Блог статистикасы
196
Жазбалар
2595
Өтініштер
113133
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әлеуметтік қорғау

Денисов ауданының 2018 жылға арналған еңбек қатынастарын реттеу және азаматтардың еңбектерін қорғауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды  ұйымдастыру және үйлестіру бойынша түсіндіру жұмыстарының КЕСТЕСІ


Жұмысқа орналастыру
Әлеуметтік қамтамасыз ету
Халықтың көші-қоны туралы мәлімет
Жобасын талқылау
«Денисов ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Еңбек бостандығы еңбек шартында көрсетіледі

Қазақстан Республикасында еңбек бос. Әркім еңбекке өз қабілетіне қарай еркін билік етуге, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға құқылы.  Әркімнің қауіпсіздік талаптарына және гигиенаға жауап беретін жағдайларда еңбектенуіне, еңбегі үшін сыйақы алмай, қандай да болмасын кемсітушіліктен, сондай-ақ, жұмыссыздықтан қорғануға құқылы. Бүгін еңбек нарығын қалыптастыру азаматтардың өзіне лайықты жұмысты еркін іздеуіне  ұмтылуына және жұмыс берушілердің мұндай жұмысты ұсыну  мүмкіндігіне көңіл білдіруіне негізделеді.

Еңбек шарты еңбекке өз қабілеттеріне қарай еркін билік етуді іске асырудың басты нысаны болып табылады,   сонымен қатар, еңбек тараптарының құқықтары мен міндеттерін, туындайтын құқықтық  еңбек  қатынастарының басты заңды негізі рөлін атқарады.  Бірақ, жұмыс берушілер әрдайым тараптар жасасқан еңбек шартының талаптарын орындамайды,  атап айтқанда, олар еңбек шартын жазбаша нысанда жасамайды, олар еңбек шартының бір данасын қызметкерге бермейді, еңбек шартында негізгі еңбек жағдайларын қамтымайды: көбінесе жалақы туралы ақпарат болмайды, жіберу сипатына ие (штаттық кестемен, жалақы туралы ережемен жұмышыларды таныстырмайды) қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қызметімен тікелей байланысты еңбек жағдайының сипаттамасы, өтемақылар және жеңілдіктер туралы, ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті шарттары, әлеуметтік сақтандырудың түрлері мен шарттары, ҚР Еңбек Кодексіне көзделмеген жағдайларда жедел еңбек шартын жасасады және басқа да. Нарық жағдайында еңбек бостандығы әрбір азаматқа (жеке тұлғаға) ерікті еркін түрде мамандық және тиісті жұмыс  таңдауға еңбек шартының негізінде еңбек құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша,  өмірде өз еңбегімен табыс тауып еңбектенуді қалайтын    әркімнің   құқығын қоса алғанда, еңбек шарты еңбек бостандығын  іске асырудың негізгі нысаны. Сонымен қатар, еңбек шарты жұмыс берушіге өз мүдделері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, оған қажетті қызметкерлерді іріктеуді еркін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең жоғары деңгейдегі заңды нысан болып табылады. Демек, еңбек келісімшартында еңбек еркіндігі мен еңбек қатынастарын реттеудің шарттық принципі көрініс тауып, тараптар еңбек нарығында өздерінің жеке мүдделері негізінде еркін және ерікті түрде бір-бірін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл еңбек шартының маңызды әлеуметтік және экономикалық рөлін көрсетеді. Еңбек  шарттары еңбек қатынастарының болуы және дамуы үшін негіз болып табылады. Тараптармен еңбек шартының (ауыстыру, аудару және т.б.) талаптары өзгеруі еңбек қатынастарының өзгеруіне әкеп соғады және еңбек шартының тоқтатылуы оның тараптарының құқықтық қатынастарын бұзады, яғни еңбек қатынастарының тоқтатылуына әкеледі. Еңбек шарты заңды акт ретінде - еңбек қатынастарын қалыптастырудың негізі - оның тараптарына (қызметкерге және жұмыс берушіге) келісімшарттың талаптары, яғни оның мазмұны бойынша келісімге қол жеткізуге, осы талаптарды жеке-дара айқындауға, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік береді. Барлық жұмыс берушілерді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің - лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатын 86-бабын бұзбау үшін өз қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасауға шақырамыз.



«Ұжымдық шарт жасасу»

Қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер, тұрақтылық сезімі, мемлекет тарапынан көмек көрсетілмейтін ұйымнан (кәсіпорыннан) қорғалу маңызды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұжымдық шарт жасаңыз!» жалпыхалықтық  акциясын өткізді.Мемлекет басшысы: «Бұл іс-шара ұлттық деңгейге айналуы керек және көптеген жұмыс берушілер мен жұмысшыларды мүмкіндігінше қамтуы тиіс. Мұның бәрі, соңында, біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалады» деп атап айтты.
         «Ұжымдық шарт жасасу!» акциясының өткізілуінің құқықтық негізі әлеуметтік және еңбек қатынастарының нормаларының 80 пайызы шарттық процеспен реттелетін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі  болып табылады.Мұндай жағдайларда - еңбекшілерді тиімді әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы моделі, әр жұмыс ұжымының өмірі мен қызметі заңы- ұжымдық шарттың маңызы зор. Демек, жалпыреспубликалық акцияға  жәрдемдесуге бейімделген жаңа көзқарас, тараптардың ұжымдық шартты міндетті түрде жасауы болып табылады.

Ерекше әлеуметтік жауапкершілік жұмыс берушілер мен кәсіподақтарға жүктеледі.

Ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы, бастауыш ұйымдарды құру жеке және мемлекеттік секторда танылуы тиіс.  

Акцияның мақсаты - ұжымдық келіссөздер жүргізу туралы ресми көзқарастың тәжірибесін жою, осы үдеріске еңбеккерлерді, кәсіподақ белсенділерін, келіссөздер жүргізуге үйрену, жалақының елеулі өзгеруіне жетуге, еңбекті қорғау және ынталандыруға, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге, ұжымдық шарттардың іске асырылуына  пәрменді бақылауды ұйымдастыруға кеңінен тарту.

 «Ұжымдық  шарт жасаңыз!» жалпыреспубликалық акциясы барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар, ҮЕҰ, кәсіподақтардың қатысуымен еңбек қатынастарын дамытудың жаңа парағын ашады.Жаппай жасалған  ұжымдық шарттар  халық шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған барлық қызметкерлерді тиімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін атқарушы билік органдары, жұмыс берушілер мен кәсіподақтармен бірлескен іс-қимыл үшін бірегей мүмкіндік береді.
 Денисов ауданының барлық жұмыс берушілерін және қызметкерлерін «Ұжымдық шарт жасаңыз!» жалпыреспубликалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

Жариялама

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы  Қостанай облысы бойынша еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және үйлестіру  іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) әзірледі. Бұл жоспарда азаматтарға жалақына «конвертпен» алуға мәжбүрлейтін жұмыс берушілер және МЗЖ аудармайтын кәсіпорын басшылары, еңбек заңнамасының кез келген бұзушылықтары туралы хабарлайтын «Ыстық желі» көзделген. Егер Сіз, осындай проблемаларға тап болсаңыз, мына мекен-жайға: Денисовка ауылы, Калинин к-ші, 6, «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ немесе 2-10-02 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.





хат жіберу