Блог статистикасы
196
Жазбалар
2679
Өтініштер
128832
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

2018 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» шықты 

2018 жылғы 19 суірде Астананың орталық коммуникациялар орталығында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының 8 және 9 бағыттарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» презентацияланды.

Ұлттық баяндамада мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейде таралуының жағдайы мен тенденциялары, жемқорлықтың алдын алудағы қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың және заңнаманың даму тенденциялары көрініс тапқан.

Оның құрылуына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшы және ғалымдар қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері атап өткендей,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат моделін құруға септігін тигізді.

Сонымен қатар, Ұлттық баяндама Елбасының қарастыруына ұсынылып, келісілді.

Ұлттық баяндаманың толық нұсқасымен Сіз Агенттіктің сайтында таныса аласыз:

http://kyzmet.gov.kz/sites/default/files/pages/nacdoklad_rus-compressed.pdf


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері жаңа пән оқымақ

Бүгінгі таңда Қазақстанда 18 миллионға жуық адам тұрады, олардың көбі жастар (30%). Сондықтан да Қазақстанның болашаққа барар жолы жастарымыздың даму деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесіне тікелей байланысты.

Мемлекеттің басты назары өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін, азаматтық белсенділігін және «нөлдік төзбеушіліктің» принциптерін қалыптастыру мәселелеріне бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті жас ерекшеліктерін, кәсіби және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша  тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту курстарымен барлық оқу орындары, мемлекеттік мекемелер, жалпы айтқанда азаматтық қоғамының барлығы қамтылған.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы басты факторы болып табылады. Сондықтан да мемлекетпен оқу орындарындағы тәрбиелу процесстеріне түзету енгізу бойынша іс-шаралары қолға алынған.

2015 жылдан бастап аталған мәселелер Білім және ғылым Министірлігі

Бекіткен «Тәрбие беру қызметінің тұжырымдамалық негізі» пәнінде көрсетілген болатын.

Сонымен қатар, колледж, техникалық және кәсіби лицейлердің оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы «Құқық негізі», «Құқық негізі және еңбекті қорғау», «Құқық қорғау, кәсіби қызметтінің құқықтық қамтамасыз етілуі» пәндердің тиісті тарауларында енгізілген.

2017 жылдың науырыз айында Департаментпен және облыстың жоғары оқу орындарының арасында ынтымақтастық жөнінде Меморандумдар жасалды. Аталған Меморандумдардың шеңберінде тәрбие беру түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптары бойынша курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауда ынтымақтастық бар. Іс-шараларды ұйымдастырудан бөлек «Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?» атты арнайы курстары ұйымдастырылған және т.б.

Облыстың ЖОО және колледждері де білім беру жүйесінде көпшіліктің сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру бойынша өздері қызмет атқарады.  

Сыбайлас жемқорлықты қарсы алу бойынша  іс-шаралардың бекітілген жоспарының шеңберінде «Таза сессия!», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциялары және флеш-мобтар, семинарлар және басқа іс-шаралар үнемі жүргізіледі.  Жоғары оқу орындарының сайттарында үнемі жаңарып отыратын «Сыбайлас жемқорлыққа жоқ де!» атты бөлім (бет) ашылған, аталған бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін жоғары оқу орындары басшыларының  блогтары жұмыс істейді.

Оқу процессі нәтижелерінің «ашықтығын» қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-ның және өзін-өзі басқару инстуттарының басшыларымен әлеуметтік зерттеулер, студенттердің анонимдік сауалнамалары жүргізіледі, олардың нәтижелері оқу орындарының ішінде де, мемлекеттік органдарының білім беру және жастар саясаты салаларының қоғамдық кеңестерінде тыңдалады.

Білім беру саласындағы мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым қатынастың жаңа кезеңі ретінде Департаменттің бастамасымен қолға алынған жобаны айтуға болады. Аталған жоба дегеніміз А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері оқитын «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні.

Жаңа пәнді оқу барысында студенттер мемлекеттік басқарудың ғылыми және практиқалық негіздерін меңгере алады, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібімен таныса алады, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының реформалауның және ұйымдастыруының негізгі бағыттары жөнінде білетін болады.

Оқытылатын пән 3 білім беру кредитіне есептелген және болашақ мамандармен 135 сағатқа жуық уақыт оқылады.

Аталған пән бойынша қорытынды баға алу үшін оқытудың соңында арнайы компьютерлік тестілеуден өту қажет болады.

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті көп жылдан бері әлеуметтік инновациялар және азаматтық бастамаларының саласында жол салушы екеніне өте қуаныштымыз» деп, Департаменттің сыбайлас жемқорлықты алдын алу Басқармасының басшысы Рустем Болат өз пікірін білдірді.

 Жастар қоғамның өзекті мәселелеріне деген көзқарастарын өзгертуге және мемлекеттік қызмет мәселелеріне немқұрайлы қараудан арылу үшін жұмыстың жаңа формаларын ұсынуға әрқашан дайын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің баспасөз-хатшысы Аида Бажирова.


Тақырып: «Мемлекеттік қызметке орналасуға арналған конкурстың ашықтығы»

Қазақстан Республикасы мемлекекттік қызметінің негізгі принциптерінің бірі - мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық  болып табылады.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен  бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағида), конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі -  уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (бұдан әрі - кадр қызметі) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық  көшірмесін және жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық  көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте кадр қызметі әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін олардың  түпнұсқаларымен салыстырып тексереді және комиссия хатшысы байқаушыларды оларға арналған жадынамамен таныстырады.

Қағидаларға сәйкес байқаушының конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға, олармен әңгемелесуге қатысуға, әңгемелесуді өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз пікірін білдіруге, әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге, конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, байқаушы конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялай алмайды, әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасай алмайды, конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесе алмайды, конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер ете алмайды, нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалай алмайды немесе пікірін білдіре алмайды, техникалық жазба қүралдарын пайдалана алмайды.

Қостанай облысында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға бірде-бір конкурс байқаушының қатысуынсыз өтпейді. Осылайша, облыста конкурстық рәсімдердің жүз пайыздық ашықтығына қол жеткізілді.

Өз кезегінде департамент қызметшілері уәкілетті органның өкілдері ретінде конкурстарға байқаушылар ретінде белсенді қатысады. Конкурс өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда Департамент кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарта отырып бұзушылықтарды жою, тіпті конкурстың күшін жою туралы мәселені дереу қозғайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Жайлебаев Ербол Маратұлы







  

Информация Департамента Министерства  по делам государственной службы Республики Казахстан по Костанайской области

Тобыл ауылдық округнің әкімнің сыбайлас жемқорлық туралы мақаласы

Денисов ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлық туралы мақаласы



хат жіберу