланыс» үшін біз әрдайым дайынбыз  және көрсетілетін қызметтерді алуға келген адамдарға қуана көмек көрсетеміз және өзіміздің жұмысымыздың әлсіз жақтарын түсініп, түзетуге тырысамыз, - деді Әсемгүл Балташева.

«Мысалы, жақында көрсетілген қызмет үшін берілген төмен бағаға ренжіген Талдықорған ХҚКО инспекторыклиентке дөрекілік танытып, оған одан әрі қызмет беруден бас тартқан. Байланыс орталығына шағым түсіп, ахуалдық орталықтың қызметкерлері дереужағдайдың мән-жайын түсініп, әйел азаматқа толық көлемде қызмет көрсетілуін қадағалады. Әрине, кінәлі қызметкер тәртіптік жазаға тартылды», - деп қосты Әсемгүл Серікқызы.

1414 Бірыңғай байланыс орталығы – бұл қызмет сапасына шағымданудың жалғыз жолы емес. Www.facebook.com/gos.corporation және www.instagram.com/gos_corp әлеуметтік желілерінде «Азаматтарға арналған үкімет» ресми аккаунттары арқылы қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша түскен әрбір шағымға қатысты әр фактіге шұғыл түрде тексеріс жүргізіледі және шағымданған пайдаланушыларға орын алған жағдай бойынша егжей-тегжейлі жауап ұсынылады. Шағымдар мен өтініштер «Азаматтарға арналған үкіметке» Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында Басқарма төрағасының блогы арқылы да түседі, ондағы бір де бір құжат қараусыз қалдырылмайды.

Сонымен қатар ХҚКО-ларға апта сайын ешбір ескертусіз қарапайым қызмет алушылар кейпінде «жасырын сатып алушылар» келіп тұрады. Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мұндай тексерістер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы «осал жерлерді» анықтауға көмектеседі, ол келешекте ХҚКО инспекторларын оқытуға мүмкінді береді. «Жасырын сатып алушылар» ХҚКО-ларға келген кезде барлық кемшіліктерді тіркеп, ол бойынша егжей-тегжейлі есеп дайындайды, оның негізінде біз фронт-офистердің басшыларына ұсынымдар береміз. Мысалы, кеңес беру кезінде мамандар қандай да бір қызметті көрсету бойынша ақпарат бере алмаса,  менторлар жұмыскерлерге жұмыс орындарында оқыту сабақтарын жүргізеді», - дейді Балташева.

Менторлық институт халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. МенторларғаХҚКО жұмыскерлерінің ішінен  үздіктері таңдалады. Әдетте, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі олардың еңбек жолдары қарапайым өтініштерді беруден басталады, одан кейін жұмыс тәжірибесі мен өтілі арта келе, осы қызметкерлер өз әріптестерін оқыта алатын болады. Бүгінгі күні ХҚКО департаменттерінде 44 ментор жұмыс істейді және жақын арада олардың саны айтарлықтай ұлғаятын болады.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

15 және 22 маусым күндері Мобильді ХҚКО Архангельск ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.


МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

            Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған: 

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;


Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойынша миллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді – ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» - деді ол.

Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Семейде, ал баланы Риддерде босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Риддердегі перинаталдық орталықта ресімдей алады.

Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.


Қостанайлықтар өз әлеуметтік мәртебесін ХҚКО-да біле алады

2017 жылғы 05 сәуірден  Қазақстанда «Өз әлеуметтік мәртебесі мен ұйымға тіркелу біл» шарасы басталды. Тіркеме науқаны барысында әрбір азаматы ғана емес, бастапқы медициналық көмек ұйымға тиесілі фактісін тексеру керек, сондай-ақ оның санатын мәлімдеуге. Сіз кімсіз - қызметкер, жеке кәсіпкер, ресми кірістер жоқ өзін-өзі қамтушы азамат  немесе еш жерде тіркелген емес жұмыссыз?

Бұдан бұрын, ағымдағы жылғы 20 мен 28 сәуір аралығында ХҚКО фронт-офис ғимаратында Таран көшесі, 114 мекенжайы бойынша «Өз әлеуметтік мәртебесі мен ұйымға тіркелу біл» акциясы өткізілді.

Осы акция аясында Қостанай қ. №1 Емханасы КМК медицина қызметкерлері  арнайы медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен   тұрғындарға кеңес және қажетті сараптама және антропометриялық өлшеулер жүргізді.

Сонымен қатар барлық келушілерге мәліметтер мәртебесі туралы ұйымдастыру және бекітуден басқа да мәліметтер: бойын өлшеу, салмағын, қан қысымының деңгейі мен қандағы глюкоза өлшеуі ұсынылды.

Айта кетейік, өзінің әлеуметтік мәртебесі туралы 665 адам мәліметтерді алды: оның ішінде  81- жеке кәсіпкерлер, 269-қызметкерлер, 22-өнімсіз қызметкерлер, 126-жұмыссыздар , 167-зейнеткерлер, мүгедектер және басқа да өкілдері әлеуметтік осал санаттары.

Бүгінгі күні қостанайлықтар мен қала қонақтары ХҚКО-ның кез келген фронт-офистегі өзі -өзіне қызмет немесе қоғамдық қолжетімділік пункте өз әлеуметтік мәртебесін мына мекенжайлар бойынша хабарласып  біле алады:

1) Қостанай қ. Тәуелсіздік д., 114;

2) Қостанай қ. Гашек к-сі,14;

3) Қостанай қ.Курганский к-сі,31;

4) Қостанай қ. Баймағамбетов к-сі,195;

5) Қостанай қ. Карбышев к-сі, 12/10 


Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

2017 жылғы 01 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар  Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен. 


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

12 және 19 мамыр күндері Мобильді ХҚКО Комаров ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.


Қазақстанда апостиль қойылған сотталмағандығы туралы

анықтаманыберу мерзімі қысқартылды

Соттылығының бары немесе жоғы туралы анықтама беру мерзімібүгінгі күннен бастап қазақстандықтар үшін 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Композиттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып, іске қосты.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарматөрағасы Абылайхан Оспановтың айтуы бойынша, бұл пилоттық жоба шетелге шығуға сотталмағандығы туралы апостиль қойылған анықтама қажет болғанқызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған. «Бұрын азамат соттылығының бары немесе жоғы туралы апостиль қойылған анықтама алу үшін ХҚКО-ға екі мәртебаратын еді. Бастапқыда- сотталмағандығы туралы анықтама алу үшін,  мұны күтуге 5 жұмыс күні кететін, одан кейін - апостиль қойғызу үшін, оны әзірлеу мерзімі күнтізбелік 17 күнді құрайтын. Осының барлығынашамамен 22 жұмыс күні кететін. Қазіргікезде азамат апостиль мөртабаны қойғызылған, сотталмағандығы туралы анықтама алуға бір өтініш береді, ал осы қызметті көрсету мерзімі сегіз жұмыс күніне дейін қысқартылды»,- дедіА.Оспанов.

Композиттік қызметті алу үшін азаматжеке басын куәландыратын құжатты (немесе клиенттің мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде- нотариалды куәландырылған сенімхат), мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті ұсынуы, сонымен бірге ХҚКО-да өтінішті толтыруы тиіс.

Халықаралық талаптарға сәйкес апостильмөртабаны қойылған, соттылығының бары немесе жоғы туралы қағаз нысанындағы анықтама мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі болып табылады. 


Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақанықтама алуға болады

Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтерді алуды едәуір жеңілдететін болады. «Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейді, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзімен бірге алып жүрмейді, сондай-ақ бір анықтама алу үшін ХҚКО-ға бару барлығына бірдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметті бір реттік парольдің көмегімен алу-  жағдайдан шығудың тамашы бір жолы болып табылады. Бір реттік парольді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады.Осылайша, жақында ЭЦҚ-ғабайланыстырмай-ақ өзге демемлекеттік қызметтерді алуға болады»,- дедіА.Оспанов.

Айтпақшы, бір реттік парольді алу үшін азаматтарэлектрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасына тіркеле алады.

Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, пилоттық режимде іске асырылды. Қазіргі кезде басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процестерін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.


Парламент Сенатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында болды

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында мемлекеттік корпорацияның жұмысы, жыл қорытындысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Кездесу барысында сенаторларға «100 нақты қадам» - ұлт жоспарының жүзінші қадамының іске асырылуы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, әлеуметтік төлемдерді есептеу және жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бағытындағы объектілерін таныстырып көрсетті.

 Бұл жұмыс сапары Целиноград ауданы Акмол ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінен басталды. Мұнда азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өз беттерінше мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болатын «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы қонақтардың аса назарында болды. Астана қаласы бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде сенаторларды мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің  және жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік деректер базасының жұмысымен таныстырды. Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есптеу орталығына барған кезде сенат депутаттарына құжат қабылданған сәттен бастап істің электрондық макетін қалыптастырғанға дейінгі әлеуметтік түсімдердің есептелуі барысы таныстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» өз жұмысын 2016 жылдың сәуір айында бастаған. Жаңа мемлекеттік корпорация құрамына жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» - төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорын енді. Бір жыл ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» 37 млн. мемлекеттік қызметті көрсетіп үлгерді.

Алдағы уақыттағы міндеттер қатарында мемлекеттік корпорацияның азамат-мемлекет қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуына мүміндік беретін 2.0 трансформациясын енгізу кезеңі тұр, ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қарапайымдылық, қолжетімділік, сапа және жайлылық принциптеріне бағытталған.


АстанадаСауранкөшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКОтүнортасына дейінжұмысістейтінболады

Үкіметклиенттергеыңғайлыболу үшіназаматтарға арналған арнайы жаңапилоттықжобаныіскеқосты. Ендібіркүнішіндемемлекеттікқызметалыпүлгермегенастаналықтар, оны жұмыс күндерітаңғысағат 8.00-ден түнортасынадейінжәнесенбікүнітаңғысағат 8.00-ден 20.00-ге дейін ала алады.

«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясы» КЕ АҚ БасқарматөрағасыАблайханОспановтыңайтуынша,пилоттықжобаәзірге тек Сауран, 7 мекенжайында орналасқанастаналық ХҚКО-да іскеасырылды. «Астана қаласыныңтұрғындары мен қонақтарыбұл ХҚКО-да мемлекеттікқызметтердітанғысағат 8-ден түн ортасына дейін ала алады. Соныменқатарбасқа ХҚКО-ғабарып, белгілі бірқызметкеқұжаттарынтапсырып, нәтижесін алуғаүлгермегеназаматтар оныСауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 24.00-ге дейіналуларына болады. Пилоттық жоба 2 айға жалғасады. Түнгі уақытта бұл ХҚКО-ға келушілер саны артқан жағдайда, біз Алматы қаласында және Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай жұмыс кестесімен ХҚКО-ларды ашу нұсқасын қарастырамыз», - деді ол.

Оспанов, егер азамат басқа ХҚКО-ға барып, қызметтерді ресімдеген жағдайда, Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да дайын қызметті алуына болатын екі нұсқаның барын атап өтті. Бірінші жағдайда, азамат құжаттарын ресімдеу барысында-ақ ХҚКО инспекторына қызметтерді түнгі уақытта жұмыс істейтін ХҚКО-да алатынын айтады. Екінші жағдайда, ол 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, дайын нәтижені Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да алуға өтініш қалдырады, бұл ретте операторға қолхат нөмірін қосымша айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Үкіметтің мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге бағытталған бірінші жобасы емес. Мемлекеттік корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған клиенттерге қызмет көрсету үшін онлайн сурдоаударма қызметін, дайын құжаттарды үйге жеткізу жаңа сервисін іске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесі туралы смс-хабарлама түсіп тұрады.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

13 және 21 сәуір күндері Мобильді ХҚКО Перелески ауылы әкімінің аппаратына. Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.  


Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу

қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосуда. Енді қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, кез келген көрсетілген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткізіп беретін болады.

   Бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін ХҚКО инспекторына өткізеді және  дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді. Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негіздекөрсетіледі. Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекенжайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет  ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазіргі уақытта қызметтерді автоматтандыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсімдеуге болмайтын қызмет түрлері де бар. Соңғы уақытта қызметті үйде отырып алуға өтініш білдірген азаматтардың қатарының өсуіне байланысты, біздің қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшін осы сервисті іске қосуды шештік» - деді ол.

Сондай-ақОспановтың айтуынша, бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсімдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектің, бейнекамераның жұмыс істеуі, сондай-ақ ХҚКО-лардан  қызметті алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда.

Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бірнеше сервистер мен жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 27 06 58 (іш.109)


Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар  Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен. 


ҚР ӘМ «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деректер базасының жұмысы қалпына келтірілді

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының жұмысын  қалыпқа келтіру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Енді қазақстандықтар               ХҚКО-лардан барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуларына болады.

Жүйенің істен шығуы кезінде жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтерді алу мүмкін болмады, оның үстіне тұрғылықты жері бойынша тіркелуге ниет білдіргендер  мекенжайларының тіркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуде қиындықтар болды.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің ХҚКО-ларында уақытша тіркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазіргі кезде кезексіз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады. 


Абылайхан  Оспанов: «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс

Мемлекеттік корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында:«Азаматтарға арналған үкімет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.

Оспановтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетілдіруде. «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс. Ол үшін корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде тиімді және ең үздік, сандық тәжірибені ендіріп,іштен өзгеруі тиіс- деді  Абылайхан Оспанов.

Аталған жетістіктерге жету үшін мемлекеттік корпорацияның 2017 жылы үш негізгі даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сервистің артуы, қызметтерді көрсету процесінде жаңа технологияларды ендіру және қызмет көрсету спектрін кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметті үйге жеткізіп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы кейбір қызметтерді алу кезінде тіркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметті берушілердің ақпараттық жүйеде кездесетінқұжаттардыталап етуге қатысты және т.б.бірқатар проблемалық сұрақтарды көтерді. «Біз мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс істеудеміз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіпбосанған әйелдерге бала тууға және балабір жасқа толғанға дейін оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды тіркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберінде ресімдеуге жол беретін пилоттық жоба іске қосылды. Қазірбұл қызметтің эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгізу мәселелері пысықталуда»- деді Оспанов. 


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

10 және 22 ақпан күндері Мобильді ХҚКО Аршалы ауылдық округіне. Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.  


Азаматтарғаарналғанүкіметкөрсететінқызметтер саныvтағы 53 қызметкеартты

БүгіндеАзаматтарғаарналғанүкіметарқылы 546 мемлекеттікқызметқолжетімді.  ЖаңақызметтердіңбасымбөлігінАуылшаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерініңжәне ҚРинвестицияларжәне даму министрлігініңқызметтеріқұрады.

Мемлекеттіккорпорациядаауылшаруашылықөнімдерінөндірісінбасқаружүйесіндамытудысубсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсіпкешені) саласындадайындауұйымынаккредиттеуді, құрылысобъектілеріжоспарларынкешендіведомствоішіліксараптаужүргізугеүміткерзаңдытұлғалардыаккредиттеуді, ҚР резидентіболыптабылмайтынжәне ҚР аумағындаинвестициялыққызметтіжүзегеасыратынт.с.с. тұлғаларғанвесторлықвизаларалуғақолдаухатберудірәсімдеугеболады.

«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясыарқылыбұлқызметтердікөрсетумемлекеттіккөрсетілетінқызметтертізілімінөзгерткенненжәне «ХҚКО» ықпалдастырылғанақпараттықжүйесіне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерістеренгізгенненкейінмүмкінболыпотыр.  Ендіазаматтардыңбұлқызметтерүшінмемлекеттікооргандарғажүгінуқажеттігіжоқ. Демек, аталмышқызметтердімемлекеттіккорпорацияныңбасқақызметтерісияқтыаптасына 6 күнсағаттаңғы8.00-ден кешкі 20.00-ға дейінтүскіүзіліссізалуғаболады.

Сондай-ақ, ахуалдықорталықтыңбақылауынша, халыққақызметкөрсетуорталықтарындасоңғыкездеріазаматтардыуақытшатіркеуқызметібойыншаорыналғанкезек саны едәуіразайған. Жылбасынанбастап 400 мыңнанастамадамуақытшатіркеуденөткен. 


Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасыжәне мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованыңайтуынша аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚКО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. «Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚКО-ға бару керектігіне баға бере алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу қызметі бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚКО-ға бару қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа Орталыққа жүгіне алады» - деп қосты.

Сонымен қатар, Гүлжан Асанова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-ларда жүктемені көруге болатынын, жақын арада Қазақстанның басқа ХҚКО-ларында келушілер санын бақылау мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылатын болады.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

11 және 18 қаңтар күндері Мобильді ХҚКО Архангел ауылдық округіне. Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар.  


Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жерінебайланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.

Естеріңізге түсіре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан болатын, оның шеңберінде корпорация қызметкерлері  перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балалардымектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою. Бүгінгі күнде бұл жобаға  ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетілетін композиттік қызметтер пилотын мемлекеттік корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тіркелген жерінен ғана өтініш берулеріне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген болып,  ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгінуіне тура келетін. Біз бұл мәселені шештік және бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмін әзірледік.  Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс ішінде ғана жұмыс істейтін болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтің айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсімдеу үшін эксаумақтық қағидатты енгізу – мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетудің кезекті қадамы, себебі, бұл 4 бірдей қызметті алу үшін қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  - бұл  - ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлік және оның көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәліктің көшірмесін бермейді), баланың тууы туралы медициналық куәлік (перзентханада беріледі), барлық балалардың тууы туралы куәліктері немесе ахуалдық жазбалардың көшірмесі, банктік шоттың нөмірі жайлы құжат.

Пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендігінайта кету керек.


Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары уақытша тіркеуден кез келген ХҚКО-дан өтулеріне болады 

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады. Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚКО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұл азаматтарға уақытша тіркеу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. «Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалалардағы тұрғындарға жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Мысалы, пәтер Есіл ауданында орналасқан болса, онда Есіл аудандық ХҚКО-ға бару керек еді. Енді бұл қалалардың тұрғындары көші қон полициясы қызмет ететін кез келген ХҚКО-ға баруларына болады», - деп түсіндірді Еренчинов.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және құжаттандыру бойынша қызметтерді азаматтардың қолайлылықтары үшін республика бойынша 240 халыққа қызмет көрсету орталықтарында отырған, көші қон полициясы қызметкерлері көрсетеді.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бір жылда 

35 миллионнан астам қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсетті, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттік қызметкөрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес беріліп, қызмет көрсетілген. «Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкіндіктерін қолданудамыз. Осылайша, әрбір бөлімде азаматтар өз бетінше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегіне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Ол үшін оларға осы жерде, яғни мемелекеттік корпорацияның ғимаратында берілетін электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлігі, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақҚазақстанда көлікті қайта ресімдеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілетін, автокөлік иелеріне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлік қайта тіркелген, ал жүргізуші куәліктерін 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтің айтуынша, мемлекеттік корпорацияның бөлімдері жоқ шалғай елді мекендерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, біздің қызметкерлер қажетті жабдықтармен оларға өздері баруда. Шығу кестесі тоқсан сайын аудандық әкімшілікпен бірлесіп құрылып, жергілікті БАҚ-та жарияланып отырады», -деп қосты ол. Жыл басынан бері мобильдік ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың сәуір айында құрылған, оның құрамына 4 РМК - «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» кірді. Қазіргі кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс істеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның 530 мемлекеттік қызмет көрсететін барлығы 362 фронт-офисі жұмыс істейді. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.


Қостанай облысында Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

Халықаралық жемқорлықпен күрес күні - 9 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырыстың «дөңгелек үстеліне» ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет Басқармасының басшысы – Шагирова Гульнара және «Нұр Отан» Партиясы» Қостанай қалалық филиалының заң кеңесшісі – Нұрлан Джаменков қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары түсіндіріліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда құқықтық көмек рөлін талқылады.

Айта кетейік, бүгін Халықаралық жемқорлықпен күрес күні Қостанай облысы мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисінде орталықтанып жүргізіледі.


Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық  №1  бөлімі жаңа ғимаратқа көшті

Өскемен қаласының Жібек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшін жағымды жаңалық - Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлімі жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттік корпорация адамдарға көмек көрсету үшін құрылған. С

онымен қатар, біз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшін үлкен қаражат төлеп қайтеміз, оның үстіне ол адамдар үшін қолайсыз болса.  Сондықтан біз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көріп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесімді. Біздің ең басты мақсатымыз – адамдардың өмірін жақсарту. Бұл бүгін көрнекі түрде көрсетілді, - деді ашылу кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшін ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкімет порталы арқылы өз беттерімен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетін «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, мүмкіндіктері шектеулі жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тіркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттік қызмет ұсынатын көші-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетеріміз, аталған бөлім осы уақытқа дейін көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында, дүкенмен бірге, бір алаңда орналасқан еді. Ал енді, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бірінші қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің фронт-офисі орналасса, екінші қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынң сәуір айында құрылғандығынан мүмкін болды, себебі екі департамент те мемлекеттік корпорация құрамына енген. Көшіру жұмыстарының арқасында мемлекеттік корпорация  6 млн теңге үнемдемек, себебі бұл қаражат бұрын жалға алу үшін жылына төлетін. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға істедік.

Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистің жұмыс кестесі өзгерген жоқ: дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді. Айта кетер болсақ, бүгінде мемлекеттік корпорация арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

Анықтама үшін: Күніне №1 қалалық бөлімге 500-600 қызметалушы келеді, соның 250 азаматы -  ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін дәстүрлі қызметтер үшін келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзіне - өзі қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келеді. Көші- қон полициясы бөліміне күніне 100 қызметалушы келеді, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметі бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуге келеді.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында

консультативтік-кеңесшікеңестің алғашқы отырысы өтті

Консультативтік-кеңесші кеңес мемлекетттік корпорация көрсететін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту бойынша шараларды жетілдіру бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығын  және тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов,Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылымакадемиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиімді басқару және бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігінің президенті Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ері, «Зейнетақы төлеу  бойынша мемлекеттік орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдікәрім Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелері қатысты. Консультативтік-кеңесші кеңестеПарламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина басшылық етті.

Жиналыс барысында мемлекеттік корпорацияныңстратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі саласы бойынша стандарттарғамұрағаттық құжаттарды сақтау мерзімін азайту бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойыншакөлік құралдарын тіркеу, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б.мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу  ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтік-кеңесші кеңесжұмысының негізгі қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестің мүшелерімемлекеттік корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарынайта алатыназаматтарболып табылады.Консультативтік-кеңесші кеңесотырысы жылына кемінде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткізіліп тұратын болады.


Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлік объектілерінің  мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсіпорындардың және  Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердің ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде»  ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысуда. Конференция нәтижесінде қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжірибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

«Бұл шара біз үшін - тек қана бірегей диологтар алаңы емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасында  Біріңғай кадастрлық есеп жүйесін құру механизмі мен шешім қабылдауда бірыңғай түсіністікке келу мүмкіндігі болып табылады» - деді Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында біз жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгізген болатынбыз.  Бірыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелерді біріктіруді, жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында әкімшілік кедергілерді азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлікке құқықтарды есепке алу және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді».

Бүгінгі күні мемлекеттік корпорацияда жер телімдерінің, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ – қабаттары, инженерлік коммунакациялармен, жол-көшелік желілер  және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының мүмкіндіктері жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделі құрылыстар мен құрылыстарды үйлестіруді орындаған.


Қазақстандықтар перзентханаларда баланың туылуына байланысты қызметті алуға бір ай ішінде 34 мыңнан астам өтініш берген 

Оның 19 мыңнан астамы баланың туылуын тіркеуге, 4 мыңнан астамы бала тууға және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға, 1584 өтініш бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға және 9 мыңнан астам өтініш балабақша кезегіне тұруға берілген.

Естеріңізге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қыркүйек айының соңында жаңа пилоттық жобаны іске қосып, соның шеңберінде мемлекеттік корпорация қызметкерлері перзентхана ғимаратында бірден 4 қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бүгінгі таңда жобаға Қазақстан Республикасы  бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, қазақстандықтар бұл 4 қызметті алу үшін ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (Қазақстан Республикасың аумағында 2008 жылдан кейін некелері тіркелген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), туу туралы медициналық куәлікті (перзентханадан беріледі) ұсынулары қажет. Сондай-ақ, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш беру үшін барлық балаларының туу туралы куәліктерін немесе туу туралы акт жазбасынан үзінді көшірмені ұсыну қажет, ал бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін банктік шотының нөмірі туралы құжаты болуы тиіс. Балалары балабақшадан бірінші кезекте орын алуға құқылы ата-аналар оны растайтын құжатты ұсынулары тиіс.

Дайын туу туралы куәлікті ата-аналар құжаттар қабылдаған күнді есептемегенде 2 жұмыс күнінен кейін халыққа қызмет көрсету орталығынан алуларына болады, ал жәрдемақының тағайындалғаны туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түсетін болады.  Айтпақшы, балабақша кезегін қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталынаннемесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі  «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету орталықтарынан білулеріне болады.

Айта кетерлігі, жаңа пилоттық жоба қызметалушылардың уақыттарын үнемдеуге бағытталған. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкіметте» бірқатар іс-шаралар өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өткізілген іс-шараларға                   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты -  сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту.

 «Бүгінде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет - гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлері арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзушілік атмосферасын құру мәселесі тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді», - дейді Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай іс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік корпорацияның барлық аумақтық департаменттерінде жүйелі түрде өткізілетін болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалған

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылымемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыруда олардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Фронт-офистерді Брайль мәтініндегі ақпараттық тақталармен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, жақын арада көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметтерін  1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік корпорацияның фрот-офистеріне бармай-ақ ала алады. Мобильдік топты шақыру үшін олар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары қажет. Мемлекеттік корпорация қызметкері оған 72 сағат ішінде  барады.Жыл басынан бері мобильдік топ 20 499 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 28619 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп болды.

Мүгедектер үшін композиттік қызметтерді алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мәселен, азамат мүгедектік тобын анықтау үшін комиссиядан өткенде, оның басқа еш жерге баруының қажеті жоқ. Оның құжаттары он-лайн  режимінде мемлекеттік корпорацияға беріледі, мұнда барлық жәрдемақы түрлерінің төлемі белгіленіп, оның төленуі де ұйымдастырылады. Бұл Әділет министрлігінің  ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған мүгедектік мәліметтер базасын ықпалдастырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Өтініш қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымы болмайды, ал жеке басын куәландыратын құжат жөніндегі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуітуралы мәліметтердіэлектрондық үкімет шлюзі арқылы жеке азаматтардың мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіненалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс істейтінін айта кеткеніміз жөн.

Қазақстанда 571 685 мүгедек тіркелген, оның 293 665-і - I жәнеII топтағы, 210 421-і –IIIтоптағы мүгедектер,  67 579-і - мүгедек балалар. Оларды әлеуметтік жағынан мемлекет қамтамасыз етіп отыр, жәрдемақалар мен әлеуметтік төлемдерді өз уақытында аудару мен төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Естеріңізге салсақ, 1993 жылғы маусым айындаҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мүгедектер күні белгіленген.Ол жыл сайын қазанның екінші жексенбісінде аталып өтеді. Н.А.Назарбаева был учрежден День инвалидов, который ежегодно проводится во второе воскресенье октября.


Азаматтарға арналған үкіметтің қызметкерлері

Қазақстан бойынша 425 ағаш отырғызды 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында орталық аппарат пен облыстық филиалдардың қызметкерлері 425 ағашотырғызды, оның ішінде қайың, қарағай, жөке, шетен, тіпті боз арша ағаштары бар. Сенбілікке мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің инспекторларынан бастап басшыларына дейін белсенді ат салысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің директоры Еркін Жұмабай мәлімдеуінше, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған кең ауқымды «25 игілік іс» акциясы шеңберінде өткізілуде.

«Бүгін біз ел болып атап өтіпотырған айтулы мерекеге өз үлесімізді қосудамыз. Қалалық саябақтар, аллеялар, ботаникалық бақтар, жағажайлар 400-ден астам ағашқа толықты. Астанада мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының қызметкерлері ғашықтар аллеясында 25 шаған ағашын отырғазды. Ал бүгін Қостанайда Аманкелді көшесі бойында 10 қарағай және 15 сүмбіл терек отырғызылды», - деп хабарлады Жұмабай.

Жұмабайдың айтуынша, Өскеменде - қылқанды ағаш түрлері, Петропавлда – жөке және шетен ағаштары, Алматы қаласында –боз арша, Ақтөбеде – терек, Алматы облысында – алма ағаштары отырғызылса, Павлодарда Жеңіс саябағы тағы 25 қайыңға толықты.

Естеріңізге салсақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізіп отырған мұндай шара бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік корпорацияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған республикалық спартакиада және  мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» тақырыбында республикалық байқау, ал шілде айында – «Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында мемлекеттік корпорация қызметкерлері балаларының арасында сурет салу байқауы өтті.


Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

13 және 20 қазан күндері Мобильді ХҚКО Комаров ауылдық округіне.

Мобильді ХҚКО көмегі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ кез келген  мелекеттік қызметті ала аласыздар немесе Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті өздігінен алу жөнінде кеңестерге жауап ала аласыздар.

Тағыда басқа ақпараттар жөнінде мына телефон нөмірі бойынша 2-14-02 немесе ауылдық округтың әкімдігіне барып біле аласыздар


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 

Бірыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Бірыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердің маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екінші болып табылады. Оған Қазақстанныңөсімдіктер әлемінің100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрі және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсімдік жабынының доминанттары, бағалы жемдік, улы,арамшөп, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсімдіктерінің гербарийлері жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесінде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жоспарлы жүргізілуде, ол Қазақстанның өсімдіктер әлеміндегі мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымына негізіне гербарий кіретін геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіргендіктен, біз гербарий қорын жаңарту жұмысынәрдайым жүргізіп отырамыз. Қазіргі кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтіп, өсімдік түрлерімен танысады, оларды жүйелейді, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийді жаңа өсімдік түрлерімен толықтырады», - деді Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсімдіктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелілігінзерттеу; кез-келген аумақтағы өсімдік әлемінің құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсімдіктердің жеке түрлерін (аймақтарға) тарату; белгілі бір кезеңде өсімдіктің өзгеруі жайлы толық мәліметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда Энглер жүйесі бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсімдіктерді тез табу үшін каталог жасалған.Жақын уақытта гербарийді облыстар бойынша цифрландыру жүргізілетін болады және жемдік, бал-шырынды, дәрілік және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсімдіктер іріктеліп алынады.

Бірыңғай гербарий қорындағы өсімдіктердің толық флористикалық тізімін құру үшін Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткізілген және аллдағы уақытта солтүстік аймақтағы өсімдіктер түрлерімен толықтырылатын болады. Келешекте Бірыңғай гербарий қорыныңақпараттық-копмьютерлік деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының гербарийлерін магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлеріжаңа жиналған өсімдік даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргізу үшін қолдануда.

Қазан айында мемлекеттік корпорацияның біріңғай гербарий қорын құру«Мәңгілік мұра» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздгінің 25 жылдығы құрметіне өтіп жатқанын атап айтамыз. 


«Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметкерлері

Қарттар күнін атап өтуге қосылды

Қазақстанда 1 қазан - Қарттар күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмыскерлері қарттар мен зейнеткерлерді құттықтауға ат салысты. Мемлекетіміздің 14 ауданы мен Астана және Алматы қалаларында мерекеге орай түрлі шаралар өтті.

Бүгін Астанада «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмыскерлері Жұмаш Шаямановаға барып қайтты. Мереке қарсаңында Жұмаш апайдың жасы 100-ге толып отыр. Жұмаш апайдың тағдыры таңқаларлық және өткен ғасырда туған адамдардың тағдырына ұқсас. Ақмола облысының тумасы, Жұмаш апай соғыс кезінде тыл еңбеккері ретінде колхозда сауыншы болып жұмыс істеген. Соғыс барлығын жан-жаққа таратып жібергендіктен, туған-туыстарымен байланыс үзілген. Ал 1960 жылы ол өзінің анасы мен үлкен әпкесін тапқан. 80-жылдардың басында Жұмаш апай Целиноград қаласына балаларына көшіп келген. Бүгінде ол кісінің 16 немере, 29 шөбере және 7 шөпшек сыйлаған 4 ұлы бар.

«Қазақстанда жүз жылдықты аттаған барлығы 571 адам өмір сүреді», - дейді Серікхан Сабыржанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары. «Жұмаш апайдың туған күні -30 қыркүйек, мерекеге орай келіп отыр». Бүгін біз ол кісіні мүшел тойымен және Қарттар күнімен құттықтауға келіп отырмыз, сондай-ақ арнайы әкелген сыйлығымызды табыс  еттік».

Сонымен қатар, Астанада «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмыскерлері Қарттар және мүгедектер үйіне барып, онда тұратындарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады, олардың сауалдарына жауап беріп, теледидар сыйлап қайтты. Өскемен, Ақтөбе, Тараз және Павлодардағы «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмыскерлері қарттар үйлерінде мерекелік концерттер өткізді. Алматы, Ақтау, Қарағанды және Көкшетау қалаларында зейнеткерлерге азық-түлік себеттері сыйға тартылды. Сенбі,                    1 қазан - Қарттар күні мерекесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистеріне келген зейнеткерлер құттықтаулар мен жағымды сыйлықтарға ие болмақ.


хат жіберу