Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
106984
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 27 Июля 2017

Төлем картасы
Сіз әмияныңыздағы ақшаның сақтығы үшін қорқасыз ба? Сіз өзіңіздің шығыныңызды есептей алмайсыз ба? Ақшалай түсіміңізді әрқашан білгіңіз келе ме?
Ендеше төлем картасын алыңыз!
Қазақстан Республикасында 11 коммерциялық банк төлем карточкаларын шығарады. Қазіргі күні VISA және Master Card халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары қолданылады, сондай-ақ, жергілікті төлем жүйелері де бар.
1.Төлем карталарын қолданудың мақсатын анықтап алыңыз. 
Карточкалардың мынадай түрлері болады: дебеттік, кредиттік.
Дебеттік карточкалар бойынша операциялар (ҚР 31-ге жуық түрі бар) ондай карточкаларды ұстаушылардың банктік шотындағы қаражатының көлемінде ғана жүргізіледі. Әдетте, мұндай карталар жалақы, зейнетақы немесе әлеуметтік төлем және т.б. аудару үшін қолданылады.
Кредиттік карталарды қолдануда (ҚР 23-ке жуық түрі бар) карточка ұстаушысының операциялары бойынша есеп айырысу банк беретін несие есебінен жүргізіледі. Мұндай есеп барысында қолдануға болатын қаражат лимиті беріліп отырған несие көлеміне байланысты болады. Белгіленген кезеңде, ұстаушы, банк алдындағы берешегін өтеуі тиіс, сонда ғана несиені қайта алу мүмкіндігі болады. Мұндай карталар туристік жол жүру, қызметтер үшін есеп айырысу және тауар сатып алу сияқты кездерде қолданылады. 
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: кредиттік картаның дебеттік картадан айырмашылығы, онда клиенттің емес банктің ақшасы жатады. Ондай карточкадан ақшаны алғанда Сіз банктен қарыз аласыз. Басқаша айтқанда, «қалауыңыз бойынша» тауар сатып алу мүмкіндігі үшін Сіз банкке пайыз төлейсіз (несиені қолданғаныңыз үшін).
2. Қандай да болсын төлем картасының валютасын анықтап алыңыз.
Кредиттік карточкалар теңгеде, ресей рублінде, АҚШ долларында, ЕУРОда, сондай ақ, мультивалюталық болып шығарылады. Дебеттік карталар көбіне теңгеде, кейде АҚШ долларында немесе ЕУРОда шығарылады.
3. Егер Сіз кредиттік карта алуды ұйғарсаңыз, Шартта төмендегілерге назар аударыңыз:
Кредиттік карта иесінің төлем қабілетіне байланысты белгіленетін кредиттік лимитке. Бұл Сіздің банктен қарызға %- бен шартта белгіленген мерзімге алатын сомаңыз.
Кредитті қолданғаныңыз үшін Шартта көрсетілген мөлшерлемеге немесе пайызға. Карточкалардың түріне қарай, 19-дан 40,5%-ға дейін, беріліп отырған кредиттің сомасына байланысты. 
Картаға қызмет көрсету құнына - карта мен төлем жүйесінің түріне байланысты жылына 1 200 теңгеден 200 000 теңгеге дейін.
Ай сайынғы минималды төлемге – Шарт бойынша Сіздің ай сайын шотқа аударатын ақшалай қаражатыңыз.
Кредиттік картаның мерзіміне –Сіздің банкпен кредиттік карта бойынша толық есеп айырысуға тиісті мерзіміңіз (қарыздың негізгі сомасы бойынша, кредитті қолданғаныңыз үшін және көрсетілген қызмет үшін есептелетін %-ды қоса).
Шарт талаптарын бұзған жағдайда карта иесіне банк тарапынан салынатын айыппұл санкцияларына.
Жеңілдік кезеңіне – карта ұстаушысының картадағы қаражатын алғаш қолданған кезеңінен басталатын, Шартта көрсетілген күн саны. Бірақ, ай сайын минималды төлемін тәртіпті төлеп, барлық жұмсалған соманы банкке жеңілдік мерзімінің соңына дейін қайтарған жағдайда ғана банк ол сомаға үстінен пайыз есептемейді. Қазақстан банктері 45 күннен 60 күнге дейін жеңілдік кезеңін береді.
Банктер қосымша қызметтер ұсынады:
Интернет-банкинг – ыңғайлы қаржылық қызмет. Ол Сізге онлайн тәртібінде коммуналдық төлемдерді, ұялы байланысты, кабельді теледидарды, Интернет провайдердің қызметтерін төлеу, Сіздің шоттарыңыздан үзінді көшірме алу, басқа банктердің шоттарына аударма жасау және т.б. мүмкіндіктерін береді.
Бонустық жүйе –ұсынып отырған қызметтеріне байланысты әр банкте әртүрлі болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Банкпен кредиттік карта бойынша есеп айырысқаннан соң бірден ОНЫ ЖАБУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ! Әйтпесе, Сіз банкке берешек болып қаласыз...
4. Сіз дебеттік карта алуды ұйғарсаңыз, Шартта төмендегілерге назар аударыңыз:
Картаға қызмет көрсету құнына. Банктер мобильді қосымшалар, интернет-банк, телефон арқылы қолдау көрсету, бөлімшелер мен банкоматтар желісімен карта иелерінің өмірін жеңілдетеді. Сондықтан, қызмет көрсету құны картаның және төлем жүйесінің түріне қарай, жылына 1000 теңгеден 30000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Картаны жасап шығару құны мен мерзіміне.
Бонустық жүйесіне. Ең танымал 2 түрі бар: жұмсалған ақшаның бөлігін картаға қайтару (cashback) және бонус есептеу. Кейін ол бонусты қандай да бір тауар немесе қызмет сатып алуға жұмсауға болады. Кейде шоттағы қалдықтарға пайыз есептелуі мүмкін. Ондай жағдайда, банктік карта қаражатыңызды құнсызданудан сақтауға көмектеседі.
Шартқа қол қоймас бұрын оның барлық пункттерін оқып шыққан дұрыс. Әсіресе, өте ұсақ шрифтпен жазылған бөлігін. Егер Сізге Шарттың түсініксіз пунктері болса, менеджердің түсіндіруін сұраңыз. 
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Тараптардың қолы қойылған шарт тараптардың өзара келісімімен жасалған болып есептеледі, сондықтан бекітілген шарттар бойынша қандай да бір келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына хабарласуға болады: 8(7142) 99 09 10, 99 09 19

хат жіберу