Блог статистикасы
195
Жазбалар
5007
Өтініштер
202100
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

«Тәуелсіздік күні - еліміздің барлық азаматтары үшін тарихи маңызы жағынан үлкен оқиға және ең басты мереке. 27 жыл бұрын біз тағдырымызды шешуде таңдау жасадық - егемендік даму мен Тәуелсіз мемлекет құру жолына тұрдық. Тәуелсіздік дәуірі біздің алдымызда шексіз көкжиектер мен жасампаздық және өсу үшін бірегей мүмкіндіктер ашты. Біз заманауи жаһандық сын - қатерлерге жауап беретін мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрдық. Біз өзінің салмақты және ашық саясатымен бүкіл халықаралық қоғамдастықтың құрметі мен сеніміне ие болдық», - деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мереке қарсаңында өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

14 желтоқсан күні Денисовтіктер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтті. Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев ауыл тұрғындары мен қонақтарына құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуде Қостанай облысы әкімінің, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысының, Қостанай облысы ардагерлер кеңесінің, Денисов ауданы әкімінің грамоталарымен марапаттау өтті, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 80-жылдық мерейтой иесі Владимир Васильевич Малицкий, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің құрдасы Василий Юрьевич Зольников марапатталып Қостанай туралы кітаппен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне партиялық билеттер, жастарға жеке куәлік, сондай-ақ көп ұлтты жанұялық жұп құрған Вагнер Евгений Викторович және Бадамшина Әлия Нұрғалиқызына салтанатты түрде сыйлықтар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының негізінде Тәуелсіздік күніне арналған фильм жасалып, мерекеде көрсетілді.

Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері мен әншілері және «Изюминка» балалар шығармашылық үйінің би ұжымы мерекелік бағдарламаны гүлдендіре түсті.




хат жіберу