Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106712
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама) түсіндіру мақсатымен 25.09.2017ж. – 27.09.2017ж. «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ Басқарма Төрағасы Саркулов Абай Сериковичтің және басқарушы директор – Басқарма мүшесі Куаныш Уласбеков Қостанай облысына келді.

Сапар аясында Қостанай қ., Рудный қ., Лисаковск қ., Арқалық қ., Жітіқара қ. мемлекеттік Бағдарламада қатысуға тілек білдірген кәсіпкерлерімен және кәсіпкерлік әлеуеті бар халықпен кездесулер өтті. Кездесулерде сонымен қатар Бағдарламаны түсіндіру бойынша екінші деңгейдегі банк филиалдарының (ЕДБ) өкілдері, кәсіпкерлікті басқару, жұмыспен қамту орталығы, қала әкімдіктерінің өкілдері болды.

Осындай кездесулер "Даму" Қорының қатысуымен бүкіл Республика бойынша өтіп жатыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына Қостанай облысы бойынша қаражат 740 млн. теңге мөлшерінде "Даму" Қоры АҚ "Қазақстан Халық Банк" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Сбербанк" және "Еуразиялық банк" АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, нәтижесінде кәсіпкерлер бизнеске несиенің ең жоғары сомасы сәл 18 млн. теңгеден астам, мөлшерлемесі 6% ала алады. Сондай-ақ, "Даму" Қоры несие үшін кепіл мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз кезде кепілдік береді. Олардың мөлшері: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін –несие сомасының 85% - ға дейін, жұмыс істеп тұрған – 50% - ға дейін.

«Бағдарламаны іске асыру бойынша бұл бірінші жылы, біз үшін осы кезеңде кәсіпкерлер кездесетін проблемаларды анықтау өте маңызды, Бағдарлама бойынша жақсарту үшін ұсыныстар жинау қажет. Осындай кездесулер кәсіпкерлермен кері байланыс алуға болады және қорытындылар жасауға мүмкіндік береді» - деп "Даму" Қорының Басқарма Төрағасы Абай Саркулов өз сөзінде атап өтті. - Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша жоспарында Бағдарламаға үлкен үміт жүктелген. Ал қойылған мақсаты - үлкен міндетті. Сондықтан, біздің кездесулер мақсаты жобаның шарттарын айту ғана емес, Бағдарлама бойынша қатысушылардың санын ұлғайту. Бірақ сұрақтар мен ұсыныстарды тындап алу. Бұл ең жоғары әсерге жетуге береді. Бүгінгі күні Қазақстанда бұл Бағдарлама бойынша 12 адам несие алды.

Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен кездесулер өте жемісті нәтиже көрсетті, келгендердің арасында сұрақтардың саны аз емес болды, бірақ ЕДБ өкілдері, кәсіпкерлікті басқару, жұмыспен қамту орталық өкілдерінен жауап алды.

Бағдарлама бойынша міндетті шарттар бар:

жаңа ісін бастаған кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік негіздер бойынша оқудың сертификаты бар болуы;

тәжірибелі кәсіпкерлер – несие мерзімінің аяғына дейін тұрақты жұмыс орындарын құру және сақтау;

Несиелер инвестициялау, айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына беріледі.

Сала бойынша шектеулер мен комиссиялар – жоқ.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз, мекен – жайымыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 65, 1 қабат, телефон: 8(7142)990-300, 990-305.


Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры аймақтық филиалының 2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша қызметіне қорытынды.

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры аймақтық филиалының 2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша қызметіне қорытынды жасалды.

2 тоқсанда «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша 330,9 млн.теңгеге 44 жобаға қол қойылды, кепілдендіру жобалары бойынша 424,9 млн.теңгеге 28 жоба мақұлданды және 413,4 млн. теңгеге 23 кепілдендіру Шартына қол қойылды.

Даму-Оптима бағдарламасы аясында 2017 жылдың 2 тоқсанында 33 млн. теңге сомасына тең 2 жоба бойынша кепілдендіру Шартына қол қойылды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) бизнес-жоспарларды әзірлеу, құқықтану, кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша 1 293 астам кеңес беру қызметі көрсетілді, сонымен қатар 25 кепілдендіру бойынша жоба ЕДБ мақұлдағанға дейін сүйемелденді.

Қордың облыстық филиалы қаржылық емес қолдау бойынша аймақ кәсіпкерлерінің құзырет деңгейін арттыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде – жаңа ісін ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» оқыту жобасының аясында 29 адам оқытылды.

"Назарбаев Университеті" АҚ бизнестің Жоғарғы мектебі негізінде шағын және орта бизнес басшыларының бағдарлы біліктілігін арттыру мақсатында "Шағын және орта бизнесті топ-менеджментін оқыту" Жобасы бойынша оқуға 14 кәсіпкер өтінім берді.

«Даму-Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі үш кәсіпкерге өз ісін дамытуға және ұйымдастыруға көмек көрсетілді.


«Startup «Bolashak» стартап-жобасының 30 млн теңге жүлде қорымен байқаудың екінші кезеңі басталды

«Болашак» ассоциациясы «Даму» қорымен бірге қазақстандық кәсіпкерлік талабы бар жастарды қолдау мақсатында жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бизес-жобаларды республикалық байқаудың екінші кезеңінің басталуын хабарлайды.

Байқау туралы Ережеге сәйкес, Қазақстанның 18 бен 29 жас аралығындығы барлық жастары қатыса алады.

Стартап-жоба байқауы «Болашак» ассоциациясының 3 грантын,  I  орын – 7 млн теңге, II орын – 6 млн, III - орын 5 млн теңге, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды жүзеге асыру үшін Бағдарламасын дамытуға 15 млн теңге гранты  қарастырылған.

Оған қоса қызықты идеялардың авторлары инвесторлардан инвестициялар және «Даму» қорынан қолдау алады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 23 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін жалғасады, құжаттар аймақтық «Даму» қорының барлық кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталықтарында жалғасады. Жеңімпаздардың есімдері 26 қарашада Марафонның бизнес-жобасында белгілі болады.

«Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 20 дан кем емес ең қызықты идеяларды таңдап алады, авторлары бизнес-тренигтер өтеді.

Екінші кезеңде 10 ең мықты жобалар кеңесшілер мен кәсіби менторлармен бірге бизнес-жобаны дайындауға кіріседі.

«Startup «Bolashak» байқауының өтуін республикалық телеарналардың бірінен реалити-шоу форматында көруге болады.

«Болашак» ассоциациясының Стартап-жобасы Елбасының Ұлттық «100 нақты қадам»  жоспарының іске асуына бағытталған бизнес саласындағы  жастарды қолдаудың бірден бір құралы.

Байқауды ұйымдастырушылар және серіктестері: Ассоциация «Болашак» Ассоциясы, «Даму» Қоры, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламасы.

Демеушілер:  «KazInvestBank» АҚ және  «Qazaq Banki» АҚ.

Өтінім беру және кеңес алу үшін: «Байтерек» Холдингінің кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында (бұдан әрі - КҚО), мына мекен-жай бойынша: Қостанай қ-сы Әл-Фараби даңғылы 65, 65 «Бизнес-Центр», 1 этаж,   09.00-дан 18.00 –ге дейін., анықтамалар үшін телефон: 8(7142) 990 -300.

Өтінімді толтыру үлгісі, оны толтыру тәртібін және құжаттар тізімі КҚО қызметкерлерінде. Сонымен қатар өтінім үлгісін «Болашақ» Ассоциациясының ресми сайтынан www.bolashak.kz және «Даму» Қорынан (төменде көрсетілген) жүктеп алуға болады


Даму қорының кепілдігінің көмегімен Лисаковск қаласының кәсіпкері дүкеннің бір бөлігін сатып алды

Өзінің кәсіпкерлік қызметін Гульсин Курманова 2003 жылы базарда ет сатумен бастады. 2015 жылы Гульсинде 3 сату орны болды, оның біреуі әлеуметтік дүкеннің ішінде орналасқан, мұнда әлеуметтік қажетті өнімдердің бағасы Лисаковск қаласының бекітілген бағаларынан төмен. Сонымен қатар  кәсіпкер етті көтерме түрімен сатады, қаланың көптеген  мектептері мен дүкендерін етпен қамтамасыз етеді.

Гульсин үш қыз тәрбиелеп отыр. Сауда – саттық бұл отбасында негізгі табыс, үлкен қызы бизнесте көмектеседі, ортаншысы студент, кішісі әлі мектеп оқушысы.

2015 жылы Гульсин бизнесін ұлғайтып ғимараттың бір бөлігін сатып алды, сөйтіп сонда азық – түлік және ет сататын дүкен ашты. Осы сұрақпен ол банкке барғанда, Гульсинге кепіл жетіспегендіктен,  олар Даму Қорының мемлекеттік қолдауымен демеу қаржы беру және кепілдікті қолдануға кеңес береді.

Қор жалпы несие бойынша 14 %-қ мөлшерлемені 10%-бен өзінің демеу қаржы мен кепілдігін берді. Гульсин дүкеннің бір бөлігін сәтті сатып алып,өз ойын іске асырды. Екі азық - түлік және ет сататын сауда орнын ашты. Оған қоса Гульсин қосымша бір адамды жұмысқа алды.

- Маған Даму Қоры қатты көмектесті, Қордың кепілісіз банктен несие ала алмайтын едім, әлі күнге дейін мемлекетің осындай кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламасына алғысым шексіз, болашақта, алған ғимараттың бір бөлігіне өз – өзіне қызмет көрсететін дүкен/супермаркет ашуды және дүкенге арнайы жабдықтар алуды  жоспарлап отырмын – дейді Гульсин Халеловна.



Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!

«Даму» Қоры Қостанай облысының аудандағы кісіпкерлерімен ШОБ субектілерін аймақтық қаржыландыру және басқа да кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау Бағдарламасының шарттарын түсіндіру бойынша аудандарда кездесулер өткізеді. Кездесулер екінші деңгейлі Банкдердің өкілдерінің қатысуымен жеке кеңес беру форматында  өткізіледі. Мемлекеттік қолдау бағдарламасының механизімі мен шарттары бойынша тегін кеңес алуға ниет білдірушілерді шақырамыз.

Шығу кестесі:

Наименование района (города)

Дата проведения

1

Сарыкөл ауданы

20.07.2016, 15 00

2

Аркалық каласы

20.07.2016, 11.00

3

Амангелді ауданы

21.07.2016, 16.00

4

Жангелді ауданы

21.07.2016, 10.00

5

Қостанай ауданы

22.07.2016, 11 00

6

Аулиекөл ауданы

26.07.2016, 11 00

7

Наурзум ауданы

26.07.2016, 16 00

8

Рудный қаласы

28.07.2016, 11 00

9

Қамысты ауданы

29.07.2016, 12 00

Барлық сұрақтар бойынша телефон: +7 7142 54 24 41


Даму қорынынң Қостанайдағы филиалы өзінің 2016 жылдың бірінші жартылыдық қызметінің қорытындылады

Даму қорынынң Қостанайдағы филиалы өзінің 2016 жылдың бірінші жартылыдық қызметінің қорытындылады. Жыл басынан бастап Қостанайлық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын (КҚО) 2 800 адам келді. Оларға есепке алу, заң, маркетинг  саласы бойынша кеңес берілді. Әсіресе КҚО клиенттерін  мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы қызықтырды. КҚО кеңесшілерімен жұмыс істеу барысында 14 кәсіпкер өзінің ісін дамытуға несие  алу мүмкіндігін алды және субсидиялар мен кепілдіктер арқылы мемлекеттік қолдауға ие болды.

Қаңтарынан бастап , аймақ кәсіпкерлері ДББҰ «Назарбаев Университеті» базасында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту » жобасына қатысу үшін 48 өтініш берілді, олардың 8 қазірдің өзінде мамыр айында жобаға қатысты.

«Жаңа бизнестің ашылуына қолдау» жобасы бойынша 25 жастар оқытылды  олардың бесеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

«Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы аясында алты күн бойы  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және ҚИНЭУ  47 студенттері үшін оқу өткізілді. Жас адамдар , басқару және салық салу негіздерімен танысып бизнес-жоспар құруды үйренді.

«Даму-Көмек» бағдарламасы  аясында кәсіпкерлер демеушілік бөлігі ретінде терезелер түрінде , үш тігін машиналар , бизнес үшін дәнекерлеу машиналар мен шығыс материалдарын,  мүмкіндігі шектеулі алты ағымдағы және әлеуетті кәсіпкерлерді қабылдады.

Қостанайда 31 мамырда , Даму қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған  «Бизнес даңғылы » акциясын бастады.  Қала орталығында  ол гүл аллеясына ағаш отырғызылды . Гүл отырғызуға Қордан мемлекеттік субсидия, кепілдік, жеңілдендірілген несие, консальтинг  түрінде қолдау алған  облылыс кәсіпкерлері қатысты. Әр компанияның өзінің атаулы ағашы бар.

Бірыңғай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының «БЖК - 2020» алты ай ішінде 4078 млн теңге көлемінде кәсіпкерлердің жаңа жобаларымен 52 субсидиялау келісім-шартқа қол қойылды. Қормен кепілдендіру сомасы 185,6 млн теңгені құрайтын 24 жоба мақұлдады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық әкімдік пен «Даму» қорының арасындағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру аймақтық бағдарламасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 500 млн теңге және жеңілдікті кредит беру бизнес үшін 500 млн теңге әкімдігі қорын бөлінеді. Бұл қаражат өз кезегінде екінші деңгейдегі банктерге жылына 8,5% ең жоғары ставка бойынша кәсіпкерлерге несие беруге  орналастырылады.  Осы бағдарлама шегінде  ерекше назар ауылдық жерлерде кәсіпкерлерге беріледі.  Бұл аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер үшін екі үлкен жақтары бар екенін атап өткен жөн бұл:

- төмен % деңгейінде несие алу , және екінші - олардың кепілдігін қамтамасыз етудің жетіспеушілігі жағдайында кепілдік қоры алу мүмкіндігі.


Назар аударыңыз анонс! «Даму» Қорының  Қостанайлық филиалы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» атты жобаның үшінші кезеңіне өтінім  қабылдауды бастады.

Өз бизнесіңізді ашқыңыз келеді,бірақ неден бастайтынын білмейсізбе? «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы Сізге Өз идеяңызды соңына дейін анықтап алуға және Өз бизнесіңізді іске асыруға көмектеседі.

Қатысушылар 18 жастан асқан бастаушы кәсіпкерлерлер бола алады.

Өтінімдер 3 тамызға дейін қосымша қабылданады.

Оқудың қорытындысы бойынша және кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу өту туралы сертификаттың алуы  бойынша  қатыса алады.

Толығырақ ақпарат алу мен жобаға қатысуға өтінімін ұсынуды Сізді мына мекенжайға жүгінуіңізді сұраймыз: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 65, «Бизнес-центр»- Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығы,1 қабат,09.00-18.00 уақыты аралығында, мәлімет  үшін телефон: : 8(7142) 99-03-00, 54-15-83.



Қостанай қаласының  «Бизнес аллеясы»

Бүгін Қостанай қаласында  Даму Қорымен ұйымдастырылған, «Бизнес аллеясы» акциясы басталды. Акция Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орайластырылған.  Акция мақсаты – көк көшеттер отырғызу.  242 шаршы метр алаңда  Қостанай қ. орталығында 25 шаған көшеттері отырғызылды.

Тұқым  кездейсоқ таңдалынған жоқ.  Шаған ежелден  ашық, жарқын деп аталған. Жіңішке және  нәзік болғандықтан  күн сәулесін  көре алатындай, жапырақтары арқасында ағаш ерекше әдемі. Сәуле жапырақ  арқылы өтеді, сондықтан  ағаш осындай сүйкімді атауға ие.  Шағанды қалаға   көрікті және айрықша көрік беру қажет  жерге отырғызады.  Қостанай қаласының тұрғындары, аллея маңайында серуендегенде,  оның көркемділігімен рахатқа бөлінетін болады.

Акцияға субсидиялау, кепілдендіру,  жеңілдетілген несиелеу, консалтинг түрінде  Қордан мемлекеттік қолдау алған  облыс кәсіпорындары  қатысты. Әр компания тақтайшамен бекітілген, атаулы ағашқа ие.

Аллея отырғызуына «Даму» Қорының  Қостанай облысы бойынша  филиал Директоры  Оразбаева Замира Сейткалиевна,  «Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ басқарушысының қызметін атқарушысы Горянная Роза  Балагерденовна, қатысушылар -  компания өкілдері қатысты.

Жақын жерде орналасқан тұрғын  үйлер тұрғындары  қызығушылқпен  бақылап отырды және  өз ризашылығын білдірді.

«Біздің үлгімізге қарап көбісі оны  қолдайды  және қаланы және барлық Қазақстанды көгалдандыруға қатысады деген үміттеміз» - деді, қорытындылап Замира Оразбаева.


«Даму» Қорының Қостанай филиалы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар бойынша пресс-тур  өткізді.

Бизнесті бүгінгі деңгейдегі мемлекеттік қолдау, оның үлкен  маңызы туралы және кәсіпкерлік секторды әлеуетті  ынталандыру туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұған, «Даму» Қорының Қостанай филиалы ұйымдастырған, пресс-тур аясында аймақтық және республикалық БАҚ өкілдерінің көзі жетті. Журналисттерге облыстың, түрлі қызмет аясында өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыратын,төрт кәсіпорынына баруға мүмкіндік берілді.  Онда кәсіпорындар  қандай мемлекеттік бағдарламамен қолданғанын айтты: 

Рудный қаласының «Real RD» компаниясы  бөлмеаралық есіктер мен қасбет  жасаумен айналысады. Компания «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы 2020» бойынша  3млн. теңге  мөлшеріндегі қайтарымсыз  грант арқасында жабдық сатып алды.

Қостанай ауданының, көкөніс өсірумен айналысатын «ТЭРРА» шаруа қожалығы да мемлекеттік қолдаумен пайдаланды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша компания, жылына 14% мөлшерінде, оның ішінде  «ТЭРРА» үлесіне 4% ғана түсетін, ал қалған пайыздар мемлекеттен субсидия ретінде кеткен, 136 миллион теңге  алды. Алынған несие қаражатына көкөніс қоймасы салынды және жабдықтар сатып алынды. Тағы бір несиені –жылына 16% мөлшерінде, 180 миллион теңге –ШҚ айналымдағы қаржыны толықтыруға алды.

 «Аруана 2010» ЖШС Қостанайда ұн өндірумен айналысады. Осы жылы, «Өңдеу өнеркәсібі саласында айналысатын, шағын және орташа кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы» аясында, кәсіпорынмен жеңілдікті 6% мөлшерінде жабдық сатып алуға несие алынды. 30 миллион теңге  дәнді дақылдарын өңдеу мен тазарту  желісін алуға жұмсалды. Кәсіпорын мақтанышы – ұнның ылғалдылығын бағдарламалық бақылайтын италияндық жабдық. Оның арқасында өнімнің наубайлық қасиеті бірталай жақсарады.

 «Ақ желкен» бала-бақшасының ашылу мүмкіндігі «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы арқасында жүзеге асырылды. 7 % мемлекет субсидиялайтын, ал қалған 7 % ғана бала бақша өтейтін, 20 миллион теңге несие қаражатына керекті жиһаз, техника, ойыншықтар және дидактикалық материал алынды. Бала-бақша  Мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында жұмыс істейді – әкімдік ғимаратты сенімгерлікпен басқаруды жеке тұлғаға тапсырды. Бұрын, қазір бала-бақша қызмет ететін, ғимаратта қалалық әскери коммисариат орналасқан.  Меншікті  қаражат есебіне ғимаратқа  күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күнде  9 топ әрекет етеді, оның ішіндегі 2-де оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекеме 335 орынға шамаланған, қазіргі кезде 275 бала  қабылданды.


«Даму» Қоры мен Қостанай облыстық әкімшілігі өңірдің шағын және орта кәсіпкерлік саласына 1 млрд. теңге бөледі

Аталған Меморандумға «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары барысында қол қойылды. Құжат бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қостанай облыстық әкімшілігі 500 млн. теңге,  «Даму» Қоры 500 млн. теңге бөледі. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Бағдарламаға қатысушыларға салалық шектеу қойылмайды. Несие айналымдағы қаражатты толықтыру мен құрал-жабдықтарды жаңғыртуға деп бөлініп отыр. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 80 млн. теңгеге дейін, ісін жаңа бастағандар үшін 20 млн. теңгеге дейін қарыз беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %. Негізгі құралдарды алып, жаңғырту үшін 84 айға дейін, айналымдағы қаражатты толтыру үшін 36 айға дейінгі мерзімге беріледі. Аталған бағдарламаға сәйкес, несие алған кәсіпкерлер кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана алады.

 «2016 жылы «Даму» Қоры елдің өңірлеріне арналған нысанды-мақсатты бағдарламалар аясын кеңейтпек. Біз өңірлердегі кәсіпкерлер үшін 23,6 млрд. теңге бөлмекпіз. Оның ішінде 8,7 млрд. теңге әкімшіліктердің қаржысы. Өңірдің даму бағытына қарай, ауыл мен аудандардағы жобаларға басымдық берілетін болады. Екінші деңгейлі банк филиалдарына   7-8 пайыздық мөлшерлемемен қолға тиетін несие қаражаттары салынады. Өздеріңіз байқап отырғандай, пайыздар төмендеп, қолжетімді бола түскен. Біз Қордың кірісі азаятынын түсінеміз. Алайда Қор пайданың астында қалуды емес, кәсіпкерлерге арзан, ұзақ мерзімді әрі қолжетімді несие беруді мақсат еткендіктен, осындай қадамдарға барып отырмыз.  Осының арқасында шағын бизнестің мойнындағы борышы жеңілдеп, кәсіпкерлер саны арта түспек»,- деді Меморандумға қол қойған Қор басшысы Қаныш Тулеушин.

Биылғы жылдың басынан бері «Даму» Қоры Астана қаласы әкімшілігімен 2 млрд. теңге, Алматы облысының әкімшілігімен 3 млрд. теңге, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігімен 1 млрд. теңге, Маңғыстау облысы әкімшілігімен 900 млн. теңге және Қызылорда облысы әкімшілігімен 1,5 млрд. теңгенің меморандумына қол қойған.

2009 жылдың желтоқсан айы мен 2015 жылдар аралығында Қор аймақтық қаржыландыру бағдарламаларына деп екінші деңгейлі банктерге  9,7 млрд. теңге салса, оның 4,5 млрд. теңгесі әкімшіліктердің қаражаты.


Қостанай облысында Кәсіпкерлерді қолдау мобильды орталығының шығулары жалғасуда

Құрметті , Қостанай облысының тұрғындары! «Даму» Қорының Кәсіпкерлерді қолдау Мобильді орталығы Қостанай облдысы айумағында өз жұмысын жалғастыруда. КҚМО-да жұмысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші - Юрий Эмануилиди, және де сервисті компания  өкілдері қатысады. Бизнесті тіркеу, салық салу, бухгалтерлік есеп, несиелендіру, бизнес-жобалау,  біліктілікті арттыру және оқыту, және де кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарлама   сұрақтары бойынша қызмет көрсетіледі, соның ішінде    «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес мекемелері бағдарламасы сұрақтары бойынша .

Қосымша ақпаратты Сіз «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ала аласыз. Мекен-жай: Қостанай қ. Әл-Фараби даң., 65

Байланыс телефоны:  87777920215, 87142990300.

2016 ж. мамыр айына кесте:

Аудандық орталық атауы

Жұмыс уақыты

Өткізілетін күні

Клочково  ауылы , Қамысты ауданы

10.00-13.00

03.05.2016

Фрунзе ауылы, Қамысты ауданы

14.40-18.00

03.05.2016

Алтынсарин ауылы, Қамысты ауданы

09.40-13.00

04.05.2016

Адаевка ауылы, Қамысты ауданы

14.20-18.00

04.05.2016

Докучаев ауылы, Алтынсарин ауданы

09.30-13.00

06.05.2016

И.Омаров атындағы ауылы, Алтынсарин ауданы

14.20-18.00

06.05.2016

Садчиковка ауылы, Қостанай ауданы

09.00-13.00

11.05.2016

 Садовое ауылы

14.20-18.00

11.05.2016

Чистый Чандак ауылы, Федоров ауданы

10.00-13.00

13.05.2016

Банновка ауылы Федоров ауданы

14.30-18.00

13.05.2016

Качар ауылы, Рудный қаласы

10.00-13.00, 14.00-18.00

17.05.2016

Диевка ауылы, Әулиекөл ауданы

09.50-13.00

19.05.2016

Аманқарағай ауылы, Әулиекөл ауданы

15.00-18.00

19.05.2016

Белоглиновка ауылы, Қарабалық ауданы

10.00-13.00

24.05.2016

Тоғұзақ ауылы, Қарабалық ауданы

14.30-18.00

24.05.2016

Целинный ауылы, Қарасу ауданы

10.00-13.00

26.05.2016

Челгаши ауылы, Қарасу ауданы

14.15-18.00

26.05.2016

.Харьковское ауылы Мендіқара ауданы

09.00-13.00

31.05.2016

Каменск-Уральск ауылы , Мендіқара ауданы

14.15-18.00

31.05.2016



«Даму» Қорының Қостанай Филиалы «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасының 2 кезеңіне өтінім жинау басталғанын хабарлайды. Жоба студенттік жастардың кәсіпкерлік потенциалын ашуға көзделген.

Жоба тегін 6 күнді,келесі тақырыптағы оқуды ұйғарады: кәсіпкерлікке кіріспе,кәсіпкерліктің психологиясы, кәсіпкерліктің заңдық, қаржы аспекттері, менеджмент, маркетинг, бизнес-жобалау және тағы басқа. Оқу курсын өткеннен кейін, тыңдаушылар «Тәлімгерлік» компонентіне қатысуға және де алдағы тәжірибелік оқытылуды өтуге өтінім бере алады.

Жобаға қатысуға өтінім берген, 18-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жоғарғы және орташа арнаулы оқу орындарының студенттері жобаның қатысушысы бола алады және оқу өте алады.

Орын саны шектеулі. Қатысуға асығыңыз!

Толығырақ ақпарат алу мен жобаға қатысуға өтінімін ұсынуды Сізді мына мекенжайға жүгінуіңізді сұраймыз: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 65, «Бизнес-центр»- Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығы,1 қабат,09.00-18.00 уақыты аралығында, мәлімет  үшін телефон: : 8(7142) 99-03-00, 54-15-83.


Назар аударыңыз анонс! «Даму» Қорының  Қостанайлық филиалы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» атты жобаның екінші кезеңіне өтінім  қабылдауды жалғастыруда. Өз бизнесіңізді ашқыңыз келеді,бірақ неден бастайтынын білмейсізбе? «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы Сізге Өз идеяңызды соңына дейін анықтап алуға және Өз бизнесіңізді іске асыруға көмектеседі.

Қатысушылар 18 жастан асқан бастаушы кәсіпкерлерлер бола алады. Өтінімдер 4 мамырға дейін қосымша қабылданады.

Оқудың қорытындысы бойынша және кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу өту туралы сертификаттың алуы  бойынша, қатысушылар Стартап-жобалар конкурсында   дайын бизнес-жобаларымен  қатыса алады.

Максималды балл жинаған Стартап-жоба Конкурс жеңімпазы болады. Жеңімпаз  өз  бизнес   құру және кәсіпкерлік қызметтің тиімді ұйымдастыруы білімі мен   әдетін жоғарлатуға бағытталған тәжірибелік  сабақтарымен онлайн/оффлайн оқу өтеді. Орын саны шектеулі. Қатысуға асығыңыз!

Толығырақ ақпарат алу мен жобаға қатысуға өтінімін ұсынуды Сізді мына мекенжайға жүгінуіңізді сұраймыз: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 65, «Бизнес-центр»- Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығы,1 қабат,09.00-18.00 уақыты аралығында, мәлімет  үшін телефон: : 8(7142) 99-03-00, 54-15-83.


2012 жылдың жазында «Даму» Қорының өкілдігінің кеңсесіне консультация мен кеңес үшін  Ерлан атты жас жігіт келді. Ерланның идеясы баспахана үшін,кеңсе тауарларын өткізу, кітап шығару,тіпті  газет шығару үшін несие алу еді. Қысқасы ол бәрін де дәл қазір алғысы келді. Ерланды идеясын нақты тұжырымдауға көмектесіп, кәсіпорынды қалай тіркеу керектігін  түсіндірген, «Бизнес-Кеңесші» курстарына жазды.   Кейін Ерлан «Бизнес-Кеңесші-2» атты  әрекеттегі кәсіпкерлер курстарын өтті.

2013 жылы Ерлан «Моноқала 2020» атты бағдарлама аясында грант алу конкурсына қатысуды ұйғарды. Қор бизнес-жоба жазуға көмектесті. Нәтижесінде Ерлан баспаханаға арналған жабдықтар алуға 3 млн. теңге көлемінде грант алды. Өзінің полиграфиялық және баспаханалық қызмет көрсететін кішігірім бизнесін ашты. Содан  ашық хаттар, билбордтар,  визиткалар, мадақтамалар күнтізбелерге тапсрыстар түсе бастады.

 2014 жылы Ерлан  Астанада «БЖК 2020» бағдарламасы аясында «Шағын және орта бизнестің топ-менеджерлер» атты үшкүндік оқу өтті. Курстардан кейін Ерлан - ары қарай  жылжу және ұлғаю керек деген шешім қабылдады.

2015 жылы Халық Банкіге барып, Ерлан Даму Қорының жобаның  соммасынан 85% дейін кепілдігімен 3 150 000 теңге көлемінде  несие алды. Бизнестің ұлғаюына арналған   жабдықтар сатып алды. Енді  ЖК Нұрғали Ерлан Әбенұлы  үлкен баннерлер мен блокноттар,стендтер, журналдар жасай алады. 

«ЖОО-нын бітіргеннен кейін  мен программист болып жұмыс істедім,бірақ әрқашанда өз бизнесімді ашқым келетін. Егерде  мені оқытқан және тренингтар, гранттардан Қордың кепілі бойынша несиеге дейін  сауатты жетектеген, «Даму» Қоры болмаса,мен қазір өзімнің сүйікті ісіммен айналыспайтын едім! Бірте-бірте мен өз мақсатыма жүре бердім. Бірақ қазіргі жетістігімде тоқтамаймын. Сондықтанда сүйікті «Даму» Қорымен айырылыспаңыздар!»-дейді Ерлан.


 «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша  аймақтық филиалы   «Аймақтық Фондтың қызметінің  2015 жылға қорытындысы» тақырыбы бойынша пресс-конференция өткізді.

10 наурызда «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша  аймақтық филиалы   «Аймақтық Фондтың қызметінің  2015 жылға қорытындысы» тақырыбы бойынша пресс-конференция өткізді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың  бірыңғай бағдарламасының  іске асырудың нәтижелері  туралы жергілікті БАҚ  журналисттарына филиал директоры З.С. Оразбаева  мәлімдеді. Және де пресс-конференцияға құзыретті көтеру  бағдарламасы бойынша бас менеджер Елена Оганова және  субсидиялау және кепілдендіру  менеджері Салтанат Манасбаева қатысты. 

2015жылы Қостанай облысында  жалпы соммасында 8,5 млрд теңге болатын  110 субсидиялау шартына қол қойылған. 2014 жылмен салыстырғанда жобалар саны 17%- ға, ал жобалар соммасы 14%-ға өсті. 

 Сала кесігіндегі жоба құрылымында: өңдеу өнеркәсібі -25% , транспорт және қаттау -23% ,  көтерме және жекелеген сауда -19% , қалған салалар - 33%  құрайды.

429млн.теңге соммасындағы  барлығы 68  кепілдендіру шарттарына қол қойылған. 2014 жылмен салыстырғанда  жобалар саны 45%-ға көбейген, гкепілдендіру соммасы 14% -ға көбейген. Сала кесігіндегі жоба құрылымында: көтерме және жекелеген сауда -37%, транспорт және қаттау -21%  өңдеу өнеркәсібі -16% , транспорт және қаттау -23% ,  көтерме және жекелеген сауда -19% , қалған салалар - 26%  құрайды.

Субсидиялау  және кепілдендіру жобалары бойынша Банктер арасында көшбасшы : Қазақстан Халық Банкі -жалпы жобалар санынынан 35,9%; Банк Центр Кредит -24,235,9%, Сбербанк – 9,5 %.

Субсидиялау бойынша  жобалардың үлестірілуі  аудандар мен облыс қалалары кескінінде  мынадай түрде: Қостанай қ. – 34,6 %; моноқала – 41,8%, соның ішінде: Рудный қ. - 19%, Лисаковск қ.– 11 % , Арқалық қ. 7,3%, Жетіқара қ. -  4,5%; ауылды жерлер – 23,6 %.

Кепілдендіру  бойынша  жобалардың үлестірілуі  аудандар мен облыс қалалары кескінінде  мынадай түрде: Қостанай қ. – 26,4 %; моноқала – 36,8%, соның ішінде: Рудный қ. – 7,4%, Лисаковск қ.– 10,3 % , Арқалық қ. 14,7%, Жетіқара қ. -  4,4%; ауылды жерлер – 36,8 %.

 Қостанай қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету  орталығында   2015 жылда  6 113 адам консультация алған, оларға 8 198  қызмет көрсетілген, олардың ішінде 31%- 29 жастан аспаған  тұлғалар. Бұл өте жақсы тренд, себебі Қазақстан ШОБ болашағы – бұл жастар мен студенттік жастар.

МКӨКО 2015 жылы облыс аймақтарының барлық  ауылды жерлеріне  700  қызмет көрсетілген 82 шығулар жасаған.

«Іскерлік байланыстар» жоба аясында  1кезеңде 46 ЖКС, 2 кезеңде Германияда  тағылымдама Қостанайдың , Рудныйдың және Жетіқараның 5 ЖКС өткен.

 «Шағын және орташа кәсіпкерліктің топ менеджментін оқу»жобасы бойынша 22 кәсіпкер оқытылды.

Стартап-жобалапды қолдау жобасы аясында облыстың 22 стартаперы оқытылды.  Бір қатысушы дербес демеушілерден  өз ісінің дамытуына 700 000 теңге көлемінде  грант алды.

«Аға сеньорлар» жобасы бойынша шетел сарапшыларынан  сарапты көмекті  Қостанай және Рудный қаласының 2 компаниясы алды. 

 200 000 теңге соммасына мүмкіндіктері шектеулі 10 кәсіпкерге «Даму-Көмек» жобасы бойынша  демеулік көмек көрсетілді.

Казкоммерцбанк  қайырылымдылық қорымен бірге «Жұлдыздарға қара» бағдарламасы аясында 1 164 180 теңге соммасына мүмкіндіктері шектеулі 5  кәсіпкерге демеулік көмек көрсетілді.(Федоров ауданынан-3 кәсіпкер  , Арқалық қаласынан-1 кәсіпкер, Қостанай қаласынан -1кәсіпкер).

Және де пресс-конференцияда Аумақтық филиалдың 2016 жылға деген жұмыс жоспары айтылды, филиал директоры келесіні айқындады: Барлығы Қостанай облысына  субсидиялауға -1 млрд. 725 млн теңге, кепілдендіруге - 100 млн.теңге  бөлінген.  Және де  қосымша 312,5 млн. теңге  субсидиялауға және 125 млн.теңге кепілдендіруге бөлу күтілуде.  Субсидиялау бойынша 94 шарттан кем емес қол қою мен 100% меңгеру жоспарлануда.

2016 жылы оқу бойынша Даму Қоры ісі жаңа бастаған кәсіпкерлер мен әрекет етуші кәсіпкерлерге арналған жаңа Бағдарламмалар еңгізу жоспарда. 


«Даму» Қорының Қостанай филиалы «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» атты  жобаға сұраным қабылдануы туралы хабарлайды.

Жоба мақсаты: Жаңа бизнесті ашу

Жоба міндеттері:

Ø Кәсіпкерлік істі ашу және дамытуды қолдау;

Ø Стартап жобаларының қаржыландыру көздеріне қолжетімділігі;

Ø Стартап жобаларының артуы;

Ø Тәлімгерлік институтын енгізу.

Мақсаттық топ: перспективалық бизнес-бастамалары бар 18 жастан жоғары Қазақстан Республикасының азаматтары

Жоба кезеңдері:

Ø Жобаға қатысушыларды перспективалық бизнес-бастамалары болуына қарай іріктеу;

Ø Жобаға қатысушыларды оқыту;

Ø Қордың КҚО базасында кеңестік/практикалық көмек көрсету;

Ø бизнес-жоспарлар байқауы;

Ø практикалық тапсырмалар арқылы онлайн оқыту;

Ø тәжірибелі кәсіпкерлердің тәлімгерлігі.

 Сұранымдарды қабылдау :  2016 жыл сәуірдің 15-не дейін

Орындар саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!

Нақтырақ ақпаратты алу және жобаға қатысуға тапсырыс беру үшін мына мекен жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 65, «Бизнес-Орталық» - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы, 1-қабат, 09.00-ден 18.00 дейін, анықтама  телефондары: 8(7142) 99-03-00, 54-15-83


Қостанайда Кәсіпкердерге ұтқыр қызмет көрсету орталығында Ашық есіктер күні өтеді

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ағымдағы жылдың 11 наурыз Ашық есіктер күні өткізеді.

Акцияны өткізу барысында  әрбір келген адамдар (потенциалды, бастаушы, жұмыс істейтін кәсіпкерлер) үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы және қаржы емес қолдау құралдарын алу мүмкіндігі туралы, Кәсіпке