Блог статистикасы
189
Blog
2484
Апелляциялық
100039
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аудандық мәслихаттың депутаттары

Батпанаев  Руслан  Сағындықұлы.

1979 жылы 1 желтоқсанда Кустанай облысы Семиозер ауданы, Семиозер ауылында дүниеге келді, білімі жоғары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітіріп, эколог мамандығына ие болды, яғни эколог мұғалімі.    2001 жылы еңбек жолын әскери темір жолында қызметші болып бастады. 2005 жылы « Басаман мемлекеттік мекемесі бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау" ММ-де инженер лауазымы болып тағайындалды, ал 2006 жылы директордың көмекшісі болып тағайындалды.    2010 жылдан Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының, орман және аңшылық шаруашылығы қызметінен бөлімінің бас маманы саласындағы реттеу мен бақылау орман шаруашылығы және ЕҚТА атқарды.   2012 жылы   «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі" КММ директоры қызметіне тағайындалып, қазіргі уақытта жұмыс істейді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.

 Сайлауалды бағдарламасы: Қазақстан халқының бірлігін, достығын, мемлекеттің гүлденуін  көремін тепе-тең. Менің ойымша, бұл принципі – еңбек ету қабілеті бойынша алуға еңбек, әділ барлық жағынан. Баллотируясь кандидат сайланған депутаттар "Нұр Отан" партиясынан депутатқа сайлау өзінің сайлауалды бағдарламасында алдыма мынандай міндеттер қоямын: қабылдауға шараларын іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды, жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, оның ішінде жас кадрларды бөлу, көтерме қаражат және несие тұрғын үй сатып алуға. Сайлау округі аумағында және  барлық талаптарын сақтау мәселелерін экология, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық жай-күйін ықпалдау. Антоновка және Алчановка ауыл ішіндегі жолдарын жөндеу мәселелері мен көшелерін жарықтандыруға көмектесу. Белсенді қолдау және ұйымдастыру елді-мекендерді көркейту біздің сайлау округі бойынша.  Антоновка  және  Алчановка ауылдарын газдандыруға көмек беру. Өз өкілеттігі шегінде аудандық мәслихат депутаты боламын барлық күш-жігерін әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнесті жүргізу үшін.


ӘБДІБЕКОВА НАЗГҮЛ СЕЙДОЛАҚЫЗЫ
№ 1 Денисов  сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер  
Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Октябрьский ауылында 1974 жылы 28 қаңтарда дүниеге келгім. Қазақстан Республикасының азаматшасымын, қазақпын, білімім жоғары, Қостанай педагогикалық институтын бітірдім.  Еңбек жолымды 1995 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында, № 1 Қазанбас орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде бастадым. Денисов ауданында 2011 жылдан бері № 3 Денисов орта мектебінде  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2012 жылғы  желтоқсаннан № 3 Денисов орта мектебінің  қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, 2014 жылғы ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін № 3 Денисов орта мектебінің директоры болып жұмыс істеймін. «Нұр Отан» партиясына 2014 жылдан бастап  мүшесімін. Тұрмыстамын, үш балам бар.  
Сайлау алдындағы бағдарлама:
- зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, балалар, жастар мен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;
- жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту;
- жас мамандарға қолдау көрсету;
- байырғы халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін еңгізу және дамыту;
- ауыл мектептердің  материалдық-техникалық базасын нығайту;
- «Бақытты балалық» атты жобаның жүзеге асуына ат салысу;
- қазақ тілін дамыту, оның ауданның қоғамдық және әлеуметтік өмірінде қолдану аясын кеңейту.


АМАНТАЕВА КҮЛӘШ СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ
№ 2 Элеватор  сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер  
Қостанай облысы, Орджоникидзе ауылында 1961 жылғы 21 желтоқсанда дүниеге келдім, қазақпын. 1987 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының  Шымкент филиалын бітірдім. 1988 жылдан бастап, № 19 орталық аудан дәріханасы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істедім, 1989 жылдан 1991 жылдың қазанына дейін «№ 19 Фармация» Орджоникидзе аудандық өндірістік кәсіпорнында директордың орынбасары, 1996 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Денисов «№ 19 Фармация» қосымша жауапкершілігі бар серіктестігінің директоры болып жұмыс істеймін.  «Нұр Отан» партиясына 2016 жылдан бастап  мүше болдым.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
Менің депутаттық қызметім әлеуметтік сала жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шараларына бағытталатын болады. Осы уақытқа дейін, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мамандарды ауылға тарту және ынталандыру мәселелеріне аз көңіл бөлініп келуде. Медициналық қызметтер азаматтардың әлеуметтік және материалдық мәртебесіне қарамастан барлығына бірдей көрсетілуі тиіс деп есептеймін. Мен науқастың өз қалауына қарай  дәрігер және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын қамтамасыз етуді көздейтін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау  жүйесін одан әрі  іске асыруға ықпал ететін боламын. Денсаулық сақтау және білім беру мамандарын облыс және аудан әкімдерінің гранттары арқылы тегін оқытып, кейіннен ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыруды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Дарынды мектеп түлектеріне де гранттар беру арқылы ауыл жастарын қолдауды жалғастыру. Өз ауданының сайлаушыларымен тұрақты байланыс сақтап, мәслихат жұмысы туралы үнемі хабардар етіп, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау және ұйымдастыруға тікелей қатысатын едім.


ДОСМҰХАМЕДОВ ҚАЗИ МҰҚАНҰЛЫ
№ 3 Некрасов  сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер  
Орджоникидзе ауданы, Денисовка  ауылында 1960 жылы 14 тамызда дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын; қазақпын. Еңбек жолымды 1982 жылы Торғай облысының Арқалық қаласы, Арқалық оқу комбинатында мұғалім болып бастадым. 1985 жылғы тамызынан 1987 жылғы қарашасына дейін Орджоникидзе ауданы Орджоникидзе а.  облыстық тұтыну одағы Орджоникидзе автобазасының жөндеу жөніндегі инженері болып жұмыс істедім. 1986 жылдан 1988 жылға дейін Орджоникидзе элеватордың  шебері болып, 1988 жылғы тамызынан 1995 жылға дейін  инженер, 1995 жылдан бастап  Орджоникидзе а. аудадық тұтыну одағының ПАТО автобазасының директоры болып қызмет атқардым. 2000 жылғы наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Денисов а. «Денисов» ауылдық тұтыну кооперативінің төрағасымын. «Нұр Отан» партиясына 2004 жылдан бастап мүшесімін. Үйленгенмін. Екі балам бар.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
 Мен ауылдық жерлерде күшті әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономиканы дамыту үшін шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау қажет деп ойлаймын. Мен саяси қатынастардың бүкіл жүйесін демократияландыру барысы туралы Президенттің ұсынысын қолдаймын. Мен әр түрлі халықтардың және ұлт арасындағы ұлтаралық келісім мен құрметті одан әрі дамыту саясатын жүргізетін боламын. «Халықты жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру. Оқу мекемелерін қаржыландыруға, мәдени демалыс жән оқу үшін жағдайлар жасауды ұйымдастыруға көмек көрсету. Округтің елді мекендерін абаттандыруды ұйымдастыруға белсенді қатысу және көмек ету. Некрасовка ауылы мен Денисовка станциясын газдандыру. Ерекше назар әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту және нығайту, әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау және олардың мансаптық өсуі үшін жағдай жасауға бөлінетін болады. Шағын және орта бизнестің серпінді дамуы мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады және жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету керек. Аудандық мәслихаттың депутаты өкілеттіктері шегінде бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту үшін барымды саламын.  Некрасовка-Денисовка автобус маршрутын қайта жалғастыру мәселесін қозғау, Глебовка ауылының көшелерін жарықтандыру мәселесін шешу үшін де барымды салатын боламын.


ФРАЙДЕНБЕРГ ОКСАНА СТАНИСЛАВОВНА
№  Покров  сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер  
1970 жылы 28 ақпанда Ресей Федерациясының Қарталы станциясында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматшасымын, орыспын. Білімім жоғары, Қостанай әлеуметтік академиясын бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. 1989 жылдың тамыз айынан бастап 1997 жылдың қыркүйек айына дейін музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 1997 жылдан  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Антонов негізгі мектебі» ММ директоры болып қызмет істеймін. «Нұр Отан» партиясына 2007 жылдан бастап мүшесімің. Тұрмыстамын. Үш ұлым бар.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
1. Халықтар мен ұлт арасындағы ұлтаралық келісім мен құрметтің одан әрi дамуына ықпал ету;
2. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу;
3. Білім беру және мәдениет мәселелеріне үнемі назар аудару, балаларымыздың  шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.
4.  Аз қамтылған, жалғызбасты, қарт  адамдарға атаулы көмек көрсету.
5. Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.




ХАЛИТОВ ҒАННИБАЛ ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ
№ 6  Фрунзе сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер
  Орджоникидзе ауданының Заәейет станциясында 1969 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келдім. Қазақпын. М.Дұлатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін агроном мамандығы бойынша бітірдім. 1992 жылдың тамыз айынан бастап 1999 жылдың сәуір айына дейін Денисов ауданының «Путь к коммунизму» кеңшарының құрылыс учаскесінің шебері болып жұмыс атқарды.м  1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін - жеке кәсіпкермін. 2001 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Г.Г.Халитов» шаруа қожалығының басшысымын. «Нұр Отан» партиясына 2002 жылдан бастап мүше болдым. Үйленгемін. Үш  балам бар.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
Аудандық мәслихаттың депутаттығына өзімнің үміткерлігімді ұсына отыра бүгінгі әлемнің қоғамдық өмірінде қандай процесстер болып жатырғандығын шындап ойладым. Ерекше көңілді жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, аға буынға қамқор болуға бөлетін боламын. Адамның шынайы байлығы - бұл денсаулық және білімі. Адамның білімі - табыс кілті. Мен бизнеске әкімшілік кедергілерді азайту және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында жұмыс істейтін боламын. Ауданда «Кәсіпкерліктің жол картасы-2020» атты  бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде ықпал жасайтын боламын, өйткені бағдарламаны жүзеге асыру өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуіне әкеледі және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.



Бектемисова Айгүл Ерғуатқызы
№ 7  Әйет сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер  
Орджоникидзе ауданы  Перелески ауылында 1974 жылы 5  қарашада дүниеге келдім. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша, Челябі мемлекеттік университетін юрист мамындығы бойынша бітірдім. 1994 жылдан 2001 жылға дейін Баталы учаскелік ауруханасында медбике қызметін, Денисов ауданының «Сейітмұратов Е.Е.» ШҚ–да есепші қызметін атқардым. 2001 жылдан  бастап Денисов аудандық қаржы басқармасының есеп және есептілік бөлімінің маманы болып істедім. 2002-2010 жылдарда Денисов аудандық пошта байланысы торабының бас кассасының операторы, бас бухгалтер және бастық лауазымын атқардым. 2005 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Денисов ауданының «НҰР Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымын. «НҰР Отан» партиясының 2005 жылдан бастап мүшесімін. Тұрмыстамын. 2 бала тәрбиелеймін.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
«Бақытты балалық», «Ауылда жұмыспен қамту», «Біздің ауыл» атты жобаларды жүзеге асыруға қатысамын. Салауатты өмір салтын насихаттаймын.  Гендірлік теңдікті нығайту мақсатында партиялық кадрлық резерв механизмі арқылы әйелдерді билік институттарына жылжытуға, ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін арттыруға жәрдемдесемін. Аумақтағы әр ұлттар өкілдерінің арасында достық пен өзара түсіністікті насихаттаймын, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарын құру, педагогикалық және медициналық қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін арттыру үшін белсенді жұмыс істеймін. Округте  мемлекеттік және салалық бағдармаларды белсенді жүзеге асырамын. Әсіресе, қолданыстағы жолдардың сапалы жөңдеуіне ерекше назар аударатын боламын. Аудандық мәслихаты депутаттарының күш-жігерін еңбек адамдарының  құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағыттаймын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтауға бақылау жасаймын, халықтың ең осал топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларына барынша қолдау көрсетіп жәрдемдесемін. Мен сайланған жағдайда өз сайлаушыларымен тұрақты байланыста болу, округ тұрғындарының игілігі үшін өмір сүру және жұмыс істеу ниетім бар.


НАКОНЕЧНЫЙ ВИТАЛИЙ ВИКТОРОВИЧ
№ 8  Свердлов сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер
  1985 жылы 2 желтоқсанда  Орджоникидзе ауданы, Орджоникидзе ауылында дүниеге келдім. Қарағанды Қазтұтынуодағының экономикалық университетінің  қаржы бакалаврі  бойынша бітірдім. 2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін Денисов ауданы әкім аппаратында хатшы-іс жүргізуші қызметін атқардым, 2007-2009 жылдар аралығында Денисов ауданының  салық комитетінің салық өндіру бөлімінің бас маманның қызметін атқардым. 2009 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін «Денисов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де бас маманы және «Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ның бас маманы болып жұмыс істедім. 2013 жылғы тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Наконечный В.В.» ЖК директорымын. «НҰР Отан» партиясының 2006 жылдан бастап мүшесімін. Үйленгенмін. Қыз бала тәрбиелеп отырмын.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
- ауыл жастары арасында қазақстандық патриотизімді  қалыптастыру.
- ауылдық жерлерде жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымын орнату үшін мемелкеттік қаржыны тарту: жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін объектілер, спорт залдар, стадиондар салу.
- мен, меншік нысанына қарамастан «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы мемлекеттік ұйымдарда және кәсіпорындарда практикалық білімдер және бастапқы жұмыс өтлін алуға мүмкіндік беріп, жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесемін. Сонда жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуі жіберілмейді. Мемлекеттік және уәкілетті органдардың қызметіне жастардың қатысу нысандары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау етемін. Ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандар тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттен несие беру жолымен  ауылда жастардың лайықты өмір сүруге және жұмысқа жағдай жасау қажет. Шаруашылық субъектілердің қаражаты есебінен шарт негізінде жастардың білім алып кейінен жұмысқа орналасу практиканы қолдану.


МҰРЗАБАЕВ АЛПАМЫС ЕЛТАЙҰЛЫ

№ 9   Аршалы сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер  
Челябі  облысының  Қопал  селосында  1964 жылғы  4 шілдеде дүниеге келдім. 1981 жылы орта мектебін аяқтағаннан кейін, Челябі облысының Долгодеревенское  селосында автослесарь болып жұмыс істедім. 1987 жылы Челябі институтын аяқтап, Башқортостандағы жеміс кептіру зауытында бас энергетик, бас инженер болып жұмыс істедім. 1990 жылы Орджоникидзе ААОБ бас инженерімін, 1991-1996 жылдары Орджоникидзе ауыл шаруашылық техникасының инженер–лаборантымын. 1996-2009 жылдар аралығында Денисов ауданының ішкі істер бөлімінде қызмет атқардым. 2006 жылдың қыркүйегінен «Энергосараптама» ЖШС сараптамашымын, 2011 жылдың мамырынан 2011 қарашасына дейін Аршалы селолық округінің әкімімін. 2012 жылдан қәзіргі уақытқа дейін Денисов аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеймін. Үйленгенмін. Бір ұл бала тәрбиелеп отырмын. 2011 жылдан бастап «НҰР Отан» партиясының  мүшесімін.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
Егер мені мәслихатының депутаты болып таңдаса, «НҰР Отан» партиясының  тапсырмаларын жүзеге асыру міндетім деп санаймын. Ауыл жұмыскерлерін еңбек ақысын көтеру мәселелерін шешуге үлесімді қосамын. Соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерге қолдау көрсету, жастарды әскери- патриоттық тәрбиелеу, спортты дамыту және спортт жабдықтарын қаржыландыру мәселесін шешу. Бұл мәселелерді шешуге шаруашылық субъектілердің қолдауы маңызды. Біздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Бизнес әлеуметтік саладан ажырамауы тиіс». Менің ойымша депутат жұмысының бастысы - үлкендерге құрмет, отанымызды, туған өлкемізді сүю. Қоғамның және азаматтардың қауіпсіздігі - біздің басты құндылығымыз. Діни экстремизм мен радикализмді қабылдамау идеологиясын тарату, жаппай қоғам санасында діни төзімділік қағидаттарын нығайту, діншіл адамдардың сезімін құрметтеу және өзге діндер өкілдеріне деген мейірбандықты тәрбиелеу.

ШЕРЕР СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ
№ 10    Приречен сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер  
1979 жылғы 6 желтоқсанда Орджоникидзе ауданы Перелески  ауылында дүниеге келдім. 2001 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде инженер-механик  мамандығын алдым.  2001 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Денисов ауданы «Фрунзенское»  ЖШС директордың коммерция жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеймін. 2016 жылдан бастап «НҰР Отан» партиясының мүшесімін. Үйленгенбін. 3 ұл баланы тәрбиелеп отырмын.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
Егер сіздер мені мәслихатының депутаты болып сайласаңыздар, менің қызметім келесі мәселелерді шешуге бағытталады: ауыл жастарын қолдауға арналған жастар бағдарламасын іске асыру, жігіттер мен қыздардың көбісі ауылға қайтып келу үшін оларға лайықты өмір сүру жайғдайлар жасау; балаларымызды сау, білімді, өз өлкенің партиоттары болып тәрбиелеу.
 Ауыл қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту,  оларға күнделікті өмірде жайлы жағдайлар жасау үшін жұмыс істейтін боламын.


ОСИПЕНКО ПАВЕЛ ПАВЛОВИЧ
№ 11 Перелески сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер  
1960 жылғы 5 сәуірде Таран ауданының  Прохоровка поселкесінде дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым украин. 1989 жылы зооинженер мамандығы бойынша Қостанай ауылшаруашылық институтын аяқтадым. Еңбек жолымды 1981 жылдан 1985 жылға дейін  «Перелески» кеңшарының бастапқы комсомол ұйымының хатшысынан бастадым. 1985 жылдан 1997 жылға дейін Перелески кеңшарының мал шаруашылығының бригадирі болдым. 1997-2001 жылдарда «Арай-91» ЖАҚ-тың сүт зауытының директоры болып жұмыс істедім. 2001 жылғы ақпанынан бастап Перелески  а. «Сарыағаш» ЖШС орталық қырманның меңгерушісімін. 2003 жылдың  наурызынан «Сарыағаш» ЖШС өндіру бойынша директорының орынбасарымын. 2012 жылдан бастап «Сарыағаш» ЖШС партияның бастапқы ұйымның төрағасымын. 2012 жылдан «НҰР Отан» партиясының  мүшесімін Үйленгенмін. Үш балам бар.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
Өзімнің сайлаушылар үшін бірінші кезектегі мәселелер мыналар деп санаймын: тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, автокөлік жолдарды жөндеу, халықтың әлеуметтік осал топтарына: зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді күшейту. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінің қаржыландыруын ұлғайтуды барынша қолдаймын; ұлтаралық келісім, әртүрлі діни конфессиялар мен мәдениеттерін құрметтеу саясатты жүзеге асырамын.



ЗАХАРЧУК ВЛАДИМИР ВИКТОРОВИЧ
№ 12 Архангельск сайлау  округі бойынша депутаттыққа үміткер  
1970 жылғы 26 ақпан айында  Кустанай облысы Таран ауданы  Баталы станциясында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын, ұлтым поляк. Білімім жоғары, 1993 жылы еңбек пәні мұғалімі мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік университетін  бітірдім. 1993-1999 жылдары Денисов ауданы «Крымское» ЖШС-ның бас инженері болып жұмыс істедім. 2000 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Денисов ауданының  «Межрегионэнерготранзит» ЖШС Қырым 35/10 қосалқы станциясында  кезекші  электромонтер  болып жұмыс істеймін. 2004 жылдан бастап «НҰР Отан» партиясының  мүшесімін. Үйленгенмін. Екі балам бар.
Сайлау алдындағы бағдарлама:
Егер сіздер мені мәслихат депутаты болып сайласаңыздар, өз борышымды келесі жоспарлар мен міндеттерді іске асыру бойынша жұмыс істеу деп санаймын: ауылдық аумақтарды дамытуға мемлекеттік қаржыны көбірек бөлу керек. Өз қызметінде, өңірдегі мемлекеттік және салалық  бағдарламаларды іске асыру үшін, экономиканы және  әлеуметтік саланы нығайтуға барынша күш саламын; туған жерге деген сүйіспеншілікті, үлкендерге құрмет көрсетуді тәрбиелеу - депутаттың  адамдармен жұмыстың негізгі бағыты деп санаймын. Қоғамдық тұрақтылығына, ұлтаралық татулық пен келісімге қол сұғушылыққа қарсы қатаң әрекет ету, азаматтардың мүдделерін, олардың меншік құқықтарын қорғау; сайлаушыларымдың сапалы көлік, байланыс, телекоммуникациялар қызметтеріне және демалысқа қол жеткізуге жағдай жасау; халықтың әлеуметтік осал топтарына жәрдемдесу, зейнеткерлер, адрагерлер, мүгедектер және аз қамтылған отбасылар  әрқашанда біздің қамқорымызды сезіну керек. Жергілікті жолдарды қалпына келтіру, ауылдық елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік және мәдени объектілерін жөндеу; көгалдандыру, ауылішілік жолдарды жөндеу үшін ақшалай қаражатты бөлу бойынша жұмыс істеймін. Рухани бірлікті, ұлтаралық келісімді, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту; қазақ халқының тілін, мәдениетін,  салт-дәсүрлер мен әдет-ғұрыптарын оқып үйренудің тиімділігін арттыру.

хат жіберу