Блог статистикасы
189
Blog
2484
Апелляциялық
100039
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мілікті жария ету

Контактный телефон: 8(71434) 2-19-45

Секретарь комиссии: Манина Елена Владимировна


Мүлікті жария ету кезінде мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес  құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне          (Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар) меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар). Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында тұрған осындай ғимараттар мүлiктi жария еткенi үшiн алым төлеуге тиісті мүлік тізбесіне кірмейді.

Заң бойынша мүлікті жария ету жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жанындағы жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;

өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын;

жылжымайтын мүліктің барлық түрлеріне (сондай-ақ, объект орналасқан жер учаскесіне) құқық белгілеу құжаттың (сатып алу-сату, айырбас, сыға тарту шарты) көшірмесін;

ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтаманы (ХҚҚО-дан);

жер актісінің көшірмесін беруі арқылы жүргізіледі.

Азаматтар барлық қажетті құжаттарды жинап, өтінішке қосып ұсыну тиіс, оларды қарау қорытындысы бойынша шешім шығарылады, яғни, мүлікті тіркеу рәсімі жеңілдетіледі.

Ұйымдастыру-бақылау жұмыс

бөлімінің бас маманы

Құсаинов Е.К.


Мүлікті не үшін жария ету керек?

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жария етуге мынадай мүлік жатады:

ақша;

бағалы қағаздар;

заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік;

құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар).

«Мүлікті не үшін жария ету керек?» деген сұрақ туындайды.

Республикада азаматтардың кірістерін жалпы декларациялауды енгізу күтілуде, салық төлеушілер салықтық декларацияларда шынайы мәліметтерді көрсетуі тиіс. Жария етілмеген көлеңкелі капиталдар олардың иеленушілері үшін ірі қиындықтарға – заңсыз жолмен иеленген мүлікті тәркілеуге дейін әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты, мүлікті заңды экономикалық айналымға құқылы қайтару үшін мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалану қажет.


Басқа тұлғаға рәсімделген Қазақстан аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлiктi жария ету мүмкін бе?

 Иә, жария ету субъектісі бұндай мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге мүмкіндігін пайдалану құқылы. Бұл ретте мүлікті жария ету үшін алым төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру керек. Бұдан басқа, жария ету субъектісі мынадай қосымша құжаттарды ұсыну тиіс:  басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі; басқа да растайтын құжаттар мен мәліметтер (жария ету субъектісінің қалауы бойынша).

Ұйымдастыру-бақылау жұмыс

бөлімінің бас маманы

Құсаинов Е.К.


2016 жылғы мүлікті жария ету туралы нені білу керек?

Жекешелендірудің бір құралы мүлікті жария ету болып табылады. Енгізілген өзгерістерден кейін, мүлікі жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғғы 31 желтоқсанда аяқталады. Бұл ретте мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Біріншіден, мүлікті жария ету дегеніміз – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет.

Мүлікті жария етудің негізгі мақсаты – жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражат тарту. Бұл шара бар мүлікті жария етуге және  заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Қазақстан аумағында орналасқан ғимараттарды (құрылыс, үй-жайлар) заңдастыру шарттарының бірі, меншік құқығында заңдастыру субъектісіне жататын және тіркелген  орын алған жер телімінің олардың мақсатына сәйкес келуі болып табылатынына назар аударған жөн.

Мүлікті жария ету - жария ету субъектісі комиссияға құжаттарды тапсыру арқылы жүргізіледі. Сонымен, мекемеден мекемеге барып осы шараларға уақыт кетірудің қажеті жоқ, тек қана бір орында құжаттарды тапсырсаңыз, болды.

Мүлікті жария етуі бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Бұл 2017 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге байланысты, кейін емін-еркін декларацияда көрсету үшін азаматқа мүлкін қазір заңдастыруға құқық беріледі.

Құрметті жерлестер, кумәндамаңыз, қажетті құжатарды жинап, мүлікті жария ету комиссияға тапсырыңыз, осыған аз ғана уақыт қалды.


2016 жылы мұлікті жария ету

2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мүлікті жария етуі бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл алдағы жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге байланысты, кейін емін еркін декларацияда көрсету үшін азаматқа мүлкін қазір заңдастыруға құқық беріледі. Екіншіден, шетелдегі мүлікті заңдастырған кезде, мемлекет бюджетіне заңдастыратын мүлік құнының 10 % көлемінде заңдастыру үшін алым түседі.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымалы мүлік пен жер учаскелерінің жария ету құқығының болмауы кезекті айырмашылығы болып табылады.

2006 жылғы заңдастыруға қарағанда, заңды тұлғалар алдағы болатын мүлікті заңдастырудың субъектісі болып табылмайды. Бұдан басқа, заңдастыратын мүлікті рәсімдеуге байланысты барлық шығынды заңдастыру субъектісі көтереді.

Өз кезегінде, Қазақстан аумағында орналасқан ғимараттарды (құрылыс, үй-жайлар) заңдастыру шарттарының бірі, меншік құқығында заңдастыру субъектісіне жататын және 2014 жылғы қыркүйек айына дейін тіркелген  орын алған жер телімінің олардың мақсатына сәйкес келуі болып табылатынына назар аударған жөн

.


Тағы да мүлікті жария ету туралы 

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, дұрыс рәсімделмеген жылжымайтын мүлік жария етуге жатады, жария ету рәсімі Денисов ауданы әкімінің аппаратында құрылған комиссия арқылы жүзеге асырылады.

Мүлікті жария ету үшін өтініш беруге қажетті құжаттар: өтініш, жеке куәлік, аттестатталған сарапшының қорытындысы, жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты, 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін тиісті түрде  рәсімделген жер учаскесіне мемлекеттік актісі.

Мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияға құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада, ал,  мүлікті жария ету мерзімі - 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Қосымша ақпарат алу үшін Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5 үй, 7 бөлме мекенжай бойынша орналасқан аудан әкімдігі жанындағы комиссияға хабарлаңыз.

Байланыс нөмірі: 2-19-45.


Мүлікі жария ету - негізгі қағидаттары

Жария етудің негізгі қағидаттары: Біріншіден, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және қосымша қаражат пен мүлікті экономикаға тарту.

Екіншіден, жария етілген ақша мен мүлік салық салу тұрғысында табыс деп танылмайды, яғни оларға салық салынбайды.

Үшіншіден, жария ету субьектілері бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Жария етуге келесі мүліктер жатады:

1) ақша;

2) құнды қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік;

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған ғимараттар (құрылыстар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік.

07.09.2016 ж. жағдайына 29 өтініш келіп түсті, 44 тұрғын емес объект заңдастырылды

Жауапты орындаушы

Голубев Н. А.


Мүлікті жария ету. Алға қарай қадам басу

2014 жылға қарай Қазақстан Республикасында рәсімделмеген және мағлұмдалмаған мүліктің көптеген саны пайда болды, бұл жағдай мүлік иелеріне ғана емес, мемлекетке де теріс әсерін тигізеді. Жағдайды өзгерту үшін осы мүлікті азаматтық айналымына тарту бойынша мемлекет теңдессіз шара қабылдады, осыған орай «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданды. Мүлікті жария ету заңды иелерінің мүлікке құқытарын заңдастыруға және бекітуге мүмкіндік береді. 07.09.2016 ж. жағдайына 29 өтініш берілді, 44 тұрғын емес объект заңдастырылды.

Жауапты орындаушы

Голубев Н. А


Мүлікті жария ету

Қазіргі уақытта ауданда, 2014 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан Республикасының мүлікті жария ету туралы заңын орындау бойынша жұмыс атқарылуда.

Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар жария ету субъектілері болып табылады.

Заңға сәйкес аудандық әкімдігі жанында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның өкілеттігіне Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi жүргiзу кіреді. Бұл ретте құрылыстар (ғимараттар) жер учаскесінің нысаналы мақсатына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келу керек. Заңдастыратын объектілер орналасқан жерлер жария ету субъектілеріне жеке меншік құқығында тиесілі болу керек.

Мүлікті жария етуге құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады, сондықтан, жария етуге жататын мүлкі бар, заңда аталған азаматтар мен өзге де тұлғалар құжаттарды комиссияға тапсыруды тездеткен жөн.

Мүлікті жария етуге құжаттарды қабылдау аудандық әкімдігі ғимаратында (үшінші қабат) жүргізіледі.

Жауапты орындаушы

Голубев Н.А.


Жария етілген мүлікті міндетті тіркеу 

2014 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.Ә., 2014 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енген «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойды. Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 30 қарашаға дейін. Жария етудің басымдылығы – ол қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен және салықтан босату, сондай-ақ ақпараттың құпиялылығы.

Мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес жария ету туралы оң шешіммен хаттама алған тұлғалар құқық туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей тіркеуші органға (Денисов ауданының әділет басқармасы) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті екеніне аса назар аударуды сұрайды.

19.08.2016 ж. жағдайына, 19 өтініш түсті, 44 тұрғын емес объект жария етілді. Мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталатынын ескеріп отырмыз, осыған орай, заңда көрсетілген жария етуге жататын мүлкі бар азаматтар мен басқа да адамдар комиссияға құжаттар беруді тездету тиіс.

Ескерту: қосымша ақпарат пен консультациялар алу үшін  8(714-34) 2-12-02 телефон арқылы мына мекенжайға хабарлаңыз: Денисовка а., Калинин к., 5 үй, «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ.


Мүлікті жария ету бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қазір Қазақстанда мүлікті жария ету бойынша ресми бағдарлама іске асырылып жатқаны туралы көбісі естіген болатын. Шараның негізгі мақсаты – жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражат тарту.

- Жария етуді қалай түсінуге болады?

- Біріншіден, «жария ету» деген ұғым не білдіретінін еске салғым келеді. Бұл, жасырылған немесе рәсімделмеген, не басқа адамның атына рәсімделген мүлікке құқықтарды мемлекетпен тану рәсімі. Жария ету рәсімі 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

- Мүлікті жария етуге кім қатысқысы алады?

- ҚР азаматтары, оралмандар және ҚР тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

- Құрылысты заңдастыру үшін қандай құжаттар қажет?

- 1) белгіленген нысан бойынша екі данада өтініш; 2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесі; 3) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты; 4) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысы.

- Мүлікті жария етуге берілген өтініш қандай мерзімі ішінде қаралады?

- аудандық әкімдіктерде өтініштерді қарау мерзімі – күнтізбелік 30 күн.

- Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікті заңдастыруға құқығы бар ма?

- заңды тұлғалардың жария ету рәсіміне қатысуға құқығы жоқ.

- Қандай мүлік жария етуге жатпайды?

- рұқсатсыз алып қалған жерлерде, су қорғау белдеулерде  және су объектілердің аумақтарында, санитарлық-қорғаныш аумақтарда, елді мекендердің «қызыл сызық» шегінде, темір жолдар мен жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдардың жерлерінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсіп жерлерде, жалпы пайдаланымдағы жерлерде орналасқан құрылыстар мен ғимараттар жария етуге жатпайды.

- Тіркеу. Онымен кім айналысады?

- Комиссияның оң шешімін алған азаматтар тіркеу мәселесін өздері шешеді.Тіркеу шығындары тариф бойынша төленеді.

- Жер учаскені жария етуге болады ма?

- Жер учаскелер жария етуге жататын мүліктін тізіліміне кірмейді.

- Егер үй 2016 жылдың аяғына дейін салынатын болса, оны жария етуге болады ма?

- 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін, яғни жария ету шарасына дейін, жария ету субъектіге тиесілі болған немесе алынған мүлік жария етуге жатады.

Ескерту: қосымша ақпарат пен консультациялар алу үшін мына мекенжайға хабарлаңыз: Денисовка а., Калинин к., 5 үй, «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ,  телефон: 8(714-34) 2-12-02.


Қазақстан Республикасының 30.06.2014 ж. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес мүлікті жария ету жүргізілуде. Мүлікті жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысымен бекітілді.

Заңмен осы  шараны 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізу қарастырылған. 2015 жылдың соңында жария етуді өткізу мерзімі ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзартылды. Осылайша заңсыз айналымдағы мүлікті жария етуге мүмкіндік берілді.

Осы жайт өте маңызды, өйткені 2017 жылдан бастап барлық азаматтардың табыстары мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауды енгізу көзделуде, сондықтан болашақта жайсыз жағдайды болдырмас үшін мүлкті жария ету міндетті болады.

Аудандық әкімдігі жанында жылжымайтын мүлкті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құрылды.  Мүлкті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға мындай құжаттар ұсынылады: Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; мүлікті сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат; мүлікке құқық белгілеу құжаттың көшірмесі (нотариалдық куәландырылған); жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты; сарапшы қорытындысы.

Заң бойынша құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, үйлер (құрылыстар, ғимараттар), басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік жария етілуге жатады.

Жария ету басталғалы Денисов ауданы комиссиясының қарауына 28 өтініш түсті, 18 өтініш қанағаттандырылды, олар бойынша 42 объект заңдастырылды. Он өтінішті қанағаттандырудан бас тарлылды, 22 объект заңнамаға сәйкес келмегендіктен заңдастырылған жоқ.

Жоғарыда көрсетілген заңмен, ақшалай қаражат пен мемлекеттік кірістер (бұрын – салық органдары) органдары айналысатын басқа мүлікті жария ету көзделген.

Сонымен, мүдделі адамдарды жария ету мәселелері бойынша аталған мемлекеттік органдарға өтінуді сұраймыз.

Анықтама алу үшін мына мекенжайға хабарлаңыз: Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5, «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ, телефоны  8(714 34) 2-13-63.


Денисов ауданы әкімдігі жанында мүлікті жария етуді жүргізу

жөніндегі комиссияның жұмысы туралы

2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.Ә. халыққа кезекті Жолдауын ұсынды.

Президент өз сөзін Қазақстан тарихының соңғы екі он жылдықтың қорытындысын бағалаудан бастады.

Елбасының Жолдауы еліміздің әлемдік дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарына арналды, жақын арада дағдарысқа қарсы кешенді және құрылымдық өзгерістерді іске асыру қажет екенін айтты.

Президент барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ, аумағынан тыс жерлердегі капиталын жария етуге шақырды.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ жанында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссия отырыстары өтініштер түсу шамасына қарай өткізіледі.

2016 жылғы 1 мамыр жағдайына «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ-ге 63 объектіге жылжымайтын мүлікті жария етуге 28 өтініш түсті. 21 объекті бойынша бас тартылды. 42 объектіге комиссия оң жауабын берді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын хабарлап отырмыз, осыған орай жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін  ұзартылды. Құжаттар тапсырудың соңғы мерзімі - 2016 жылғы 30 қараша. Осы рәсімді соңғы күндерге қалдырмаңыз, бүгін бәрін де асықпай істеуге болады.
Жылжымайтын мүлікті жария етуге қажетті құжаттар:

1) мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтініш;
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесі;
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысы;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты.
Туындайтын мәселелер бойынша 8(714-34) 2-12-02 телефон арқылы мына мекенжайға хабарлаңыз: Денисовка а., Калинин к., 5 үй; күн сайын, сағат 9-дан 18-ге дейін. «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ (демалыс күндері: сенбі, жексенбі).


МҮЛІКТІ  ЖАРИЯ  ЕТУ

        

Мүлікті жария ету жөніндегі комиссия, тұрғындарды өз мүлкін жария етуді соңғы мерзімге қалдырмауыңызды сұрайды. Бүгінгі күнге үлкен жұмыс атқарылды.  Мүлікті жария ету жұмыстың жүргізіліп жатқаны бірінші жыл  емес, бірақ әлі де сұрақтар көп. Көптеген сұрақ туғызатын мәселелер бойынша осы мақалада айтып береміз.

         Жария ету рәсімі қаншалықты міндетті болып табылады?

         Осы сұраққа жеңіл жауап бар: заңнамаға сәйкес рәсімделмеген құрылыстарға меншік құқығын заңдастыру үшін мүлікті жария ету керек. Бұдан басқа, есіңізге салайн,  2017 жылдан бастап мүлікті  жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі. Сондықтан, келешекте ешқандай мәселе тұғызбай, Сіз мүлкіңізді декларацияда көрсете аласыз.

         Қайда барып, кімнен кеңес алуға болады?

         «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мамандары азаматтарға консультациялар береді. Барлық құқық белгілеу құжаттарын қарап шығады. Тек қана барып бәрін де анықтау керек.

         Қандай жағдайларда комиссия мүлікті жария етуден бас тартады?

         Егер жер учаскесі жеке меншік құқығында жария ететін субъектіге тиесілі болмаса. Немесе қала құрылыстық, өртке қарсы, санитариялық нормаларға сай келмесе.

         Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның құрамына кім кіреді және өтініштерді  қарау қалай жүргізіледі?

         Комиссия құрамына әділет басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының, қаржы органдардың өкілдері және өртке қарсы қызметінің, жер қатынастары бөлімінің мамандары, әкімдік қызметшілері кіреді. Комиссия кемінде айына бір рет жиналады. Қажеттілігі бойынша одан да жиі жиналуы мүмкін. Комиссия шешімі мүшелерінің көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Комиссияның мүшелер санынан үштен екісі болса - кворум сақталды деп есептеледі.

         Мүлікті жария ету мерзімі қашан аяқталады?

Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Мүлікті жария етуге қажетті құжаттар:                    

1) 2014 жылғы  30 маусымдағы № 213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңында белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш;

2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесі;

3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысы;

4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты.

Құрметті жерлестер, күмәндаңбаңыз, қажетті құжаттарды жинап мүлікті жария ететін комиссияға барыңыз. Оған аз ғана уақыт қалды.

Туындайтын мәселелер бойынша 8(714-34) 2-12-02 телефон арқылы мына мекенжайға хабарлаңыз: Денисовка а., Калинин к., 5 үй; күн сайын, сағат 9-дан 18-ге дейін. «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ (демалыс күндері: сенбі, жексенбі).

 

 

хат жіберу