Блог статистикасы
190
Blog
2486
Апелляциялық
100476
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 27 Июля 2017

ҚРҰБ Қостанай филиалының пресс-релизі

2017ж. 01.07-не қаржы нарығының жағдайы

2017 жылдың 1 шілде жағдайына облыстың банк жүйесінде екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы жұмыс істейді. Облыстағы банктің құрылымдық бөлімдерінің саны 80 бірлікті құрады.

Несие нарығы
2017 жылдың 1 шілде жағдайына облыс банктерімен берілген несие көлемі 259,6 млрд.теңгені құрады, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға артты. Несиенің жалпы сомасының 60,5% немесе 157,1млрд. теңгесі заңды тұлғалардың берешегі, 2016 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 21,1%-ға өскен. Жеке тұлғалардың берешек көлемі 102,5 млрд. теңгені құрады, өсім-8,1%.
2017 жылғы қаңтар-маусым айларында облыстың банктері 94,6 млрд.теңгеге жаңа несие берді, бұл 2016 жылғы 6 айда берілген несие көлемінен 1,7 есе артық, оның ішінде, 53,8 млрд. теңгесі немесе 56,8% - корпоративтік секторға берілді.
Шағын бизнеске жыл басынан бері 14,4млрд.теңге берілген, бұл 2016 жылдың сәйкесті кезеңінен 16,1%-ға артық.
Ипотекалық несиелер бойынша берешек бір жылда 15,8%-ға өсіп, 2017ж. 01.07-не 27,6 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері банктер 4,7 млрд теңге ипотекалық несие берді, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 2,5 есе артық.
Тұтынушылық несиелер бойынша берешек бір жылда 13,3%-ға артып 2017ж. 01.06. жағдайына 62,4 млрд.теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша 32,6 млрд теңгеге жаңа несие берілді, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 1,7 есе артық.

Депозит нарығы
Облыс банктерінің депозиттік базасы бір жыл ішінде 25,1%-ға өсіп, 2017ж. 1 шілдесі жағдайына 329,0 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары – 97,8 млрд теңге, бұл 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 48,4%-ға артық.
Тұрғындардың салымдары да тұрақты өсуді көрсетіп отыр, бір жыл ішінде 17,3%-ға өскен. Долларлану деңгейінің төмендеу үрдісі де жалғасуда: бір жыл ішінде шетел валютасындағы салымдардың үлестік салмағы 52,3% -дан 35,8%-ға дейін төмендеді.

Қолма-қол шетел валютасының нарығы
2017 жылдың 1 шілдесі жағдайына облыста 139 айырбастау пункті жұмыс істеді, олардың ішінде 79 - уәкілетті банктердің, 58 - уәкілетті ұйымдардың және 2 - «Казпочта» АҚ-ның айырбастау пункттері.
Облыстың валюта нарығындағы жағдай тұрақты: 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында айырбастау пункттері 75,2млн. АҚШ долларын сатты, бұл 2016 жылдың сәйкесті кезеңінен 4,4% артық. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 1,5 есеге артық 16,5млн. еуро сатылды, сондай-ақ, 16,5млрд. ресей рублі сатылды, бұл өткен жылдың 6 айынан 18,8%-ға артық.

хат жіберу