Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
106985
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Несие туралы
Банк несиесі (немесе қарыз) – ақылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктік қарызға ұсынатын ақша сомасы.
Бұл, қарыз алушы банктен алынған қарызды келісілген мерзімде және қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы төлей отырып қайтаруға міндетті дегенді білдіреді.
Қарыз – мерзімі бойынша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), мақсаты бойынша (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға, ипотека алуға, мақсатсыз), қамтамастандырылғандығы бойынша (кепілді және кепілсіз) және басқа да критерийлері бойынша ерекшеленеді.
Несие алу туралы шешім қабылдамастан бұрын, мынаны жасау қажет:
1. Несие алу қажеттілігін бағалау. Несиеге сатып алатын тауар/мүлік қаншалықты шұғыл қажет? Құны-несие қаражатынсыз сатып алуға мүмкіндік беретін мөлшерге түскенше, сатып алуды кейінге қалдыруға болады ма?
2. өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді есептеңіз және несие бойынша алдағы төлемдерге арналған шығын бөлігіңіз болжалды өсуін ескере отырып өз бюджетіңізді талдаңыз. Отбасылық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін анықтай отырып, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бағалаңыз: несиені төлеуге Сіздің қаржылық мүмкіндігіңіздің шамасы қаншалықты жетеді.
3. қарыз шарттарын мұқият зерделеңіз. Банк қарызы шартын жасағанға дейін банк клиентке өзге мәліметтермен бірге ауызша түрде келесі ақпаратты беруі тиіс:
o қарыз мерзімі;
o қарыздың шектік сомасы және валютасы;
o сыйақы мөлшерлемесінің түрі және мөлшері;
o қарыз берумен және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен төлемдердің толық тізімі;
o қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіпте өзгерту жағдайлары;
o клиенттің, кепіл берушінің, кепілгердің және өзге тұлғалардың жауапкершілігі мен тәуекелдері.
Туындаған кез-келген сұрақтар бойынша банк менеджерінен кеңес сұраңыз.
Банк жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ қарыз шартын жасағанға дейін оған несие берудің келесідей талаптарын таңдау мүмкіндігін ұсынуға міндетті: қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (СЖТМ) есептеу барысында ескерілетін комиссиялар мен өзге төлемдерді көздемейтін, сондай-ақ, қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты және банк қарызы шартымен көзделген сыйақы мөлшерлемесінен басқа банктің комиссиялар мен өзге төлемдерді ұстау құқығын көздейтін талаптар.
Бұл ретте қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер Ұлттық Банктің 30.05.2016 жылғы №134 қаулысымен шектелген. Банктер несие берген кезде осы қаулыда аталған комиссиялар мен төлемдерді ғана ұстауға құқылы.
Қарыз шартын жасағанға дейін банк әр түрлі төлем әдістерімен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын таңдауға ұсынуға міндетті: аннуитеттік төлемдер – ай сайын негізгі қарыздың бір бөлігі мен есептелген сыйақыны қамтитын теңдей сома төленеді және дифференциалдық – қарыздың негізгі сомасы теңдей үлестермен төленеді, ал сыйақы қарыздың қалдығына есептеледі. Бұл әдіске сәйкес,несие бойынша алғашқы төлем несиелеудің бүкіл мерзімі ішінде ең ірі төлем болады, ал алғашқы жылдар – қаржылық жүктеме тұрғысынан ең ауыр жылдар болады.
Қарыз валютасын таңдаған кезде шетелдік валютадағы қарыздар – табысы теңгемен өлшенетін қарыз алушы үшін аса тиімсіз. Сонымен қатар, банктерге азаматтың жүгінген күніне дейін 6 ай бойы шетелдік валютамен табыс алмаған азаматтарға ипотекалық қарызды шетелдік валютада беруге тыйым салынған.
Әдетте, мүлік кепілдігімен берілетін қарыздар кепілсіз қарыздарға қарағанда арзанырақ (сыйақы мөлшерлемесі төменірек). Дегенмен, қарыз алушы кепілзатпен қамтамасыз етілген қарыз шарты бойынша талаптарды бұзған жағдайда, банк өзге жолдармен қарызды өндіріп алуға құқылы.
4. өзіңізді қызықтыратын несие өнімі бойынша бірнеше банктің шартын зерделеңіз. Әр түрлі банктердегі несиелердің нақты құнын салыстыру үшін қарыз алушылар СЖТМ туралы білуі тиіс, ол – қарызды алумен және төлеумен байланысты клиенттің барлық шығындарының ескерілуімен қарыздың құнын білдіреді.
5. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас».
Тараптардың қолы қойылған шарт тараптардың өзара келісімімен жасалған болып есептеледі, сондықтан бекітілген шарттар бойынша қандай да бір келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттерді қабылдауға лицезиясы бар банктер тізімін www.nationalbank.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде танысып шығуға болады.
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына хабарласуға болады: 8(7142) 99 09 10, 99 09 19

хат жіберу