Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106712
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бизнестің жол картасы 2020

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА "ДАМУ-КӨМЕК" ЖОБАСЫ БОЙЫНША

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА «ДАМУ-КӨМЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму-Көмек» жобасының шеңберінде Костанай қаласының тұрғыны Туткушева Эметкен Сартайқызы демеушілік көмек алды.

Эметкен Сартайқызы тігін өндірісінде үлкен тәжірибесі бар - ұлттық бұйымдар, қоржын, көрпе, көрпеше, жастықтар және тағы басқалар тігумен айналысады. 

"Даму-Көмек" жобасы туралы естіп, кәсіпкер (www.damu-komek.kz) сайтында оверлокпен электр тігін машинкасын сатып алу бойынша өтініш берген. Оның өтінішіне "Агро Фирма "Қарқын" ЖШС директоры Еркин Сайранұлы Бұқанов ниет білдірді. "Агро Фирма "Қарқын" – Қостанай облысының ең үздік фермер қожалықтарының бірі және "Бизнестің Жол картасы - 2020" бизнесті қолдау және дамыту Бірыңғай бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

Компания майлы - дәнді дақылдар бойынша мемлекеттік қолдау құралдарының бірі субсидиялаудан өтті және өз кезегінде кәсіпкерге қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. 

Агрофирма "Қарқын" басқалар үшін, тек жұмысының сапасы ғана емес, сонымен бірге басқа да әлеуметтік жауапкершілігінің дәрежесі бойынша үлгі болып табылады. Олар Қостанай облысының, Меңдіқара ауданы, Харьковское а. тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді, сондай-ақ балабақша, мектеп жетекшілігімен айналысады, сонымен қатар, ортаны жаңарту мен жақсартумен көмектеседі.

Еркин Сайрановұлына Эметкен Сартайқызынан алғыс сөздері:

-       Рамазан айында маған көрсеткен демеушілік оған мың есе қайтсын, зор денсаулық, жұмысы алға бассын!  


Қостанайлық бизнес 2016 жылды қалай өткізді

2017 жылды қарсы ала отырып, өткен жыл кібісе жыл болғанымен кәсіпкерлер үшін қолайлы жыл болды деуге болады. Кәсіпкерліктегі соңғы жылдардың хронлогиясын талдай отырып, кейбір сарапшылар  2010 жылды сектордың  неғұрлым белсенді және тиімді қалыптасудың басы деп санайды. Сонда, жеті жыл бұрын республикалық деңгейде «Бизнестің жол картасы 2020» кіші және шағын бизнесті  дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні бағдарлама қолдау сегментінің бірден бір құралы болғанын мойындау керек.  БЖК 2020 аясында түрлі экономика саласында: өнеркәсіп, көлік, қоймалау, әлеуметтік қызмет, туризм, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да көптеген жобалар көмек алуда.

2016 жыл облыс үшін қалай сәтті аяқталғаны туралы бізге «Даму» Қорының Қостанай облысы бойынша директоры Замира Оразбаева айтып берді.

-         Барлығы 2016 жылы облыс бойынша «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасфы аясында 123 жобаға қолдау көрсетілді. Жалпы несие портфелі 12,6 миллиард теңгені құрды. Осы уақыт аралығында кепілдендіру бойынша 524,4 млн теңгеге 47 шарт жасалды.

-          Қандай облыс аудандары ең белсенді?

-            Бағдарламаны сапалы іске асыру бойынша Қостанай қаласы көшбасшы болып тұр, одан кейін Қостанай ауданы мен Рудный қаласы тұр. Өкінішке орай, ең төмен көрсеткіштері бар аударнарымыз да бар олар: Жетіқара қаласы, Алтынсары және Жангелді аудандары.

-       Қандай банктерден кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеу?

-      Екінші деңгейлі банктерге келсек, бағдарламаны іске асыру бойынша ең белсенді Қазақстан Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, ForteBank болып табылады.

-       Замира Сейткалиевна, көбіне қандай бизнес мемлекеттік қолдау үшін жүгінеді?

-              Көштің басында сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы тұр. Моноқалаларда көбінесе сауда субсидияланады, ал аудандарда сауда және ауыл шаруашылығы. Жұмыс істеу мәртебесі бойынша бөлсек: 91 % - бұл жұмыс істеп тұрған бизнес, қалған  9 % - жаңадан бастаған бизнес. Жобалардың орналасқан жері бойынша бөлсек:  51% - Қостанай облысының қалаларында, және 49 % - аудандарда орналасқан.

-       Өткен жылы жаңа кәсіпкерлерді аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бастау алды. Сол бағдарламаның табысы туралы айтып беріңізші?

Бағдарлама «Қос Қолдау» деп аталады. Осы бағдарлама бойынша облыс Әкімшілігі 250 млн. теңге және Даму Қорынан 250 млн теңге бизнеске жеңілдікпен несие беру үшін бөлінді. Бұл қаражат Банктерге берілді, олар өз кезегінде кәсіпкерлерге жылдық 8,5%-бен қарыз береді. Өткен жылы осы бағдарлама аясында 324 млн. теңгеге 15 жоба қолдау алды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 79% игерілді, толық сома 7 наурызға дейін игеріледі.

-          Сіз қандай қорытынды жасадыңыз?

Мемлекеттік қолдау бағдарламасының әр қайсысы өзінше ерекше. Сол бағдарламалардың арқасында кәсіпкерлер өндірісін ашып, ұлғайтады, тауар мен шикізат сатып алады, өндірісті жаңғартады, төмен мөлшерде несиелер алады. Мемлекет жаңадан бастаған кәсіпкерге де, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерге де, аяғында нық тұрған кәсіпкерге де көмектеседі. Көмек сұрап келуден қорықпау керек, бар болғаны сол. 


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы туралы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Сондай-ақ, мемлекетімізде бұған дейін бизнесті қолдау мен дамыту үшін қабылданған бірқатар салалық бағдарламаларды (оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы да бар) біріктіріп, еліміздегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында.

Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

 

            Іске асыру мерзімі – 2015-2019 жылдары.

 

            Экономиканың басты секторлары:

            1. Агроөнеркәсіп кешені.

            2. Таукен өнеркәсібі.

            3. Жеңіл өнеркәсібі және жиһаз өндіру.

            4. Құрылыс материалдарды және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру.

            5. Металлургия, металл өндеу, машина жасау.

            6. Өнеркәсіптің басқа да секторлары (оның ішінде дайын бұйымдар өндіру; басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі; гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату; рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер).

            7. Көлік және жинақтау.

            8. Туризм.

9. Ақпарат және байланыс.

10. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет.

11. Білім беру.

12. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер.

13. Өнер, ойын-сауық және демалыс.

14. Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну (компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу).

 

Бағдарлама төрт бағыт бойынша іске асырылады:

1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2) экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау;

3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну.

 

Бірінші бағыт шеңберінде мынадай қолдау шаралар көрсетіледі:

1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау;

2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) мемлекеттік гранттар беру;

4) шағын кәсіпкерлік субъекетілерін шағын несилендіру;

5) микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

6) банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру.

Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/ қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

4) индустриялық аймақтары құру;

 

Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.

Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларымен жеке меншік кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамалары бар адамдарға келесі функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған:

1)     кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

2)     кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;

3)     кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

4)     іскерлік байланыстарды кеңейту.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасы Сізді қызықтырған боса, егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін мынаған хабарлаңыз: «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылғы бөлімі» ММ, Денисовка а., Калинин көшесі, 5 үй, 17 бөлме;  тел/факс 2-17-65.


«Первомайский щебеночный завод» ЖШС 2015 жылдың тамызында Таранов ауданы Валерьяновка ауылы маңында жұмыс істей бастады.

Таранов ауданында өзінің  шағыл  өндірісін реттеу идеясы кәсіпкер Рустам Абдуллаев ойына 2010 жылы келген. Бірақ жобаны жүзеге асыруға  бес жылдай уақыт керек болды. Зауыт өткен жүзжылдықтың ортасында ашылған,  шикізатқа бай  кен орнынан бірнеше километр жерде орналасса да, өндірісті ұйымдастыру  аз емес қор қажет етті, соның ішінде ақшалай балама түрінде.

Жобаның жалпы құны 485 млн.теңге құрды, оның ішінде  меншікті қаражат – 59%, қарыз қаражаты - 41% . 285 млн. теңге шағыл зауытының қымбат мамандандырылған ұнтақтағыш-реттегіш кешенінің құрылысына бағытталған. 14% жылдық мөлшерді құрайтын,оның ішінде мемлекет 10% субсидиялайтын, ал қалған айырманы компания өзі өтейтін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың  Бірыңғай бағдарламасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ-да қалған 200 млн.теңгеге несие алды. Несие қаражатына жабдықтар, экскаватор, төрт  өзі аударғыш машина, бульдозер, үш жаппай тиегіш, таразы, автомобильді қосалқы бөлшектер сатып алынды және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Жабдықты  таңдау үшін кәсіпкер  ресейлік, корейлік, қытайлық және неміс жабдықтары көрсетілген, заманауи ұнтақтағыш кешендерге арналған, Германияда өткен арнайы көрмеге барды. Баға/сапа қатынасы бойынша таңдау Кореялық жабдыққа түсті.

Шағыл зауытын эксплуатацияға қосқалы 38 жұмыс орны пайда болды. Қазір 8 валерьяндық және 6 тоболдық тұрғындары жұмыс жасайды. Қалған қызметкерлер – Лисаковск қаласының тұрғындары.  Облыс бюджеті 6.4 млн.теңгеге толықты – компания осынша  мөлшерде 2015 жылы салық төледі.

Зауыт қуаты – сағатына түрлі фракциялы шағылдың  200 тоннасына  дейін,  тәулігіне шағылдың 1 мың тонна кубына дейін.

Кәсіпорында шағылдың бес түрлі фракциясы шығарылады. 0-5 мм,5-10 мм және 10-20 мм,  ұсақ фракциялы шағыл ТББ зауытына апарылады. Оны   ғимараттар мен бөлмелердің декоративті әрлеу үшін арналған материал ретінде қолдануға болады, тақта мен жабын жасауға жарайды. Ірілеуі – бетон өндіруге, сәйкесінше,  темірбетон бұйымдарын өндіру үшін, оған қоса  жол құрылысында. Ірі фракциялар, 20-40 мм және 40-70 мм, жол құрылысына және  темір жол қатынас жолы негіздемесі құрылысына жөнеледі.

Осы фракциялардың барлығы Қостанай облысы кәсіпорындарымен қолданылады. Өткізу нарығы бірнеше фирмалармен берілген:  «БК-строй»ЖШС, «ДК «Кардинал» ЖШС, «Ван» ЖШС және  Лисаковский СЖБИ.

«Первомайский щебеночный завод» ЖШС 2015 жылы компания үшін жаңа мүмкіншілік ашқан, Тобол ауылында теміржол тұйығын сатып алды.

Зауыт директоры –Рустам Абдуллаев атап өткендей, жақын орналасқан Ресей облыстарына логистика сұрақтарын зерттеп жатырмыз. Кеден одағы елдерінде  біздің шағылды сатуға мүмкіндік беретін қажетті куәліктер мен декларациялар бар. Сондай-ақ біздің зауыт жеке тұлғалармен ынтымақтастыққа ашық және қалағанның бәрінде өз өнімін ұсынуға дайын.


Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының өзгерулері.

«Жеке кәсіпкерлікті қолдаудың  кейбір шамалары туралы»  19.04.2016 ж. №234 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (бұдан әрі - №234 ҚРҮҚ)    «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың  бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бірыңғай Бағдарлама) 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына  өгертулер мен қосымшалар бекітілген.

№234 ҚРҮҚ  берілгенімен Бірыңғай Бағдарламаға  келесі негізгі өзгертулер мен толықтырулар еңгізілген:

Субсидиялау құралы бойынша:

1) Субсидиялауға жарайтын, шекті сыйақы мөлшері  жылдық 19% мөлшеріне дейін субсидиялау мөлшерін сақтаумен (жылдық 7% және 10%) ұлғайтылғын;

2) Айналымдағы қаражатты  толықтыру мен ағымдағы салалық шектеулерсіз және жобаның іске асыру орнына тәуелсіз міндеттерді қайта қаржыландыруға, БЖЗҚ  қаражатынан бөлінген несиелерді  субсидиялау қарастырылған;

3) Жаңа нәтижелі инвистициялық жобалар бойынша белгілер қослыған;

4) «БЖК 2020» Бірыңғай Бағдарламасының бірінші  бағытына  кәсіпкерлердің несиелерін  субсидиялауға қатысты  тіркеу орнының есебісіз норма еңгізілген.

5) Субсидиялау мерзімін  ұзарту туралы АҮК-нің шешім қабылдау шекті мерзімі анықталған – субсидиялау шартының әрекет мерзімінің  өтуіне дейін 45 күн бұрын;

6) Субсидиялауды тоқтату/жаңарту күні белгіленген – тоқтату күні болып «Даму» Қорымен субсидиялауды тоқтатқан күн болады.

Кепілдендіру құралы бойынша:

1)    сыйақы мөлшері екінші деңгейдегі банктер үшін жылдық  19% мөлшерінде ұлғайтылған;

2)    айналымдағы қаражатты  толықтыру мен ағымдағы міндеттерді қайта қаржыландыруға «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қаражаты есебінен  несиелерді  кепілдендіру мүмкіндігі қарастырылған;

3)    кәсіпкерлер жобаларына нәтижелердің қосымша белгілері қосылған;

4)    несие сомасының 100% дейін  айналым қаражатын толықтыруға берілетін, 60 млн.теңгеге дейінгі несиелер бойынша, негізгі құралдарды сатып алумен және/нмесе  жаңартумен және/немесе инвистициялармен байланыс жойылған;

5)    МИИДБ анықталған,өңдеу өнеркәсібінің басым саласында іске асырылатын Жобалар бойынша кепілдендіру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған;

6)    кәсіпкермен төленетін комиссиялар жойылған;

7)    180 млн.теңгеден асатын жобаларды «Даму» Қорының қарастыру мерзімі 10 жұмыс күніне жейін қысқартылған

8)    180 млн.теңгеден аспайтын несиелер бойынша кәсіпкермен «электорнды үкімет» веб-порталы арқылы электронды сұраным беру тәртібі қосылған.

№234 ҚРҮҚ ресми жариялаған бірінші  күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін іске қосылады.


Қостанай ұны-ең үздік.

 «Аруана-2010» компаниясы Қазақстан нарығында 2011 жылдан бастап әрекет етеді. Бүгінгі күнде, «Аруана-2010» ЖШС бұл – Қазақстанда ұн өндіретін аса ірі кәсіпорындарының бірі болып келетін, жаңа, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын.  Компанияның негізгі  әрекеті – бидай ұнының барлық сұрыптарын, кебектер,  астық қалдықтарын өндіру. Компанияның артықшылығы шығаратын өнімнің жоғары сапасы болып табылады. Кәсіпорын астықты қабылдау, тазарту, сақтау  және теміржол көлігіне тиеп жіберу қызметтерін атқарады. Сыйымдылығы 30000 тонна  астық сақтау үшін сыймдылығы бар,  жоғары технологиялы автоматтандырылған элеватордың қуаты- күніне автокөлікпен 1500 тоннаға дейін астық және теміржол көлігімен  2000 тонна астық қабылдауға мүмкіндік береді.

 «Аруана-2010» ЖШС «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде элеваторлық-диірмен кешенін салу бойынша жобаны іске асырды. Жобаның іске асырылуы 2010 жылдыңкөктемінде басталған.

  Және де осы жылы, «Өңдеу өнеркәсібі саласында айналысатын, шағын және орташа кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы» аясында, ТОО «Аруана -2010» жеңілдікті 6% мөлшерінде жабдық сатып алуға несие алды. 30 миллион теңге  дәнді дақылдарын өңдеу мен тазарту  желісін алуға жұмсалды. Кәсіпорын мақтанышы – ұнның ылғалдылығын бағдарламалық бақылайтын италияндық жабдық. Оның арқасында өнімнің наубайлық қасиеті бірталай жақсарады.

-Бұрын бізде басқа жабдықтар болған – дейді, кәсіпорынның бас инженері – Жақсылық Мухамбетов, - ылғалдықты біз, былай айтқанда көзге өлшейтінбіз. Сосын біз үлгілерді зертханаға жіберіп, жауап күтетінбіз. Ал бұл артық 40 минут. Қазір үдеріс едәуір тездетілді.

-Қазіргі кезде кәсіпорын «Ұн патша» және «Тұмар» атты сауда белгісінің бидай наубайханалық ұнын өндіреді. Жаңа өңдеуден кейін, қостанайлық ұн тек қана барлық Қазақстанға емес, оған қоса Ресейге, Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және де Түркменияға да жіберіледі. Шет елдерге –жалпы көлемнен  барлығы 50 пайыздай. Енді, басшылық атап өткендей,  Ауғанстан тек қана  1 және жоғарғы сұрыпты жоғары сапалы өнім сұрайды. Жергілікті ұн ол жаққа ұнағаны анық.


Бастаушылардың біріншісі...

Махаббат Умбетова – «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай  бағдарламасы шеңберінде «Старт ап» жобасында қатысушы болу мүмкіндігімен қолданған, Арқалық бастаушы кәсіпкерлердің біріншісі.

   Махаббат қарапайым шаруашылық тауарлар сатушысы  болып бастаған еді. Ақша, тәжірибе жинаған еді. «Даму» Қорының «Бизнес-Кеңесші» курстарын 2014 жылы өтті. Өз бизнесін  ашуға, өзіне ғана жұмыс істеуге  шешім қабылдады. Өз ақшасына пәтер алып, оны азық-түлік дүкеніне қайта рәсімдеп, өзгертіп жабдықтады. Сауда жабдығын сатып алып, дүкенге жөндеу жасады.Бірақ тауарға ақша қалмады. Қордың Арқалық қаласындағы өкілдігіне жүгінді. Осы жерде, Махаббаттың сөзі бойынша, «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай  бағдарламасына қатысу жұмысы бойынша басынан бастап соңына дейін көмек берді дейді. 2015 жылдың жаз соңында ашқан, меншікті «Ерасыл» сауда орнының айналымдағы қаржыны толықтыру үшін Махаббат Жақсылыққызы 2 млн.теңге мөлшерінде несие алды.

Махаббат Умбетова (ЖК «Махаббат»)- «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай  бағдарламасының, «Моноқала, шағын қала және ауылды жердегі кәсіпкерлердің жаңа  бизнес бастамасын қолдау» атты бірінші бағытының, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және  кепілдендіру бөлігіндегі бірінші қатысушысы болды. 2 млн.теңге мөлшеріндегі несиені 3 жыл мерзіміне, 14% сыйақы мөлшеріне  алды.  Осы соммадан 10 % мемлекет, ал 4% жеке кәсіпкердің өзі төлейді.  Тұтас алғанда  депозит несие  соммасынан 30% немесе 600 мың теңге құрады  және 70%-1 млн. 400 мың теңге – «Даму» Қорының кепілі. Қарыз қаражатын Махаббат  Халық банкінде алды.

Сондықтан, Махаббаттың ойы бойынша, бастаушы кәсіпкерлерге  Старт ап жобаларында қатысуға қорқудың қажеті жоқ. Оған қоса «Даму» Қоры  бастаушы кәсіпкерлерге бар мүмкін көмегін көрсетеді. Несие алғанымен, сөзсіз пайда көрген ЖК «Махаббат» жағдайында солай  болған.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Қостанайда тағы бір бала-бақша ашылды.

Бала-бақша директоры Инна Кусакпаева қалада бала бақша ашуды, өзінің бизнесін бастауды  баяғыдан армандаған еді. Жыл сайын нәрестелер саны ұлғаюда, соған байланысты бала-бақшада орын жетіспейтіні ешкімге құпия емес. Мектепке дейінгі оқыту бойынша қызмет көрсету  қала нарығында өте талап етілген қызмет, сондықтан да осындай бизнес-идеяны дамыту ықылас туды.

Инна 2014 жылы «Даму» Қорында бастаушы кәсіпкерлерге арналған курстарды өтіп, кейін өзінің ЖШС «Детское дошкольное учреждение Ак Желкен» атты кәсіпорынын ашты. «Даму» Қорының менеджерлерінен толық консультация алып, кәсіпкер несиелендіру мақсатымен АТФ банкіне барған. Несиелік қаражат,атап айтқанда 20 млн. теңге,  негізгі құрал-жабдықтарға: жиһаз, техника, ас үй жабдығын алуға керек еді. Кепілдің жетіспеуіне байланысты  «Даму» Қоры  14 млн. теңге көлемінде кепілдік берді.

Директордың өзінің айтуы бойынша : «Бала-бақша орналасқан ғимарат- бұл бұрынғы бала-бақша,кейін  бұрынғы қалалық әскери коммисариат ғимараты. Ғимарат  ауыр күйде болды. Бізбен өзіміздің есебімізбен ғимаратқа  күрделі жөндеу күрделі жөндеу жүргізілді, бала-бақша толықтай қажетті жиһаз, керек-жарақпен жабдықтырылған. Біздің жоба идаралық бала-бақшалар жүйесін қалпына, жеке кәсіпкер өз есебінен бала-бақша ғимаратын жөндейтін,ал білім бөлімі балаларды  мемлекеттік тапсырыс бойынша орналастыратын жеке-мемлекеттік серіктестік нысанын пайдаланумен келтіру саясатын   жүзеге асыру мақсатымен дайындалған. Бала-бақшадағы жалпы орын саны  200 адамға дейін, бала-бақшадағы  максималды балалар саны 250ге дейін жетеді. Балалр ьоптарын жастық және білімдік нышанға байланысты құралады: бұл бөбек жасты балалар және  бала-бақша жастағы балалар. Айтылған  топтар, өз кезегінде, кезектегі адамдармен жасақталған электронды үкіметтің мемлекеттік қызмет көрсету тізімі бойынша,мемлекеттік квоталар және тікелей мемлекеттік квоталарға талаптанбайтын балалардың ата-анасымен шарттық негізіндегі  топтарға бөлінеді. Бала-бақша көрсететін қызметтер  тізіміне: балаларды оқыту, сөйлеудің қалыптастыруы, балалардың зияткерлік дамуы, қазақ тілі мен ағылшын тіліне оқыту; мектепке дайындық;   музыкалық сабақтар; спорт сабақтары; логопед; хареография; жәнеде стандарттқа сәйкес-үйлестірілген тағам тағы басқа.  Бос уақыт    дамытпалы ойындармен,  үйірмелермен,  білекті жүктемелермен (жаттығу, спорттық ойындар),  балалар мейрамын өткізумен (Күздік бал, Жаңа жыл, 8 наурыз, Балалрды қорғау күні, Туған күндер) және Ертеңгіліктермен қамтылған»

«Бізге  қолдау көрсеткені үшін «Даму» Қорына ризашылығымызды білдіреміз!»-деп бала-бақша директоры  Инна Кусакпаева өз пікірімен бөлісті.


Вниманию предпринимателей!

11 декабря 2015 года внесены изменения в Единую программу поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020», в соответствии с которыми действующие предприниматели могут получить государственную поддержку в форме субсидирования части ставки вознаграждения по кредитам банков второго уровня, 100% которых направлены на пополнение оборотных средств.

При этом субсидирование кредитов осуществляется за счет средств, выделенных из Национального фонда РК. Срок субсидирования составляет не более 18 месяцев без пролонгации срока субсидирования.

Обновленные Правила субсидирования ставки вознаграждения, с учетом внесенных изменений, размещены на сайте www.upp.kostanay.gov.kz

хат жіберу