Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
106984
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 27 Июля 2017

Отбасылық бюджет
Отбасылық бюджет — бұл Сіздің отбасыңыздың кіріс пен шығыстың есебі. Ірі сатып алуларды бейнетсіз жоспарлау үшін және ақша жинау үшін, Сіздің отбасыңызда ақша есебін жүргізу маңызды.Төменде отбасылық бюджет жүргізу бойынша негізгі ұсыныстар.
Отбасылық бюджетті жоспарлау не үшін маңызды? Дүниежүзілік және жергілікті экономикалық процесстер біздің өмірімізге әсерін тигізеді және онымен ештеңе істеу мүмкін емес: валюта бағамының өзгеруі, азық-түлік бағасының көтерілуі, ал жұмыс беруші кейде төлем ақыныкешіктіріп төлеуі мүмкін. Сіз өзіңізді қаржылық күйзелістен сақтандыруыңызға болады – отбасылық бюджетті жоспарлауды енгізіңіз. Осылайша Сіз ақшаны ақылмен жұмсап, ақша жинап, отбасылық ірі жобаларыңызды іске асыратын боласыз.
Бюджетті неден бастау жөн. Ең алдымен аздап есеп жүргізіңіз. Бір парақ қағаз алып, оны тікеден сызып бөліңіз. Сол жағында бір айдағы Сіздің отбасыңыздың кірісін жазыңыз – бұл тек қана еңбек ақы ғана емес, сыйақы, стипендия, жәрдемақы, салымдар бойынша пайыздар және т.б. болуы мүмкін. Оң жағында барлық шығыстарды жазыңыз: міндетті төлемдер (коммуналды қызметтер, телефон, несие, бала бақша), мерзімді төлемдер (қаларалық сөйлесулер, ұялы телефон, Интернет, сақтандыру, салықтар), сонымен қатар, айына Сізде тамақтануға, көлікке, киімге, аяқ киімге, тұрмыстық химияға, денсаулыққа, білімге (кітаптар, форма, курстар), спортқа, демалысқа және бос уақытқа, үй жануарларына, автокөлікке, мерекелерге, ұсақ шығынға қанша кететінің жазып қойыңыз. Екі бағандағы сомаларды салыстырып, оларды санаңыз. Егер шығыстар кірістерге тең болса, онда Сіз тәуекел жағдайында өмір сүресіз, себебі, кез келген күтпеген жағдай немесе ірі сатып алу Сізді тепе теңдіктен шығарады және де Сізді қосымша қаражат іздеуге әкеліп сақтырады. Ал егер де Сіздің шығыстарыңыз кірістердіен артық болса, онда Сіз тәуекел аймағындасыз, және де Сізде мүмкін қарыздарыңыз көп шығар. Ал егер кірістер шығыстардан көп болса, Сізді құттықтауға болады, Сіз қаржылық ырысқа барардың дұрыс жолындасыз. Қаржылық дағдыны біртіндеп енгізу маңызды, кейбір уақыттан кейін Сіз қорытындыны байқайсыз – Сіз ақша жинауды үйренесіз, және маңызды сатып алуларды қарызға кірмей ақ ала аласыз. Әр қадаммен Сіздің ақшаға деген көзқарасыңыз өзгереді.
Әр кірістен кем дегенде 10% алып қалуды бастаңыз
Кіріс — бұл Сіздің отбасылық бюджетке әрбір ақшаның түсуі. Жинақты кірістің кез келген деңгейімен жасау мүмкін. Ақша жинап, Сіз кез келген ірі сатып алуларды қарызсыз және несиесіз жоспарлай аласыз. Егер де еңбек ақы соңғы тиынға дейін жазылып қойса, күтпеген кірістерден жинаңыз: туған күндердің ақшалай сыйларынан немесе сыйақылардан. Ақша алғаннан кейін, дүкенге бармай тұрып немесе коммуналды қызметтерді төлемес бұрын, бірден ақшаның бір бөлігін салып қойыңыз.
«Қаржылық қауіпсіздік жастығын» қалыптастырыңыз
Отбасының резервтік қоры – бұл Сіздің жұмыстан босатуыңыздан, сырқаттануыңыздан немесе басқа да себептермен кірістен айырылуыңыздан сақтандыру болып табылады. «Қаржылық қауіпсіздік жастығы» Сіз кірісті алуды қайта қалпына келтіргенге дейін, Сізге 3-4 ай ішінде жақсы көмек болады. Егер Сізде банк алдында міндеттемелеріңіз болса, мұндай резервтік қор Сізге қажет, себебі кездейсоқ жағдайда бұл Сізге несие бойынша кезекті төлемді өтеуге көмектеседі. Мамандар қорда Сіздің жарты жылдық еңбек ақанызға тең сома болуды ұсынады.
Шағын және ірі сатып алуларды жоспарлаңыз. Отбасы мүшелерімен жарты жыл ішінде барлықтарыңыз демалысқа ақша жинауды келісіңіз. Немесе автокөлік сатып алуды жоспарласыңыз, бәріңіз бірге осы мақсатқа ұмтылыңыз. Ақша қай валютада жұмсауды жоспарласаңыз, сол валютада жинау маңызды. Шетелге баруға шетел валютасында жинаңыз, ал жаңа тоңазытқышқа теңге керек болады.
Барлық шығыстарды жазып қойыңыз. Барлық отбасы супермаркеттердің чектерін жинап, шағын шығыстарды ескерген жөн. Сіз не үшін қанша ақша жұмсайтыңызды білмегенге дейін, үнемдеуді бастамайсыз. Барлығын жазыңыз: әріптесіңізге 200 теңге бергеніңізді, шокошлад алғаныңызды, кеңседе кофе алу үшін ақша тапсырғаныңызды. Отбасылық бюджетті жүргізу үшін бағдарламалар мен көптеген мобильді қосымшалар бар, Сізге біздің кестеден бастауға болады.
Депозиттер ашып, жиналған пайыз бойынша ақша жасаңыз. Банктегі ақша (банктік салым) Сіздің капиталыңызды арттырады, ал олардың сақтығына мемлекет кепілді.Кірісті көбейтудің барлық әдістерін қарастырыңыз: кейбір банктер картамен төлем жүргізген кезде кэшбек береді немесе сіздің картаныздағы қалған ақшаға сыйақы есептейді.
Болашағыңызды жоспарлаңыз. Болашағыңыз туралы күтім – бұл өзіңіздің және балаларыңыздың инвестициясы, күтпеген жағдайлардан сақтандыруы. Егер де отбасыңызда Сіз жалғыз ғана кіріс көзі болсаңыз, өзіңіздің өміріңізді сақтандырыңыз. Мемлекет сыйақысы бар білім депозитін ашыңыз, осылайша Сіз өз балаларыңыздың қалаған оқу орнында оқуын қамтамасыз етесіз. Зейнеткерлік туралы ойлаңыз: егер де Сіз кемел жаста саяхаттап, өміріңізбен рақатқа бөленуіңіз келсе, онда жас кезеніңізде ерікті зейнетақы салымдары туралы қазір ойлауыңыз қажет.
Отбасылық бюджет туралы білу қажет:
• Отбасылық бюджет өмірдегі қаржылық күйзелістердің алдын алуға көмектеседі.
• Кірістің әр түрлі деңгейінде ақша жинауға болады. Ақша жинаудың ең бірінші мақсаты – «қаржылық қауіпсіздік жастығы».
• Барлық кірістер мен шығыстарды тіркеу жөн.
• Қарыздар болып қалмау үшін, барлық ірі сатып алуларды және шығындарды алдын-ала жоспарлаңыз.

хат жіберу