Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106712
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Кәсіпкерлік палатасы

Өңірде «Bastau Бизнес» оқу курстары басталды

Нәтижелі жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы аясындағы оқытатын жоба облыстың Қостанай, Әулиекөл, Ұарасу, Қарабалық, Меңдіқара, Федеров аудандарында жүріп жатыр.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша аталмыш курстарда жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан 361адам қатысып жатыр. Олардың бәрі кәсіпкерлік қабілетті анықтайтын алдын ала тестілеуден өтті. Жалпы курс 12 тақырыптық бөліктен тұратын 1 айлық оқу. Алғашқы сабақтар бизнестің психологиясына, әлеуетті кәсіпкерлікті анықтауға арналады.

«Теза арада табыс тапқысы келетін қатысушыларға айтарымыз – бастысы баю емес, белгілі бір жобаның сәтті жүзеге асуы. Маркетинг сабақтарында тауарды өткізу секторын зерттейтін боламыз. Содан соң қадам қадам бойынша бизнес-жоспарды құрамыз. Қаржылық сауаттылық, мемлекеттік бағдарламалар, заңнамаларды түсіну сабақтары да курстарда қамтылған. Соңғы аптада шешендік өнерге ден береміз, өйткені әр тыңдаушы қаржыландыру комиссиясының қазілар алқасы алдында өз жобасын сәтті қорғап шығу керек», – дедйді «Bastau Бизнес» жобасының бизнес-тренеры Ақмарал Бекмырзаева.

Сертификаттарын қолдарына алған тыңдаушылар Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры мен Агро-несие корпорациясы қаржыландыратын микронесиелік серіктестіктер арқылы төмен мөлшерлемесі бар несие алуға мүмкіндіктері бар. Алдын ала жасалған саулнама нәтижесі көрсеткендей тыңдаушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығын қолға алғысы келеді. Сонымен қатар ателье, наубайхана, шаштараз ашуға ынта байқалды. Келешекте Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнесіт жүргізу бойынша әр жобаны сүйемелдейтін болады.


Е. Киселёв. Қостанай облысы Кәсіпкерлер

палатасының  Денисов ауданындағы

   филиалдың директоры             


Қостанайлық компаниялар қызметкерлерінің медициналық тексерулерінде миллиондаған теңге үнемдейді

Тамақ өндіріс кәсіпорындары қызметкерлерін медициналық тексеруден жылына екі рет емес,  бұрынғыша бір рет  қана өткізеді Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасын компаниялар басшылары сұраған. Медициналық тексерулерді ұлғайтқан жаңа ережелер 2016 жылдың қаңтарынан енгізілген болатын.  Бизнес болжамы бойынша бұл жаңа бастама бюджетке ауыр тиген.

Мәселен 2015 жылы «Баян Сұлу» атты қостанайлық кондитер фабрикасы қызметкерлердің жыл сайынғы медицианлық тексерулеріне шамамен 12 млн теңге жұмсаған болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 26 млн болған. Аталған мәселе басқа да тамақ өндірісімен айналысатын компанияларда да орын алған. Жаңа норманың санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздікке негізделгенмен, бизнесті шығынға батырып отыр.

Осыған орай «Атамекен» ҰКП өзінің градациясына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін қызметкерлерге медициналық тексеру алты айда бір рет, ал тамақ өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлер текеруден жылына бір рет өтуді ұсынды.

 Нәтижесінде 2017 жылдың ақпанында «ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерту енгізу туралы» Бұйрық күшіне еніп, бұл құжатқа сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер  палатасының ұсынысы ескерілген. 

Қостанай облысы Кәсіпкерлер

палатасының  Денисов ауданындағы

филиалдың директоры, Е.Киселёв


Бір миллиард теңгедей қаражат үнемделіп, ондаған мәселе шешімін тапты

Облыстағы Кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау желісі бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Құқықтық бөлімнің сарапшылары мәлімдегендей, 2016 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша, өңір бизнесмендерінен 195 арыз келіп түскен. Олар салық органдары мен монополияға қарсы органның әрекетіне, жер телімдерін алу мүмкін еместігіне, мемлекеттік сатып алулар саласындағы проблемаларға шағымданыпты. Кәсіпкерлер осындай мәселелермен жиі ұшырасады екен.

«Соңғы атқарылған жұмыстардың бірі – жекеменшік фирмаға мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз жеткізушілер тізілімінен шығаруға көмек берілді. Фирма өз еркімен емес, ауылдық әкімдік қызметкерінің кесірінен «сенімсіз» атанған. Бұл жайтты біз сотта дәлелдей алдық. Жалпы алғанда, келіп түскен арыздардың жартысы бүгінгі таңда оң шешімін тапты», – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау бөлімінің басшысы Ренат Дәулетбаев.

Ауыл кәсіпкерлерін қолдау Палатаның тармақталған желілері арқасында мүмкін болып отыр. Мәселен, Жетіқара ауданындағы қоғамдық тамақтандыру нысандары басшыларының арызынан соң, монополистің қосымша тарифтік төлемдер бекіту жөніндегі заңсыз талабы жойылды. Мәселе прокуратураның көмегімен шешілді.

«Егер ақшалай түрдегі көмекке баға берер болсақ, онда өткен жылы біз кәсіпкерлерге тоғыз жүз миллионнан астам теңгені үнемдеуге көмектестік. Бұл жойылған айыппұлдардың, қосымша есеп-қисаптардың, мүліктік шығындардың жалпы сомасы», – деп мәлімдеді Ренат Дәулетбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, заңға немесе заңға қосымша актілерге өзгерістер енгізбей, кейбір мәселелерді шешу мүмкін емес. Олар күнтәртібінен алынып тасталмайды, керісінше Ұлттық палатаның арнайы тізіліміне қосылады. Қандай да бір мәселенің қаншалықты деңгейде екенін бақылап отыруға мүмкіндік беретін аталған тізілім ресми сайтта орналастырылған. Қостанай облысынан тізілімге он сегіз өзекті мәселе енгізілген.


Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері баланста жері болмаса да салық жеңілдіктерін алатын болды

Бұл өзгертулерді енгізу ҚР Парламент Мәжілісі қарауында деп хабарлады Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Қайыр Айсин

Оның айтуынша, 70% жеңілдігі бар бүгінгі таңдағы арнаулы салық режимі тек баланста жері бар ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне арналған. Жері жоқ ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерге, оның ішінде негізінен мал шаруашылығымен айналысатын кооперативтерге мұндай жеңілдіктер жасалмаған, ал бұл өңірде ондай шаруашылықтар өте көп.

«Бұл дегеніңіз – олар жалпы белгіленген салық төлейді деген сөз. Осы мәселені Кәсіпкерлер палатасына шағым түсіруші кооператив мүшелерінің біразы айтты, бірқатар дөңгелек үстелдер басында да бұл жайтты қозғадық. Бұл жүйелі мәселе болғандықтан, ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесе отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы Салық кодексіне өзгерту енгізуді ұсынған еді. Қазан айында заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылды, енді тиісті өзгертулерді енгізуді қарастырады», – деді Қайыр Айсин. 

«Ауылшаруашылық кооперативтерін қолдау шаралары 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында көбейе түсуі мүмкін», – дейді Қайыр Айсин. Бағдарлама тұжырымдасын қазіргі таңда еліміздің бизнес-қауымдастығы өзара талқыға салып жатыр. Бағдарлама негізінен өнімді өткізу мәселесін қамтып, мал шаруашылығын дамытуға назар аударып, осы салаға субсидия бөлуді бастамақ.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында 136 ауылшаруашылық өндірістік кооператив бар, олардың 58-і Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен ашылған. Палата мамандары кәсіпкерлердің құжаттарын, жарғылары мен келісімдерін дайындауға көмектесіп, құрылтайшылық жиналыстарын өткізіп, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін мемлекеттік тіркеуге тұрғызуға барынша көмектесуде. 


«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратураға кәсіпкерлерді толғандырған мәселелерді жеткізіп, олардың шешімін табу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады

Кәсіпкерлердің барлық өзекті мәселелері ағымдағы жылдың маусым айында өткен «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» форумында мәлімделгені белгілі. Оның қорытындысында Жол картасы дайындалған болатын.

Бас прокуратурада өткен алқа отырысында Жол картасын орындаудың алғашқы нәтижелері талқыланды. Аталған шараға Бас прокурор Жақып Асанов пен «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-министр кеңсесінің жауапты қызметкерлері, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, Жоғарғы сот, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты.

Жиында баяндама жасаған «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, Үкімет пен мемлекеттік органдардың бизнеске қысымды азайтуға байланысты қолға алған шараларына қарамастан, шын мәнінде ахуалдың мәз емес екенін атап өтті.

«Біріншіден, тексерісті жүргізудің өзінде бірқатар түйткілдер кездеседі. Мәселен, Кәсіпкерлік кодексінде тексерістердің жалпы тәртібі белгіленген – бұл Тәуекел деңгейін бағалау қағидаттары, тексерістерді прокуратурада тіркеу, тексеру парақтарын ұсыну. Дегенмен, әр бақылаушы тарап өзінің тексерістерін ерекше санап, ортақ ережелер ауқымынан шығып кетіп жатады. Қазіргі уақытта кодексте мұндай 25 олқылыққа мүмкіндік қарастырылған», - деп хабарлады Рустам Жүрсінов.

Екіншіден, Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, баршаны салық мекемелерінің жоспардан тыс тексерістері алаңдатуда.

«Салық кодексінде (627-бап), құзырлы органның немесе салық органының шешімін қосқанда, 32 түрлі негіздеме аясында тексеріс тағайындауға жол ашық. Бәріне белгілі, бұл жайт жемқорлыққа итермелеп, салық орындарының тиісті бапты қалағанынша қолдануына жағдай жасауда. Аталған тексерістердің қандай кезде тағайындалатынын нақтылауды ұсынамыз», - деді Рустам Жүрсінов.


Тимур Құлыбаевтың он қадамы

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жұмысының басты басымдықтарының бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мен жұмыспен қамту ауқымын кеңейтуді белгілеп бергені белгілі. Бұған қоса, агроөнеркәсіп кешенін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту мен экспорттық әлеуетті әртараптандыру бойынша тапсырмалар берген еді.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға орай Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытудың 10 ілгерінді қадамын ұсынып отыр. Ал біз осы 10 қадамның түйінін тарқату мақсатында Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Т.А.ҚҰЛЫБАЕВТЫ әңгімеге тартқан болатынбыз.

Микронесиелеуді кеңейту – кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды жолы

Тимур Асқарұлы, қазіргі кезде кәсіпкерлікті микронесиелеу «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып келе жатқанынан хабардармыз. Осы бағдарламалардың артықшылықтары қандай, кемшіліктері бар ма? Болашақта микронесиелеуді қазіргіден де жеңілдетудің жолдары қарастырыла ма?

– Бүгінде бизнесті микронесиелеу, өздеріңіз айтқандай, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылу үстінде. Берілу көлемі жылына 6 пайыздық өсіммен 10 млн теңге. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес жылына 5 пайыздық өсіммен 3 млн теңге беріліп келеді. Бұған қоса, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингінің тетіктері арқылы микронесиелік ұйымдар тарапынан жылына 9,5/12 пайыздық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейін несиелеу қарастырылған.

Осындай тиімді қаржылық шарттарға қарамастан, кәсіпкерлер аталған бағдарламалар бойынша кепілмен қамтамасыз ету, талап етілетін құжаттар санының көптігі және ілеспелі жобалардың жоқтығы салдарынан қиындықтарға тап келіп жатады. Мәселен, кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша микронесие алу үшін 13 құжат ұсынуы тиіс. Осыған қарамастан, өткен жылы Микронесиелік ұйымдар (МНҰ) тарапынан жалпы сомасы 120 млрд теңгенің 564 мың микронесиесі беріліпті.

Бұл жерде атап көрсететін бір жайт – ауылдық жерлерді микронесиемен қамту деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Ауылдық жерлерде тек 75 МНҰ ғана белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ал Қазақстанда, тұтастай алғанда, белсенді жұмыс істейтін 342 МНҰ бар. Мәселен, Атырау облысында МНҰ ауылдарда мүлдем жұмыс істемейді, Ақтөбе облысында осындай белсенді екі-ақ ұйым тіркелген, Маңғыстау облысында, тіпті, біреу ғана.

Істерін енді бастаған көптеген кәсіпкерлер үшін микронесиелер мөлшермелердің (орташа алғанда жылдық 40 пайыз) жоғары болуымен байланысты қолжетімсіз болып отыр. Осыған орай үстіміздегі жылдың басынан бері «Атамекен» ҰКП жеке инвестициялар мен жергілікті бюджет қаржыларын тарту есебінен бес қанатқақты облыста микронесиелеуге кірісіп кетті. Олар: Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

«Атамекен» ҰКП жүзеге асырып жатқан шешуші басымдықтарға микронесиелеудің кепілдер бойынша икемділігі, кепілдеме ұсыну, кәсіпкерлердің оқудан бастап бизнес-жобалар жасағанға дейінгі аралықтағы іс-әрекеттері, кооперациялар мен тікелей сатудың мүмкіндіктері жатады.

Микронесиелер 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен 15 млн. теңгеге дейінгі сомада салалық шектеулерсіз беріледі. Оның үстіне, кәсіпкерге микронесие алу үшін бар болғаны 5-6 құжат өткізсе жетіп жатыр.

Микронесиелеу қызметімен кең қамту «Атамекен» ҰКП-ның инфрақұрылымдарын дамытуды қамтамасыз етеді. Қамтамасыз ету аудандық деңгейде де жүзеге асырылады. Бүгінге дейін облыстық деңгейде 23 Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы (КҚО), ал аудандық деңгейде 188 Кәсіпкерлікті қолдау орталығы (КҚО) жұмыс істесе, олардың 152-сі аудан орталықтарында, 9-ы шағын қалаларда, ал 27-сі моноқалаларда орналасқан

Халықты бизнестің негіздеріне жаппай оқытқан тиімді

– Қазіргі таңда халықты бизнестің негіздеріне оқытып-үйрету «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде жүзеге асырылып жатыр екен. Осы мәселені тарқата түссеңіз.

– Осы арада оқыту тақырыбына байланысты «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту 2 күн ішінде, ал «Бизнес-Өсім» жобасы бойынша 2-5 күн аралығында жүзеге асырылатынын нақтылай кетейін. Бизнестің негіздеріне дайын емес аудиторияны, әсіресе, ауыл халқын осындай пішімде оқыту өте тиімсіз және формальді.

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қысымды төмендету, сондай-ақ, өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету үшін нақты іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде «Атамекен» ҰКП ел Үкіметінің қолдауымен Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында екі қанатқақты жобаны – «Bastau Бизнес» және «Bastau Кәсіп» жобаларын аяқтады.

«Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкерлікті ауылда дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейін бизнес-бастамалар мен халықты кәсіпкерлік негіздеріне жан-жақты үйрету арқылы көтеруді мақсат тұтады. «Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқыту ұзақтығы 1 айды құраса, бұл бизнеске оқытудың басқа бағдарламалары ұзақтығынан 6-дан 10 есеге дейін асып түседі.

«Bastau Бизнес» жобасы 5 кезеңде жүзеге асырылады: 1) халықты жобамен құлақтандыру және таныстыру; 2) тестілеу жүргізу мен қатысушыларды іріктеу; 3) практикалық оқыту; 4) бизнес-жоспарды жан-жақты талқылау, бизнес-жоспар жасау; 5) жобаны микронесиелеу беруді қоса алғанда, алғашқы 12 ай бойы ілгерілету.

«Bastau Кәсіп» жобасының ерекшелігі еңбек нарығының сұранысына бағдарланғандығында болып табылады. Бұл оқыту және жұмыспен қамту қызметтері арқылы жүзеге асырылады (Naimi.kz сервистік базасының мобильді қосымшасы, біртұтас call-орталық, тапсырыстарды онлайн режімде оқыту және іздеу).

«Атамекен» ҰКП-да «Атамекен Бизнес Академия» онлайн-оқыту жобасы жүзеге асырылып жатыр, сондай-ақ, бизнес-тренерлерді оқыту үшін әдістемелік орталықтар құрылуда.

Ұзақтығы жөнінен оқытудың қысқа мерзімді мемлекеттік бағдарламасынан 6-10 есе асып түсетін «Bastau Бизнес» жобасының тиімділігін ескере келгенде, жобаның икемділігі мен бейімділігі оң бағаланатыны анық. Сондықтан онымен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін кең ауқымды қамту ұсынылып отыр.

«Bastau Кәсіп» жобасын толыққанды жүзеге асыру және кеңейту мақсаттарында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде оны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына интеграциялау ұсынылады. Бұл жерде тиісті орталық мемлекеттік органдардың (Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі) ресурстарын аталған жобаны барынша тиімді жүзеге асыру үшін пайдалану қажеттігі де көлденең тартылады.

Ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту – ілгерілеу кепілі

– Агроөнеркәсіп кешенін дамытуды тежеп келе жатқан проблемалардың бірі басым жағдайда өндірістің ұсақ тауарлы сипаты болып табылатыны ақиқат. Осы проблеманы шешу үшін қандай жұмыстар жасалып жатқанын білсек деп едік.

– Ұсақтауарлылық проблемасын еңсеру мақсатында өткен жылдың қазан айында «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң қабылданды. 10 қанатқақты кооперативтер құру және оның жұмысын жолға қою бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жоспары жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, ҰКП тарапынан «200 ауыл шаруашылығы кооперативтері» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кездің өзінде шамамен 7 мың шаруа қожалығы мен халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарын біріктіретін 283 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді.

Сонымен бір мезгілде, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ауыл шаруашылығы кооперативтері пішінінде ірілене отырып, «арзан» ақшаға қол жеткізе алмау проблемасымен бетпе-бет келуде. Қаржыға қол жеткізу проблемасын шешу үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мыналар ұсынылады:

- халықтың кооперативтерге біріккен жеке қосалқы шаруашылықтарының микронесиелеу басымдықтарын айқындау;

- «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ институттары арқылы жеңілдікпен несиелеудің жаңа өнімін енгізу.

Сараптама қорытындыларына сүйенсек, тікелей сату жүйесінің болмауы салдарынан өндірілген өнімнің 20-40 пайызға дейін қымбаттап кететіні байқалып отыр. Осыған орай желілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері арасында сауданы дамытудың үш кезеңді тәсілі ұсынылады.

Бұрынғы қадамдарды жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстарды ескере келгенде, ауыл шаруашылығы кооперацияларын қолдау жүйесі төмендегіше түзілетін болады:

- жергілікті жерлерде ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- халықты бизнестің негіздеріне, бизнес-жоспар жасауға үйрету;

- микронесиелеу арқылы қаржыландыру немесе «ҚазАгро» ҰБХ арқылы жеңілдікпен қаржыландыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды/қайта өңдеуді ұйымдастыру.

Бәсекеге қабілетті бизнесті ұзақ мерзімді

мемлекеттік тапсырыстар есебінен қолдау қажет

– Қалыптасқан экономикалық жағдайда отандық өнімдерге сұранысты ынталандыру маңызды. Аталған үдерісте күнделікті тұтынатын тауарлар, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік секторларды сатып алу және жер қойнауын пайдалану шеңберіндегі тұрақты сұраныс шешуші рөл атқаратыны белгілі. Осы арада мынадай сұрақ туындайды: күнделікті тұтынатын тауарлардың жыл сайынғы көлемі қандай?

– Күнделікті сұранысқа ие тұтыну тауарларының жыл сайынғы көлемі (киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік өнімдері, жиһаз) шамамен 1,9 трлн теңгені құрайды. Бірақ осының ішінде отандық өнімнің үлесі орташа алғанда 30 пайыздан аспайды. Ал мемлекеттік сатып алулардың, квазимемлекеттік секторлардағы сатып алулар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы көлемі шамамен алғанда 9,7 трлн теңге болса, отандық деңгейдің үлесі – 57 пайыз.

Осыған байланысты отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жергілікті мазмұнның үлесін арттыру жолымен жоғарылату бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін жергілікті тауар өндірушілерге ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдау көрсетілуі шарт. Қазіргі таңда осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіле бастағанын да айта кеткеннің артықтығы жоқ.

Шағын және орта кәсіпкерліктің экспортқа

бағдарлануы – экономика өсімінің негізгі драйвері

– Бүгінгідей жағдайда экономика өсімін қалай ынталандыруға болады?

– Соңғы жылдары ел экономикасы дамуының баялауы бізді өсімнің жаңа драйверлерін табуға интермелеп отыр. Экономикамыз кейінгі онжылдықта ірі компанияларға тәуелді болған болса, бүгінде біз парадигманы шағын және орта кәсіпкерлікке қарай бұруға тиіспіз. Әсіресе, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға көңіл бөлуіміз керек, өйткені біздің ірі көршілерімізде –  Қытай, Ресей және Иранның ірі нарықтарында біз әлі пайдаланбаған экспорттық әлеует бар.

Шағын және орта кәсіпкерлік секторының да ішкі проблемалары баршылық. Мысалы, дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің экспорттағы үлесі қазақстандық көрсеткіштерден он есе жоғары – 25 пен 50 пайыз арасында болып отыр. Бұл ел кәсіпкерлерінің айтарлықтай бөлігі сауда секторында екендігімен, ал өзге озық елдерде керісінше өндіруші болып отырғандығымен түсіндіріледі.

Бүгінде Қазақстанда экспортты қолдаудың жалпыға мойындалған барлық мемлекеттік қолдау шаралары бар, олар түрлі мемлекеттік мекемелер арасында «шашырап кеткен». Бұл шаралардың келісілмеуіне, экспортты қолдау жөніндегі ұйымдардың арасында бірдей функциялар жүктеуге әкелуде. Органдар арасындағы осы түсініспеушіліктердің бәрінен кәсіпкерлеріміз жапа шегіп отыр.

Сондықтан, экспорттаушыларды қолдау жан-жақты механизм болып саналатындығын және түрлі құралдарды пайдалануды қажет ететінін ескере отырып, барлық шараны бірыңғай әрі жүйелі үдеріске байланыстыру қажет. Бұл үшін Экспортты ілгерілетудің ортақ стратегиясын әзірлеп, қандай компаниялардың экспортқа шығуға әлеуеті бар екенін анықтаудан бастап, өзге елдерде түрлі көрмелер мен алаңдар ұйымдастыруға дейінгінің бәрін қамту қажет.

Түпкі мақсат осы кәсіпорындарды табу және экспорттық нарықтарға ілгерілету болып табылады. Егер олар жеткіліксіз болса, онда олардың қатарын өсіру үшін қалыптасу кезеңінде мемлекеттік тапсырысты ұзақмерзімді негізде (3 жылға келісімшарт) алуы үшін басымдықтар беруге дейінгі түрлі қолдауларды қамтамасыз ету қажет.

Осыған байланысты экспортты қолдаудың барлық шарасын бір терезе қағидатындағы оператормен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің экспортқа бағдарлануы мәселесіне шоғырландыра отырып, Экспортты ілгерілетудің жаңа стратегиясын әзірлеу ұсынылады

Аудан орталықтарына дейін өңірлік  инфрақұрылымы қалыптасқанын, орта және ірі кәсіпорындардың сандық негіздегі базасы, шетелдердің сауда-өнеркәсіп палаталарымен жолға қойылған байланысы бар екенін ескерсек, экспорт саласындағы бірыңғай операторды «Атамекен» ҰКП  басқара алар еді.

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы индустриялық және инвестициялық шешімдер қабылдауға негіз болады

Білуімізше, қазір Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы әзірленіп жатқан секілді. Мұның Индустрияландыру картасынан айырмашылығы неде?

– Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы –  бұл бизнес-навигатрор сияқты эклектрондық портал, онда кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметке қызығушылығы бар әлеуетті кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін  өзекті ақпарат шоғырланған.

Бизнес-навигаторда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары туралы ақпарат, елдің барлық өңірі бойынша талдамалық шолу (экономикалық мамандану және әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері) қамтылған. Сондай-ақ порталда нақты байланыс деректері мен бизнес-субьектілер туралы өзге де қажетті ақпараттары бар елдегі кәсіпкерлердің бірыңғай реестрі енгізілген. Осыған орай, өңірлік карта индустриялық және инвестициялық шешім қабылдау үшін нақтылы негіз бола алады. Қазіргі кезде Картада 105 перспективалық инвестициялық жоба бар. Қазірдің өзінде 103-тен аса елдің өкілдері осы порталды қарап отыр.

Дейтұрғанмен, кәсіпкерлер бүгінде инвестор тарту үшін бизнес-идеяларды техникалық экономикалық негіздеме формасындағы инвестициялық жоба деңгейіне жеткізу ісінде қиындықтарға тап болуда. Кәсіпкерлер ұсынған инвестициялық жобалар әдетте инвесторлардың талаптарына сай келмейді.

Соған орай біз жобаны Индустрияландыру картасына енгізу туралы шешім қабылдар кезде Өңірлік үйлестіру кеңесін  Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасындағы мәліметтерді ескеруге міндеттеуді; «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасына кәсіпкерлердің ТЭН жасау кезіндегі шығыстарын өтеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шарасын қосуды; өңірлік карта базасындағы нарық туралы негізгі деректер арқылы аумақтық нарықтағы оңтайлы бос орынды іздеудің құралы ретінде «бизнес-конструктор» қағидаты бойынша кіші жүйе құруды  ұсынамыз.

«Үкімет бизнес үшін» сервисін құру маңызды

Тимур Асқарұлы, осы кәсіпкерлерді қолдау шараларын бір қолға шоғырландыруға болмай ма? Осы бағытта нақты бір жұмыстар бар ма?

– Соңғы жылдары мемлекет бизнесті қолдау шараларының инфрақұрылымына бастамашылық етіп, оны жүзеге асырды, қажетті бағдарламалар мен институттарды құрды. Бүгінде осы қолдау шараларын шоғырландыратын, кәсіпкерлерді қолдауды «Азаматтарға арналған Үкімет» сияқты «бір терезе» арқылы ұсына отырып, оларды ыңғайлы әрі тиімді ететін кез келді.

Осы орайдағы, «Үкімет бизнес үшін» жобасы қолдау шараларын «бір терезеге» шоғырландырудан синергиялық әсер тудыруға, кәсіпкерлерге арналған қолдау шараларының қолжетімділігі мен ауқымын ұлғайтуға, қолдау шараларын алу үдерісінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Аудандық деңгейге дейін инфрақұрылымдары мен кәсіпкерлікке сервистік қызмет көрсету тәжірибесі бар екенін ескерсек, Үкімет тарапынан үйлестіре отырып, операторлықты «Атамекен» ҰКП-ға жүктеу ұсынылады.

Үкімет бизнес үшін дегеніміз, бұл – даму институттары көрсететін субсидиялаудан, грант беруден, сертификаттаудан бастап, факторингке, сауда алаңына, арнайы экономикалық аймақтарға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға дейінгі барлық шараларды бизнес үшін біріктіре отырып, кәсіпкерге кеңес беретін, қызмет пен сервисті бірыңғай стандарт пен форматта көрсететін бір терезе.

Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау

функцияларын қайта реттеу керек

– Кәсіпкерлер тарапынан жиі айтылатын шағымның ең негізгісі – тексеру, бақылау шараларының көптігі. Бұл мәселеге қатысты нақты қандай ұсыныстар бар?

– Жалпы республика бойынша бақылау және қадағалау функцияларын 61 ведомство жүзеге асырады (соның 45-і орталық мемлекеттік органдардыкі, 16-сы өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардан).

Мемлекеттік функцияларға жасалған талдау аталған ведомстволар түрлі салада 512 бақылау функциясына ие екенін, бұл тотальді мемлекеттік бақылауды білдіретінін көрсетті. Бұл ретте кәсіпкерлерге қатысты тексеру парағында 18 мыңнан астам талап бар екен (ең көбі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында – 10 мыңнан астам). Сонымен бірге, тексеру парағынан тыс санитарлық нормалар мен ережелердің 8 мыңнан астам талабы бар. Бұлар да мемлекет тарапынан бақыланады.

Мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеті өнім (жұмыс, қызмет)  қауіпсіздігін қамтамасыз ету болуы тиіс. Сапа мәселесі нарықтың өзі арқылы реттелуі қажет, өйткені нарықтың басты діттегені – іскерлік репутация, тұтынушыны тарту және тұтынушыға стратегиялық бағдарлану. Бұл – бәсекелі нарықта істейтін әрбір ұйымға және әрбір кәсіпорынға аса маңызды.

Алайда, елде сапа мәселесі (стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелері, гигиеналық нормативтер, типтік қағидалар) мемлекеттік органдар арқылы  тексеріледі және көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызады.

Осыған байланысты мынадай ұсыныстар бар.

1) тексеру жүргізу кезінде бизнес субьектілерінен талап етілетін талаптарды қысқарту жұмыстарын атқару; 2)  тауардың (жұмыс, қызмет)  қауіпсіздігін бақылау мен тауар (жұмыс, қызмет) сапасын бақылауға қатысты мемлекеттік бақылаудың ара-жігін ажырату; 3) ұсынылатын тауар, жұмыс және қызмет сапасы бойынша бақылау функцияларын бәсекелі ортаға (өзін өзі реттей ұйымдарға – ӨРҰ)  беру, бұл ретте кәсіпкерлік субьектісін тауар (жұмыс, қызмет) сапасы талаптарына сәйкестікке мониторингтеу қорытындысы бойынша ӨРҰ ақпараты  Тауекелдер басқару жүйесінде СУР-да ескерілетін болады, сол арқылы адал кәсіпкерлерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті тексеру санын азайтады; 4) Мемлекеттік бақылауды біртіндеп кәсіпкерлердің тұтынушы алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандырумен алмастыру; 5) Кәсіпкерлік кодексіндегі тексерулер жүргізудің жалпы тәртібінен ерекшеліктер санын қысқарту. 

Жалпы алғанда, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларына ревизия жүргізу қажет.

Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы одан әрі ізгілендірудің берері көп

Біздің елімізде экономикалық қылмыстарға қатысты заңнаманы ізгілендіру шаралары қолған алынған мәлім. Осы орайда, кейінгі кездері қабылданған кодекстер туралы не айта аласыз?

– Жаңа Қылмыстық кодексте экономикалық қылмыстар бойынша айтарлықтай жеңілдеу байқалмайды. Олардың кейбіріне қатысты жаза кісі өлтіру жазасымен бара-бар. Мысалы, жалған шот-фактура үзіндісі үшін, салықтан жалтарғаны үшін, жалған кәсіпкерлік үшін он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Жазалаушы шаралардан алдын алу тәжірибесіне біртіндеп келу саясаты жүргізіліп отырғанын ескерсек, экономика саласындағы қылмыстық құқықбұзушылыққа экономикалық жауапкершілік шараларын қолданған жөн.

Жалған кәсіпкерлік жөніндегі қылмыстық процесс барысында обьективтілік және зерттеудің толыққандылығына қатысты заңнама талаптары сақталмайды. «Жалған кәсіпкерлік» құрамының өзі қылмыстың өзге құрамдарын қайталайды (іс жүзінде бұл салық төлеуден, банк несиесін төлеуден жалтарудың, алаяқтықтың бір амалы).

Заңды тұлғаларды (жалған кәсіпорындарды) тіркеуді болдырмаудың кесірлі тәжірибесі қалыптасты. Олардың контрагенттермен арадағы барлық мәмілелері жарамсыз деп танылады. Нәтижесінде, соңғыларына қосымша салық сомалары мен айыппұлдар жазылады.

Қылмыстық қудалау сондай-ақ «жоспардан тыс» тексеру үшін қолданылады және әлі күнге дейін бизнеске қысым жасаудың құралы болып қалып отыр. Егер әдеттегі тексеру үшін мемлекеттік орган бұл әрекетінің негізділігін прокуратурада дәлелдеуі тиіс болса, қылмыстық қудалауды бастау үшін мұндай кедергілер жоқ.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» жаңа кодекстің таяуда қабылданғанына қарамастан, онда шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер қалып отыр.

Бүгінде кодексте жалпы 608 құқық бұзу құрамы көрсетілген, соның 400-ден астамы кәсіпкерлік қызмет субьектілеріне қатысты қолданылады. Кәсіпкерлерге қатысты осы 400 қылмыстық құрамның тек 14 бабы ғана «ескерту» түріндегі жазаны қарастырады.

Сондықтан Кодексте үлкен қоғамдық қатер төндірмейтін қылмыстық құрамдар бойынша ескерту, алдын алу институтын кеңінен қолдану қажет.

Осы мақсатта ең алдымен Бас прокуратурамен бірлесіп, бизнес-қоғамдастықты қатыстыра отырып, Қылмыстық кодекстің шамадан тыс репрессиялық сипатын жою, жазалаудан гөрі, алдын алу  шараларына қарай өту тұрғысынан жұмыстар жүргізу керек.

Екіншіден, Әкімшілік кодек аясындағы ескерту институтын кеңейту жұмыстарын жүргізіп, айыппұлдың бизнес көлеміне байланысты болуын жою, сондай-ақ бизнестің барлық санаты бойынша айыппұлдың ең жоғарғы шегін белгілеу қажет.

Нарық қағидаттарының сақталуына ревизия жасау – бәсекелі орта қалыптастырады

– Мемлекет басшысы көптеген нысандарды бәсекелі ортаға беру, олардағы мемлекеттің үлесін азайту міндетін қойып отырған мәлім. Бұл бағыттағы жұмыстарың барысы қалай болып жатыр?

– Үкіметтің 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы министрліктердің ведомстволық бағынышты ұйымдары мен ведомстваларға оларды бәсекелес ортаға беру немесе жергілікті қамту деңгейіне қайталап инвентаризация жүргізу керектігін атап өтті. Қазіргі таңда квазимемлекеттік сектордың экономикаға ықпалы шамадан тыс жоғары болып отыр. Мемлекеттің бақылауындағы ұйымдар активтерінің үлесі ІЖӨ-нің 60 пайызына жетеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қарасты Мемлекеттік мүлік реестрі (www.gosreestr.kz) жекеленген мемлекеттік компаниялар үлестестіктің 9-шы деңгейіне дейінгі ұйымдық құрылымдарға иелік етіп отырғанына қарамастан, еншілес және бағынышты ұйымдардағы үлестестіктің 5-ші деңгейіне дейін ғана көрсетеді, сол себепті де мемлекеттік компаниялардың нақты саны туралы дерек жоқ.

Қалыптасқан күрделі жағдайды еңсеру үшін Мемлекет басшысының  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесі бойынша мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін ІЖӨ-нің 15 пайызына дейін азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асырумен бірге үкіметтік деңгейде арнайы жұмыс тобын (Үкіметтік штаб) құру ұсынылып отыр.

Жоғарыда айтылған шаралар Мемлекет басшысы белгілеген және жалпы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарынау  кіру стратегиясына, ЭЫДҰ стандарттарын енгізу ісіне толық сәйкеседі деп есептейміз. Осыған байланысты аталған шараларды Үкіметтің Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарына енгізуді ұсынамыз.

«Атамекен» ҰКП алдағы уақытта мемлекеттік органдармен бірге ұсыныстарды талқылау және жетілдіруге атсалысуға, сондай-ақ егжей-тегжейлі тетіктерді, қажетті есептеулерді, нормативтік құқықтық актілерді өзгерту жөніндегі ұсыныстарды ұсынуға дайын.


Қостанай облысында өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша бірінші жобаллар мақұлданды

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Қостанай облысы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі өтті, өту барысында жеңілдетілген 8,5% сыйақы мөлшерлемесі көлеміндегі  ШОБ субъектілерін өңірлік қаржыландыру барғарламасына қатысқан кәсіпкерлердің бірінші жобалары қаралып, мақұлданды. Бірінші болып бұл жобаларды Қостанайдағы Халық Банкі филиалы болды. Айта кететін жәйт, екі жоба да облыстың ең алыс өңірі - -Арқалық қаласында орналасқан.
Мақұлданған жобалардың бірі Г.Ф.Ергалиева болып табылады. Галия Фаруазовна 13 жылдан бері үйге арналған дайын тоқыма өнімдерді (перде, ламбрикендер, тор перделер) өндіру бойынша бизнеспен айналысады. Галия Фаруазовна 5 миллион теңге көлеміндегі несие қаражатына қосымша тігін машиналарын алуды және тауар ассортиментін көбейтуді жоспарлап отыр, бұл кәсіпкердің жұмыс көлемін және жұмыс орнын ұлғайтуға себебін тигізеді. Осындай несиені алу үшін Галия Фаруазовнаның өз кепілі жетпегендіктен Даму Қоры өзінің 1,5 миллион мөлшерінде кепілін берді.
Сондай-ақ құрылыс материалдарын көтерме және бөлшектеп сатумен айналысатын «Сейдаханова Г.Ғ.» ЖК жобасы мақұлданды.
Гүлзира Ғабдолхамитқызының дүкені -  Арқалық қаласындағы құрылыс материалдарын  сататын ең ірі дүкен болып табылады, онда тауардың үлкен ассортименті бар: лак бояу бұйымдары, линолеум, түсқағаз, бөлме аралық есіктер, цемент, шпаклевка, әр түрлі құрал-саймандар және т.б. 8 миллион мөлшеріндегі несие қаражатын алу, кәсіпкерге тауардың ассортиментін кеңейтіп, қаражат пайдасын ұлғайтуға себебін тигізеді. Гүлзира Ғабдолхамитқызының да кепілінің құны несие алуға жетпегендіктен, даму Қоры кепілдің бір бөлігің 3 миллион теңгеге кепілдендірді.
Анықтама:
Ағымдағы жылдың мамыр айында Әкімшілік пен «Даму» Қорының арасында
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектерін өңірлік қаржыланжыру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бағдарлама аясында бизнеске жеңілдетілген несие беру үшін Әкімшілік 500 млн теңге және Қор 500 млн теңге бөлді. Бұл қаражат екінші деңгейлі Бактерге салынады, олар кәсіпкерлерге максималды жылдық мөлшерлемесі 8,5% қарыз береді. Осы бағдарлама аясында ерекше назар - ауылдық елді мекендегі кәсіпкерлерге бөлінеді. Айта кету керек, кәсіпкерлерді өңірлік қаржыландыру бағдарламасының екі үлкен жақсы жағы бар, ол біріншісі – төмен % несие алу және екіншісі өз кепілі жетпеген жағдайда Қордың кепілін алу мүмкіндігі.


Кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысы әкімдігі «Атамекен Қостанай» микроқаржылық ұйым» ЖШС құру туралы құрылтайшылық құжаттарға қол қойды

Ол Ұлттық банкте тіркелгеннен соң-ақ іске қосылады. Осылайша, маусым айының соңы мен шілде айының басына қарай өңір тұрғындарына өз ісін ашу үшін тиімді шарттармен несиелер беріле бастайды.

Ұйымның құрылуына осы жылдың наурыз айында жасалған «Атамекен» ҚР ҰКП, Еуразиялық топ пен облыстық әкімдік арасындағы меморандум себеп болды. МҚҰ жарғылық капиталы 588 миллион теңгеге тең. Олардың 300 миллионы – бұл Ұлттық палатаға Еуразиялық топ бөлген қаражат, ал тағы 288 миллионы облыстық бюджет қаражаты.

Палата сарапшылары хабарлағандай, қарыз алушылар 15 млн теңгеге дейінгі сомада, пайызсыз, берілетін соманың 4%-на тең комиссиясы бар несиеге иек арта алады.

ҰКП жүргізген талдауға сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда әрекет ететін микронесиелік ұйымдар қаржы ресурстарын 56%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен ұсынады, ал бұл соманы көп жағдайда бастаушы кәсіпкерлердің қалтасы көтере бермейді. Ұлттық палата ұсынысы бойынша және ірі бизнестің қызығушылық танытуының арқасында МҚҰ пайда болуы жаңа бизнес-бастамаларға қосымша ынта береді.


«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын жариялау  туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.

Конкурстарға мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) қатыса алады.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2016 жылғы1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсырады. 

Толық ақпаратпен сайтында танысуға болады.www.altynsapa.kz


ЖерҒӨО» РМК қызметкерінің қателігінен қостанайлық фирманың жер үшін төлейтін салығы он бір есеге артқан

Орын алған қателікті жөндеу үшін компанияға Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура органдарының көмегі қажет болған.

2008 жылы «Афина Паллада» ЖШС Қостанай ауданындағы елді мекендерден тыс жатқан өнеркәсіптік мақсаттағы жер телімін сатып алады. Былтыр фирма өндірісті оңтайландырмақ ниетпен жерді екі бөлек телімге бөлмекші болған. «ЖерҒӨО» РМК-да кәсіпкерге жаңа актілер берілген, алайда жер категориясына «елді мекен жерлері (қалалар, ауылдар және ауылдық елді мекендер)» деп белгілеп жіберген. Нәтижесінде, жер салығы мөлшері өзгерген. Мұны кейін серіктестік анықтаған. Бұрынғы  9 142 теңгенің орнына компания 100 633 теңге төлеуі керек болған.

ЖШС өкілдері қатені жөндеуді талап еткенімен, РМК маманы жер категориясын әкімдік анықтайды деген сылтаумен одан бас тартады. Ал әкімдік болса, жер қатынастары бөлімі әрқашан РМК деректеріне сүйенеді деп керісінше айтқан. Ақыр соңында фирма Кәсіпкерлер палатасына келіп жүгінген.  

«Біз жағдайды мұқият тексеріп, кәсіпкер құқығының аяққа тапталғанын анықтадық. Ауыл аумағынан тыс жатқан жер телімі әу бастан-ақ елді мекен жерлері категориясына жатпайды. Аудандық прокуратураға хат жолдадық. Қадағалау орган қызметкерлері «ЖерҒӨО» РМК филиалының атына ықпал ету актісін жасады. Нәтижесінде ЖШС бұрынғы категорияда жаңа мемлекеттік акт алып, қосымша қаржылық шығындарға ұшырамайды», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әнуар Қожахметов.


Қостанай облысында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін тіркеу белсенді жүруде

«Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Бұған дейін мұндай бірнеше заң болған, бірақ олар шаруалардың мәселелерін толықтай шеше алған емес. Ал жаңа заңда барлық ерекшеліктер қарастырылған, бірлестіктердің жұмысы реттеліп, бұған дейін кәсіпкерлердің алдынан көлденең шығып отырған кедергілер жойылады.

«Бірлесу арқылы ауыл тұрғындарының қаражатқа қолы жетеді. Егер ірі қараны арастыратын болсақ, бізде облыс бойынша мал басының 60 пайыздайы жеке секторға тиесілі және де бұрындары жеке тұлғалар қолдауды пайдалана алмайтын. Енді олар асыл тұқымды мал сатып алу, ет пен сүт өткізу үшін субсидияға иек арта алады», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

Бір жағынан өңір тұрғындарының белсенділігі осымен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда Қостанай облысында басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған 59 кооператив тіркелген. Оған 70 шағын шаруашылықтың басын біріктіріп отырған өсімдік шаруашылығымен айналысатын ірі кооперативті қосыңыз.

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құруға тілек білдірушілерге Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында көмек көрсетіледі. Мамандар заңдық мәселелер бойынша кеңес беріп, құрылтай құжаттарын жинауға көмектеседі, қажет жағдайда тіркеу процесінде де жәрдем береді. Апта сайын өтініштер саны артып келеді.

«Жалпы алғанда, жеке шаруасын дөңгелетіп отырған тұрғындар мен шағын шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп, мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету Қазақстандағы осы саланың дамуына жаңа серпін береді және шетелдік нарыққа шығуды қамтамасыз етеді деп күтілуде. Қазір Палатада өнімді шығару мәселелері қарастырылуда. Ресейдің шекарамен шектес өңірлерінен ұсыныстар түсуде, Қытай тарапынан да қызығушылық танытылуда. Яғни, тұрғындарға өнімді өндіріп қана қоймай, сонымен қатар, оны сатуға да көмектесу үшін кластерлік тәсіл пысықталуда», – деп атап өтті Геннадий Кукоба.


Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады

Ол «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында іске асырылады.

Ең алдымен жоба өз өндірісін жаңартуды, жаңа технологиялар енгізуді немесе шетелдік тәжірибені пайдалана отырып қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруді қалайтын кәсіпкерлерді қызықтырып отыр. Біріншіден қатысушыларға іскерлік келіссөздер жүргізу бойынша тренингтерден өту қажет, содан кейін олар өз таңдауларына қарай тағылымдама алу мақсатында Германия, Англия немесе Канадаға баратын болады.

«Мұндағы түпкілікті мақсат – шетелдік инвесторлармен әріптестік орнату, келісім-шарттар бекіту. Жаңа технологияларға, немесе жаңасын ашуға қажетті грантқа, бірлескен өндіріске қатысты келісімшарттарға қол жеткізу. Қатысушыға қажетті ең басты нәрсе – тағылымдаманың мақсатын анықтау және әлеуетті серіктестер мен жеткізушілер туралы ақпаратқа ие болу»,–дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Теңіз Қабақов.

Жалпы өткен жылы жоба аясында Германиядағы үш апталық тағылымдамадан өңірдің үш кәсіпкері өтті. Осы жылы қатысу туралы өтінімдерді Әл-Фараби даңғылы, 116, 1 қабат мекен-жайында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, сонымен бірге өңірлер мен моноқалалардағы Палата жанындағы филиалдардың Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында да беруге болады.


«Студенттік жастардың кәсіпкерлік   басатамасын қолдау» жобасының аясында Қостанайда студенттер оқытылды.

29 ақпаннан 05 наурызға дейін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті негізінде, студенттерге арналған, алтыкүндік семинар өтті. Жоба аясында студенттер  бизнес ашу және  жүргізу икеміне  тәжіребиелі бизнес-тренерлер жетекшілігімен оқытылды.

«Студенттік жастардың кәсіпкерлік   басатамасын қолдау» жобасының негізгі міндеті- студенттік жасттардың  кәсіпкерлік әрекетін әйгілеу; Жастардың, әрекеттегі және бастаушы  жас кәсіпкерлерді үйретуші тренингтер/семинарлар өткізу арқылы кәсіпкерлік құзыретін көтеру; Студенттік жастардың бизнес –жобаларына консультациялық қостау көрсету; әрекеттегі және бастаушы жас кәсіпкерлердің Тәлімгерлік құралының дамуы.

Әсіресе сол үшін жастарды  оқудан кейін, жаңа кәсіпорын ашуға барлық   қажетті  көмек ,  бизнес-жобаның әзірлеуіне жәрдем, ШОБ субъектісі ретінде тіркеуінде жәрдем,бизнес жүргізу сұрақтары бойынша   консультация беру,Даму Қорымен жүзеге асырылатын, құралдар бойынша   қаржылық қолдау  алуға сұраным  беру үшін  құжаттар жинауда жәрдем ала алатын, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында   консультациялық қостау күтеді.

Және де жастар үшін, тәлімгермен жұмыс және  кезектегі  бизнес-жобаларды қорғау - маңызды  кезең  болып келеді. Конкурс комиссиясы мүшелері,   келешекті бизнес-идеялары бар төрт қатысушыларды  келесі белгі-өлшемдермен анықтайды: экономиканың басым секторларына  әрекеттің қатысы, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы,  қоғамдық эффект, экологиялық эффект/ халық денсаулығы және қоршаған орта жағдайына әсері, қаржыландыру мөлшері.

Жеті апта ішінде ең үздік жобалардың авторлары практикалық онлайн-оқу  өтеді, бизнес ашу және оны жүзеге асыру сырларын  оқып, үйренеді. Олар сайт  жасауды, сататын мәтіндер жазуды,жарнамалық баннер  дайындауды, сатылымның тиімділік талдау өткізуді, маркетингті науқан  жүргізуді, өздік қызметтің және тауарлардың төлемін интернет арқылы алуды таниды.

Өз бизнес-жобаларын қорғауда жастарға сәттілік тілейік!  


Қостанайдағы жаңа баустаушы кәсіпкерлер «Жаңа бизнес ашылуын  қолдау»  жобасының шеңберінде  білім алды

Ақпанның 24 мен 26 жұлдызы аралығында  «Даму» Қоры Қостанай филиалының КҚКО негізінде жаңа бастаушы кәсіпкерлерге арналған үшапталық  семинары өтті. Оның қатысушылары бизнес жүргізудің экономикалық аспекті ,кәсіпкерліктің  психологиясы, маркетинг, даму және  өсу стратегиясы,  қызметкерлерді басқару туралы кәсіпқой бизнес-бапкер Виталий Сиухов  басшылығымен оқытылды, және де біздің жас кәсіпкерлерге командада қалай жұмыс істеу керек екенін және   ДК және ЖШС ретінде бизнесті құрудың бастапқы сатысында оны  қалай жүргізу керегін  баяндады.

 «Жаңа бизнес ашулды қолдау»  жобасының негізгі міндеті –Кәсіпкерлік істің құрылуын және оның дамуын  қолдау , Стартап-жобаларының қаржыландыру қайнарына қолжетімділік , Стартап-жобаларының ұлғаюы, Тәлімгерлік институтының еңгізілуі болып табылады.Ал негізгі мақсаты – Жаңа бизнес ашу болып келеді. Сондықтанда  оқуды өткеннен кейін жас кәсіпкерлерді  жаңа кәсіпорын ашу үшін барлық  қажетті көмек  ала алатын,  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында консультациялық қостау күтеді. Және де тәлімгермен жұмыс және  кейінгі бизнес-жобаларды қорғау кәсіпкерлерге  өте маңызды кезеңі болып келеді. Байқаулық комиссия мүшелері, бизнес құрудың шеберлігін тереңдеп оқытылатын, тегін  практикалық онлайн-оқуына мүмкіншілікті алатын келешекті бизнес-идеясы бар төрт қатысушыны анықтайды.

Біздің жас кәсіпкерлерге бизнес-жобаларын қорғауында сәттілік тілейміз!

хат жіберу