Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
106984
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Августа 2017

Зейнетақымен қамсыздандыруда күтілетін өзгерістер
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жыл сайынғы Жолдауы еліміздің алдағы жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа стратегиялық бағыттарын айқындайды.

     Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі қолданысқа енгізілді: мемлекеттік базалық зейнетақымен қамсыздандыру, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін өтілі бар тұлғаларға арналған ынтымақты зейнетақымен қамсыздандыру және жұмыскерлердің жеке міндетті зейнетақы жарналары есебінен 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру.

     Мемлекет зейнеткерлік жастағы тұлғаларға зейнетақы мөлшерін жыл сайын индекстейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2016 жылғы зейнетақы мөлшерлерімен салыстырғанда 20% арттырылатын болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9 %-ға, базалық зейнетақы төлемі 7%-ға арттырылса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 11%-ға, базалық зейнетақы төлемі 13%-ға арттырылады. Бұл Қостанай облысы бойынша 133 мың алушыны қамтиды. Базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде зейнетақының ең төменгі мөлшері 45 711 теңгені құрайды. Базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде зейнетақының орташа мөлшері 65 333 теңгені құрайды.

     Сондай-ақ, зейнетақыдан басқа 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы 20% көтерілмек. Бала туғанда жәрдемақы төлеуді енгізу балалардың тууының артуына оң ықпалын тиігізді. 2016 жылы Қостанай облысында бала тууына байланысты жәрдемақы алу үшін 12 мың адам жүгінді. 2016 жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 222 теңгені құрайды. Төртінші және одан кейінгі балаға 2016 жылы жәрдемақы мөлшері 111 035 теңгені, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 118 783 тенге, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 142 947 теңгені құрайды.

     Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 41 АЕК бастап 46 АЕК дейін зейнетақыны жаңадан тағайындау үшін ескерілетін кірісті шектеу мөлшері арттырылады. 2016 жылы зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын кіріс 41 АЕК немесе 86 961 теңгені, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 93 029 теңгені құрды, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 46 АЕК немесе 104 374 теңгені құрайды.

     2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен арттыру енгізіледі, бұл 1960 жылдың 1 қаңтарында және одан кейін туған әйелдерді қамтиды. Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту жыл сайын 6 айдан 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

     Бүгінгі күні зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтар ең төменгі күнкөріс деңгейінен 52% біркелкі мөлшерде базалық зейнетақы төлемін – 12 802 теңге алуға құқылы, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды.

     2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты (1998 ж.1 қаңтарына дейін) және жинақтаушы (1998 ж. 1 қаңтарынан бастап) жүйеге қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдістемесі өзгереді және базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін төменгі межелік деңгей ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) шамасынан 54% дейін ұлғайтылады. Жұмыс өтілі 10 жылдан кем болған жағдайда базалық төлем мөлшері ЕТКД 54% немесе 15 274 теңгені құрайды. Жұмыс өтілі 33 және одан да көп жылды құрайтын тұлғалар (ерлер және әйелдер) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ЕТКД 100% мөлшерінде алатын болады. </p>


Қостанай облысы бойынша
        ӘТВЕО департаментінің директоры Г.Хасанова

хат жіберу